Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау



бет6/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Ауески ауруы - (Morbus Aujeszky). Ауески ауруы (жалған құтырық), көпшiлiгiнде шошқа мен iрi қара мал, сиректеу қой мен ешкi, жылқы, құсты зақымдайтын жұқпалы дерт. Бұнымен ит, мысық, егеуқұйрық, көптеген жабайы хайуандар да ауырады. Адамның да ауруға шалдығуы ықтимал. Ауырған малдың өкпесi қабынады, орталық жүйке жүйесi зақымданады, денесiнiң ыстығы көтерiледi. Шошқа, қаракүзен және иттен басқа ауру малдың денесiнiң вирус енген жерi қатты қышиды, қасыған жерлерiнде жара пайда болады. Қоздырушысы - құрамында ДНК бар герпес вирусы. Оны сойылған малдың терiсi, органдары, қаны, миы, етi, жiлiк майынан табуға болады. Вирус малдың қиында 8-15 тәулiк, шөп пен сабанда 40 тәулiк, тышқан өлексесiнде 75 тәулiк сақталады. 60С ыстықтықта 40 минут, 70С -10 мин, 80С-3 мин, 100С -лезде өледi. Ал 15-20С мұздатқанда 160 тәулiкке дейiн өлмейдi. Тұздың қою ерiтiндiсiнде 8С жылылықта 3 айға дейiн сақталады.

Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тынышсызданады, алға ұмтылады, басы желкесiне қарай қайырылып кетедi, бас, мойын, жота еттерi дiрiлдейдi, жабырқанады, тынысы тарылады, түшкiредi, аузынан сiлекей шұбырады, тәлтiректейдi. Iрi қара малдың дене қызуы алғашқы кезеңде 41С дейiн көтерiледi. Ауру торайлар қораның қабырғасын жағалап жүгiре бередi, бiр-бiрiне соғылып құлайды, денесiне тиген механикалық әсерден шыңғырады. Құлаған торай бiр бүйiрiне жатқан қалпында аяқтары дiрiлдеп, тарпына бередi, басы қақшаңдайды.

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Шошқаның жұтқыншағында қан толып қызарған уытты жарасы бар, шырышты қабықтарының үстiнде дифтериялық жара болады, көмекей безiнде (миндалина) некроз ошақтары (әсiресе ересек шошқада) кездеседі. Сiрiндi - геморрагиялық ринит, гайморит байқалады. Өкпесi, көмекейi, жұтқыншағы iседi, аш iшек пен тоқ iшектiң қан тамырлары қанға толы. Көк бауыры мен бауыры өзгермейдi. Ұшаның алдыңғы жартысының (бас, мойын және өкпе) лимфа түйiндерi қанға толы, шырышты келедi. Iрi қара мал мен қойдың ауруына тән белгiлерi ол қышыған жердi қасығаннан пайда болған терi үстiндегi жаралар. Кейiн өкпесi iседi, ұлтабар, аш iшек және бүйен iшектердiң шырышты қабықтарының үстiнде қан құйылғаны байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет