Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Дәріс тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау



бет12/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

Дәріс тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі, тіл мен ойлау


Тілдің табиғаты.
Тілдің табиғаты деген нәрсе - тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франц Бопп: Тіл - биологиялық кұбылыс, оны құдай жаратқан, - деп есептеді. Бұл пікірді А. Шлейхер де қолдады. Ол: «Тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі», - дейді.
Бұлай болған күнде тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыруы керек еді. Әрине, бұл пікір дұрыс емес. Тіл - атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе. Олай болатын себебі - жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-анасының тілінен басқа орта болса, ол осы ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Оған өмірде мысалдар толып жатыр. Бұл - тілдің биологиялық құбылыс емес екендігін дәлелдейді.
Екінші бір топ ғалымдар (Г. Штейнталь, А. Потебня) тілді психологиялық құбылыс деп біледі. Бұл пікір «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады», деген түсініктен туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да қате пікір, егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке-жеке өз тілі болған болар еді де, біртұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Өмірде олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалынады, қауымда ғана дамиды.
Ендеше, адамзат тілі - биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісу үшін керек, сол үшін жаралған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір-бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған болса, тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз - тіл, тілсіз - қоғам болмайды.
Тілдің қоғамдық қызметі.
Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сияқты күрделі ұғымдарды қамтиды. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің эмоционалдық қызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Басқа зерттеушілер тек негізділерін бөліп, қалғандарын солардың түрі ретінде есептеп, функциялардың санын азайтуды жөн көрді. Мәселен, белгілі психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді. Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды). Сөйтіп, лингвистердің көпшілігінің пікірінше, коммуникативтік, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы.
Когнитивтік ғылым – адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің, пайымдау нәтижесінде белгілі 6ip жүйеге келтіріліп, біздің санамызда белгілі бip жүйеге түcipіліп жазылып ділдік, яғни танымдық үдерістердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Көбінесе танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бip өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасы қолданылады. Тіл білімі ғылымынындағы семиотиканың бір саласы болып табылатын прагматика таңба және интерпретатор арасындағы қатынасты қарастырады, яғни сөйлеуші-субьект, адресат және олардың сөйлеу актісі процесіндегі тілдік әрекетіне байланысты мәселелерді зерттейді, бұл орайда «прагматиканы тілдік бірліктерді адамға ықпал етуші таңба ретінде қарастыратын тіл білімінің саласы деп тануға болады. Прагматика тілдік таңбаның қарым-қатынастық жағдайындағы қолданысын қарастырады. Тіл, сөйлеу – субьектінің жеке әлеуметтік мақсаттарына жетудегі құралы. Яғни прагматика әрекет үстіндегі, адамдар арасындағы қолданыстағы тілдік заңдылықтарды зерттейді. Қазақ халқы сөз арқылы ықпал етуге, мақсатына жетуге, сөйлеу өнеріне ерекше көңіл бөлген. Ал прагматикалық бағыт тілдің коммуникативтік қызметін, сөздің қолданыс үстінде жаңа мәнге ие болуының табиғатын түсінумен байланысты қалыптасты. Тіл бірліктері хабарды жеткізуші құралдар қызметін атқарып қана қоймай, тыңдаушыны әрекетке итеруші құралдар ретінде де жұмсалады: Мына баланы көрдің бе? (сәлемдесуге, балаға мән беруге, онымен сөйлесуге итеру). Кісі келгенін көрмедіңдер ме? (әрекетке итеру). Көп сөзді қайтесің, тездет!
Сонымен тілдің ең басты қасиеті - қатынас құралы болу қызметі. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялық), сондай-ақ денотация (номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады.
Тілдің екінші ең басты қызметі - когнитивтік, танымдық, гносеологиялық, экспрессивті-эмоционалдық қызмет. Тілдің экспрессивті-эмоционалдық қызметі деп - адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік (субъективті) қатынасын, эмоциясын, яғни не жақсы көру, не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы: алақай, масқара, қап, айналайын т.б. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады.
Тілдің келесі қызметі - ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың кұралы. Адамның ойы тіл (сөйлемдер) арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
Тілдің бұл екі қызметтерінен басқа, тағы бір қызметі бар. Ол - оның атауыштық (номинативтік) қызметі. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі - белгілі бір заттың, ұғымның, қимылдың, сынның аты, атауы болып табылады.
Тіл - халықтың тарихы, оның күллі өмірінің ізі. Тілден сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы сезіліп тұрады.
Тіл - талай заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді. Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға да, социалистік қоғамға да қызмет етті. Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызмет етіп отыр.
Тіл белгілі бір топтың, айталық, не байдың, не кедейдің мұқтажын өтеу үшін емес, қоғамдағы барлық таптар үшін қызмет атқарады. Олай болса, тіл таптық сипатқа емес, жалпы халықтық сипатқа ие болады. Бұл - оның ең басты ерекшелігі.
Тіл қызметін анықтауға қызығушылық XX ғасырда белең алды. Қазіргі кездегі тіл әрекеті аясының кеңеюімен тіл қызметі мәселесі ауызша сөйлеу тілі, функционалдық стильдер, мәтін лингвистикасы сияқты жаңа ағымдар аймағында терең зерттеулерге бет алды. Ғалымдар алдында тілдің қандай жүйелері мен құрылымдары оның әртүрлі қызметтерінде қалай және қандай деңгейлерде қолданыста болатындығын анықтау міндеті тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет