Дәріс тезистері


- дәріс. Құрмалас сөйлемдернің сипаты



бет22/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

- дәріс. Құрмалас сөйлемдернің сипаты.




Тірек сөздер: синтаксистік тұлға, семантикалық сипат, компоненттер, предикатив бірліктер.

  1. Құрмалас сөйлем – синтаксистік тұлға.

  2. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік

  3. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тәсілдер.

.
Мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастықтақы бірнеше екі немесе одан да көп предикативтік бірліктер жиынтығы құрмалас сөйлем деп танылады. Құрмалас сөйлем де жай сөйлем сияқты бір коммуникативтік бірлік ретінде қарастырылатын синтаксистік құрылым. Қазақ тіл білімінде «құрмалас сөйлем» деген терминді енгізген А. Байтұрсынұлы құрмалас сөйлем табиғатына тән басты қасиет ретінде құрмаласушы сөйлемдердің ішкі мағыналық және сыртқы қисындық жақындықтарын көрсеткен еді (1, 300). Құрмалас сөйлемнің басты грамматикалық ерекшелігі, бір жағынан, әр бөлігі жай сөйлемдік қасиеті бар предикативтік бірлік бола отырып, екінші жағынан, сол бөліктердің тұтасқан семантикалыққұрылымдық бірлігі боп саналады. Осы екі жақтылық қасиеті құрмалас сөйлем табиғатын тануда ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер туғызды. Сондықтан да құрмалас сөйлемге қатысты жалпы тіл білімінде «сөйлемдерден тұратын сөйлем», «күрделі тұтастық», «сөйлемдер тіркесі», «предикативтік бірліктер тұтастығы», «мазмұндық және құрылымдық бірлік» деген анықтамалық тұжырымдар жасалды. Сөйлем синтаксисi өз iшiнде екі үлкен салаға: жай сөйлем синтаксисi және құрмалас сөйлем синтаксисi болып бөлiнсе, оның әрқайсысының зерттеу объектiсi бар. Жай сөйлем синтаксисiнiң негiзi зерттеу объектiсi жай сөйлемдер мен олардың түрлерi, сөздердiң бiрбiрiмен грамматикалық байланысқа түсiп сөйлем мүшесi болуы, сөйлем құрау жолдары болса, құрмалас сөйлем синтаксисiнiң негiзгi объектiсi жеке ойды, пікірді бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өз ара тiркесiп, бiр бүтiнге айналуы, сол арқылы күрделi пікірді бiлдiруi болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисi жеке ұғымдарды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өзара тiркесiп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнiң түрлерiн, жасалу жолдарын тексередi.
Функциясы жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ойды жарыққа шығарудың құралы болғанымен, құрамы мен құрылымы, мағыналық қатынасы жағынан бiрбiрiнен ерекшеленедi. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлемдер жеке мүшелерден құралатын болса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады. Жай сөйлемдерде бір ғана предикативтiк орталық болса, құрмалас сөйлемдер кемiнде екі предикативтiк орталыққа негiзделедi. Құрмалас сөйлем компоненттерi арасында жай сөйлемдердегiдей тиянақталған интанация болмайды. Жай сөйлем жалаң ойды бiлдiрсе, құрмалас сөйлем күрделi пікірді бiлдiредi. Құрмалас сөйлемге анықтама беруде жоғарыда аталған структуралық және сематикалық белгiлерi ескерiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет