Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау



бет16/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал арықтайды, азық жемейдi, дене қызуы 40-41С дейiн көтерiледi, танауынан шырыш немесе iрiңдi шырыш ағады, түшкiредi, жөтеледi, пысылдап тынысы тарылады. Ауру шошқалар қозғалысы келмей төсенiштiң астына кiрiп жатып алады, төңiрегiне алаңдамайды. Көбiнесе алдыңғы аяқтарын созып, төсiне жатады. Еттерi мен сирақ буындары зақымданады.

  • Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал арықтайды, азық жемейдi, дене қызуы 40-41С дейiн көтерiледi, танауынан шырыш немесе iрiңдi шырыш ағады, түшкiредi, жөтеледi, пысылдап тынысы тарылады. Ауру шошқалар қозғалысы келмей төсенiштiң астына кiрiп жатып алады, төңiрегiне алаңдамайды. Көбiнесе алдыңғы аяқтарын созып, төсiне жатады. Еттерi мен сирақ буындары зақымданады.
  • Сойғаннан кейiнгi диагностика. Жұтқыншақ, көмей, кеңiрдек кiлегейлi қабықтары қабынып, беттерiн жабысқақ көбiктi, кейде қан араласқан шырыш басады. Өкпесiнiң (әсiресе жүрек жақ басы мен қосалқы бөлігі) зақымданған жерлерiнiң түсi қошқыл қара-қызылданады. Бронхалық және көкiрек қуысы аралығындағы лимфа түйiндерi ұлғаяды, шырыштанады, сұр-қызыл түстi, кейде қанталаған. Көк бауыры көпшiлiк жағдайда ұлғайған. Аурудың жiтi түрiнде фибринозды плеврит, перикардит, өкпеде iрiңдеген жара (абсцесс) көруге болады. Буындарында, бауыры, бүйректерi, көкбауыр және лимфа түйiндерiнде iрiңдi фокустер байқалады.
  • Санитариялық бағалау. Ауруының клиникалық белгiсi болса етте өзгерiстер табылса және ұша қоңдылығы төмен жағдайда ұшасы мен органдарын техникалық утильге жiбередi. Еттерiнде патологиялық өзгерiстер болмаса, бактериологиялық тексеру жүргiзедi. Сальмонелла мен шартты патогендi микробтарды тапса, еттi қайнату арқылы зарарсыздандырады немесе ет нанын (мясной хлеб), ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Органдарын утильдейдi. Ал ондай микробтар табылмаған жағдайда, етi, шпигi және зақымданбаған органдарынан пiсiрiлген немесе пiсiрiп-ысталған шұжық дайындайды немесе пiсiредi. Зақымданған органдарын, қан, iшектерiн утильдейді. Терiсiн 5% кальциленген содасы бар 20С жылылықтағы тұздың қаныққан ерiтiндiсiнде зарарсыздандырады.
  • Жылқының індеттi қан аздық - (Eguine infections, Anemia eguorum, инфекционная анемия лошадей). Дене қызуының мезгiл-мезгiл көтерiлiп, эритроциттер саны, гемоглобин пайызы кемiп, жүрек-тамыр жүйесiнiң жұмысы бұзылатын тақ тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр) ауруы. Қоздырушысы РНК-бар Retroviridae туыстығына жататын, жоғары температураға төзiмсiз вирус. Қайнатқанда 1 мин, тiкелей түскен күн сәулесi 1-3 сағатта өлтiредi, ал, 10-15С температурада 120 тәулік, ал 18-20С суықтықта 98 тәулік, ағын суда 219 тәулік, несеп пен қида 3 ай, кепкен қанда 9 ай өмiр сүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет