Сояр алдындағы диагностика. Диагноз қою біршама қиын. Денесiнiң қызуы көтерiлiп күйзеледi. Аурудың барлық түрлерінде да (жiтi, жiтiлеу, созылмалы) көз қабығының кiлегей қабығы қанталайды, сарғыш түстi немесе бозғылт, iсiнген. Тынысы тарылады, жүрек соғысы жиiлейдi, жүргенде тәлтiректейдi. Сояр алдындағы диагностика. Диагноз қою біршама қиын. Денесiнiң қызуы көтерiлiп күйзеледi. Аурудың барлық түрлерінде да (жiтi, жiтiлеу, созылмалы) көз қабығының кiлегей қабығы қанталайды, сарғыш түстi немесе бозғылт, iсiнген. Тынысы тарылады, жүрек соғысы жиiлейдi, жүргенде тәлтiректейдi. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Сiрi қабықтары мен кiлегей қабықтарында, ұлпалы органдарда (көк бауыр, бауыр, өкпе, лимфа түйiндерi) қаңталауы байқалады. Жүрек еттерi де қаңталап босайды. Көз, ауыз, танаудың кiлегей қабықтары, терi асты шелi бозарады кейде сарғыш тартады. Лимфа түйiндерi әсiресе бауыр мен көк бауырдыкі iсiнiп, ұлғайып, қан толып қызарады, бауыр мен жүрегi ұлғайған. Санитариялық бағалау. Ауру малдың ұшасы мен басқа да сойыс өнiмдерiн утильге жiбередi, ал аурудың клиникалық белгiсi бiлiнбеген, серологиялық тексеру бойынша оң немесе 2 рет күдiктi қорытынды берген малдың ұшасын қайнатып пiсiргеннен кейiн пайдаланады немесе ет нанын, ет консервiсiн дайындауға жiбередi. Басын, сүйектерi мен органдарын утильге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды. Түйе обасы - (Pestis Camelorum, чума верблюдов). Негiзiнен бұл аурумен түйе және адам ауырады, кейде ауруға есек, шошқа, қой, ешкi, мысық та шалдығады. Бұл адам үшiн өте қауiптi ауру. Аурудың табиғаттағы көзi (резервуарлары) кемiргiштер, атап айтқанда егерқұйрық, сарышұнақ, зорман, тышқан және басқа (300 ден артық түрлерi). Қоздырушысының қасиетi кемiргiштердiң жалған тубереулезiнiң (Jersinia pseudotyberculosis) қоздырушысына ұқсас. Ол қысқа, екi басы жұмырланған, сопақша, граммен боялмайтын таяқша. Қайнатқанда 1 мин, 60С ыстықтықта 1 сағатта өледi. Төменгi температураға бiркелкi шыдамды, 0С 6 айдан артық, мұздатқышта -18 ай, тұздаған етте -120 тәулiк, топырақта 7 айға дейiн сақталады. Аурудың қоздырушысы ауру түйенiң мұрнынан аққан зат, қаны, сүтi, несебi т.б. экскременттерiмен бөлiнедi. Ауру түйенiң етiнде де қоздырушысы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |