Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика (



бет3/72
Дата12.05.2023
өлшемі225,46 Kb.
#92148
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
лекция ТБК 1 семестр

Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика (грекше «халық, тайпа») – тілдің халық, ұлт мәдениетіне қатысын зерттейді, пайда болуына 19 ғасырда Солтүстік, Орталық Америка жеріндегі үндіс тайпаларының тілін зерттеу ықпал еткен.
Социологиялық бағыт тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым-қатынас құралы деп қарастырады, 19-20 ғасыр аралығында пайда болған.
Эстетикалық бағыт – тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттейді, 20 ғасырдың басында батыс Европада пайда болған.
Дескриптивтік тіл білімі – америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50 жылдарында пайда болған. Оның мақсаты – тілдің лексикалық, грамматикалық мағыналары туралы мәліметтерді пайдаланбай-ақ, тіл элементтерінің өз айналасында болатын өзгерістерді зерттеу арқылы сөйлеу процестерін сипаттау. Бұл – диструбиция әдісін қолдану арқылы тілді формалды түрде зерттейтіндіктен, диструбициялық тіл білімі деп те аталады.
Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму зандарын айқындайды; дүние жүзіндегі тілдерге классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тіл білімінің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі - жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны.
Болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс кұбылыстары болса, екінші тобы - қоғамдық (әлеуметтік) құбылыстар. Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика т.б.) зерттесе, қоғамдық құбылыстарды – қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар (тарих, философия, психология, логика, саяси экономика, заң, тіл, әдебиет т.б. ғылымдар) зерттейді. Осыған орай, ғылым атаулы екі топка бөлінеді: оның бірі - жаратылыстану ғылымдары, екіншісі – қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар.
Тіл білімі - ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады.
Тіл білімі де көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қарым-қатынаста дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдармен тығыз байланыста. Себебі: тіл - қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс. Ол қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қызмет атқарады.
Қорыта келгенде, тіл білімі - дербес ғылым. Ол әртүрлі қоғамдық (әлеуметтік) және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет