Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау

бет15/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Өкпе және ұшаның алдыңғы бөлiгiнiң лимфа түйiндерi үлкейген, iшiнде сүзбе тәрiздес түйiндер немесе қабат-қабат құрылымды ошақтар кездеседi. Аурудың бастапқы кезеңiнде ондай ошақ жасыл-сары түстi жабысқақ iрiңге толы болады. Ауру созылмалы түрiне айналғанда iрiң қатайып нығыздалады. Өкпесiнен сұр немесе жасыл-сұр түстi түйiндердi немесе көлемдi сүзбе тәрiздi жасыл түстi ошақты кездестiруге болады. Осындай өзгерiстер бауыр, көк бауыр, бүйректерi мен еттерiнде де кездеседi. Псевдотуберкулездi туберкулез, стрептококкоз, лейкоз, туляремия, листериоз және пастереллезден ажырату қажет.

Санитариялық бағалау. Лимфа түйiндерi көп жерден жарақатталған және бұлшық ет жарақатталған жағдайда, сондай-ақ арық болған жағдайда, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратады. Арық және көптеген лимфа түйiндерi зақымданған немесе псевдотуберкулез үдерісі етiнен табылған ұша мен органдарды техникалық қайта өңдеуге жiбередi. Егер де ұшасының қоңы дұрыс болып тек қана iшкi органдары зақымданса, оларды утильге жiберiп, ұшасы мен зақымданбаған органдарды тежеусiз шығарады.

Шошқа тұмауы - (Jrippus suum, грипп свиней). Бұл ауруды шошқаның инфлюэнцасы немесе энзоотиялық бронхопневмония деп те атйды. Бұл жанасу арқылы жұғатын, жiтi өтетін, жұқпалы ауру. Ауруға үй шошқасы мен жабайы шошқалар, жылдың салқын мерзiмiнде шалдығады. Шошқа тұмауымен адам да ауырады немесе адам тұмауының вирусымен шошқа зақымданады. Аурудың қоздырушысы РНК-сы бар ортомиксовирус туыстығына жатады. Бұл вирусқа гемофил бактериялары (B.haemoophilus influenze suis) қосылып ауруды тым асқындырып жiберуi де ықтимал. Үй температурасы жағдайында вирус бiрнеше ай бойы сақталады, ал 60-65С қыздырғанда 20 мин кейiн өледi, кептiргенде 54 тәулік бойы тіршілігін сақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет