Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет4/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223

Э.А.Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент- бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принциптері мен қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Басқаруды осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:
1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкіметқызметіне қолданылғанымен Петерсонмен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп көрсетеді: менеджменттегі мұндай ерекшеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы аталған менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.
Гальвенияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды қолдану.
Көрнекті америка экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұны өзгеруімен байланысты фактілерді жан-жақты зерттеуімен кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер Батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы – бұл басшылық.
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет