Дәріс тезистері 1-дәріс. Атомның ядролық моделі


 Рентгендік жұтылу спектрінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет47/50
Дата10.12.2023
өлшемі5,99 Mb.
#136833
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ДӘРІСтер АЯжҚД физикасы

15.4. Рентгендік жұтылу спектрінің ерекшеліктері
Рентгендік сызықтық спектр мен оптикалық сызықтық спектр арасындағы
түбірлі айырмашылықтың бірі мынау: оптикалық жұтылу спектрлері тиісті
элементтердің бас сериясының шығару сызықтарымен дәл келетін жеке
сызықтардан тұрады. Рентгендік жұтылу спектрі рентгендік шығару спектріне
ұқсамайды: бұлар ұзын толқынды айқын шеті бар бірнеше жолақтан тұрады (15.4-
сурет).
Рентген сәулесі зат арқылы өткенде оның

жұтылу коэффициенті толқын
ұзындығының өсуімен жалпы артады. Бірақ қайсыбір

к
мәнінде ол шұғыл
төмендейді, бұдан кейін қайтадан жайлап арта бастайды.
Рентген сәулесінің затта жұтылуының осындай ерекшелігі оңай
түсіндіріледі. Рентген сәулесінің толқын ұзындығы К-деңгей қоздырылатындай,
демек, қалған басқалары да қоздырылатындай қысқа болсын дейік. Осының
арқасында зат арқылы өтетін шоқтың интенсивтігі кемиді. Толқын ұзындығын
өсіргенде,

к
-ның қайсыбір мәнінен бастап, рентген квантының энергиясы енді К-
деңгейді қоздыру үшін жеткіліксіз болады. Нәтижесінде жұтылу шұғыл
төмендейді.
Жұтылу жолағының К-шеті
 
деп аталатын пайда болады. Толқын
ұзындығын бұдан әрі өсіргенде жұтылу қисығында жаңа, жұтылудың
L
-шеті
байқалады,ол 
L
І
, L
Іі
, L
ІІІ
деп максимумнан тұрады. Толқын ұзындығы тағы бұдан әрі
қарай өзгергенде жұтылу жолағының бес максимумы бар М-шеті пайда болады.
Сонымен, мысалы, жұтылу жолағының К-шеті (

к
) К-деңгейдің қоздырылуы
тоқталуымен байланысты. Демек, бұл

к
толқын ұзын-дығы К-электронның Е
К
49


байланыс энергиясын сипаттайды:
E
K
=ℏ
ω
K
=
2
π

c
λ
K
=
1, 24
λ
K
(
нм
)
кэВ
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет