Дәріс тақырыбы: ЖҰҚпалы аурумен ауырған жануарлар ұшасы мен мүшелерін ветеринарлық-санитариялық сараптау



бет18/20
Дата07.10.2024
өлшемі98,65 Kb.
#147057
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қауіпсіздік және СБ ВМ №6 жұқпалы

Сояр алдындағы диагностика. Ауру түйенiң дене қызуы 41,5С дейiн көтерiлiп, лимфа түйiндерi ұлғаяды, оны қолмен сипағанда түйе ауырсынады. Ауру мал отынан қалады, күйiс қайырмайды. Тамыр соғуы жиiленедi, жүректiң соғу ырғағы бұзылады. Аурудың жiтi түрiнде түйе 2-8 тәулiк iшiнде өледi, ал созылмалы түрiнде жағдайы бiрте-бiрте жақсара бередi.

Сояр алдындағы диагностика. Ауру түйенiң дене қызуы 41,5С дейiн көтерiлiп, лимфа түйiндерi ұлғаяды, оны қолмен сипағанда түйе ауырсынады. Ауру мал отынан қалады, күйiс қайырмайды. Тамыр соғуы жиiленедi, жүректiң соғу ырғағы бұзылады. Аурудың жiтi түрiнде түйе 2-8 тәулiк iшiнде өледi, ал созылмалы түрiнде жағдайы бiрте-бiрте жақсара бередi.

Сойғаннан кейiнгi диагностика. Органдарыры мен ұлпалары қанталаған. Лимфа түйiндерi қанталаған, үлкейген, iшiнде iрiңдi ошақтар кездеседi. Өкпесi қабынған. Ауруды мiндеттi түрде бактериологиялық тексерумен анықтайды. Ол үшiн өкпе, көк бауыр, бауыр кесiндiлерiн және лимфа түйiндерiн тексередi.

Санитариялық бағалау. Түйе обасы анықталғаннан кейiн түйе ұшасын және басқа өнiмдердi (оның ішінде терiсiн) жояды.

Басқа жануарларды сойғаннан кейін алынған, ауру жануардың немесе онымен қатар болған жануардың сойылған өнімдерімен араласып кеткен белгісіз өнімдердің бәрі (аяқ, желiн, құлақ, қан және басқалары) жойылады.

Ауру және ауруға күдiктi түйенi оқшаулайды да бауыздамай өлтiредi. Өлексесiн терiсiмен бiрге өртейдi. Қора-жайды, оның айналасын лизол немесе фенолдың 5% ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды.

Мелиойдоз - (жалған маңқа - Melidosis). Қағынды тиiп iшкi органдарында iрiңдi жара (абсцесс) тудыратын малдың жұқпалы ауруы. Мелиойдозбен iрi қара, ешкi, шошқа, жылқы, қоян, сондай-ақ адам да ауырады. Табиғатта егеуқұйрық, тышқандарда сақталады. Қоздырушысы - Pseudomonas pseudomallei, қозғалатын, граммен боялмайтын, екi ұшы жұмыр, ұзындығы 2-6 мкм, енi-0,5 мкм жiңiшке таяқша, капсуласы жоқ, спора түзбейдi. Морфологиялық, культуралдық және антигендiк қасиеттерi жөнiнен маңқаның қоздырушысына ұқсас. 60С ыстық 10 мин өлтiрсе, қайнатқанда лезде өледі, суықта 2-3 апта, бөлме температурасында-2-3 ай, етте 17 тәулiк өмiр сүредi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет