Дәріс тезистері


Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiрбiрiне байланысты екi немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделi пікірді бiлдiретiн сөйлемдi айтамыз



бет23/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiрбiрiне байланысты екi немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделi пікірді бiлдiретiн сөйлемдi айтамыз.


Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердiң тiркесе салуы емес, бiрбiрiмен мағыналық, әрi құрылымдық тығыз байланыстағы бiрiнебiрi бағынышты күрделi мағыналық бiр бүтiн болып саналады. Бұл жөнiнде Т.Қордабаев «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» атты оқу құралында: егер әдеттегi жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгiлi шамада болса да, аяқталған ойды бiлдiретiн, өз алдарына бiр бүтiн болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттерi интонациялық жағынана тиянақсыз, аяқталған ойды бiлдiре алмайтын, бүтiннiң бiр бөлшегi болып табылатынын, ол бөлшек өзi сияқты басқа бiр бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бiр бүтiн бола алатынын, ал егер бұл бiрлiктерi бұзылсаақ, олар өздерiнiң алғашқы мәндерiн жоятынын, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бiр бүтiн бола алатындығын көрсетедi (Қараңыз: Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. А.,1995).
Расында да Ана тіліміздің академиясы − қазақ деген халық, ол көше жүрсе де, бытырай жүрсе де, оқымаса да ана тілін таза сақтаған (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдегi екi компоненттiң бiрлiгi бұзылатын болса, пікірдің ретi негiзгi мағына мен әр компоненттiң интонациялық ерекшелiктерi де өзгередi. Кезiнде құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердiң бiрлiгiн ғалымдар әр түрлi түсiндiрiп келдi. Орыс тiл бiлiмiнде А.М.Пешковский, А.А.Шахматов сынды ғалымдар мұны бiрнеше жай сөйлемдердiң тiркесi десе, В.А.Богородицкий, В.А.Белошапкова сынды ғалымдар мұны органикалық тұтастықтағы синтаксистiк құрылым деп түсiндiредi. Соңғы пiкiр тiлшi ғалымдар арасында кең қолдау тапты.
Сөйлемнің ең басты мағыналыққұрылымдық белгісі ретінде предикативтілік танылады. Жалпы предикативтілік термині екі түрлі мәнде қолданылып жүр. Бірінші мәнде – мазмұнның шындық болмысқа қатысы, ол барлық сөйлемге қатысты. Оған жоғарыда айтылғандай, модальділік, шақ, жақ қасиеттері тән.
Екінші предикативтілік немесе предикаттық қатынас – сөйлем мүшелері арасындағы арнайы қатынас. Осыған орай В.В. Виноградов өткен ғасырдың 50 жылдарындағы синтаксистік
еңбектерінде алдында ғана аталып өткен модальділік, жақ, шақ “синтаксистік категорияларын” жиынтық ретінде беретін предикативтіліктен әлдеқайда айрықша басқа предикативтілік ұғымын енгізеді. Бұл жерде әңгіме арнайы синтаксистік байланыс ретінде танылған предикативтілік туралы (“предикаттық қатынас” немесе “предикаттық байланыс” деп аталатын), сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасындағы орнайтын байланыс туралы болып отыр.
Бұл предикативтілік пен алдында аталып өткен предикативтіліктен айырмашылығы мынадан көрінеді: егер бірінші жағдайда (“І предикативтілік”) бар ықылас жалпы сөйлемге бағытталса, соңғы жағдайда (“ІІ предикативтілік”) сөйлемнің бөлігі ғана, оның предикаттық негізі (ядросы) ерекшеленеді.
“ІІ предикативтілік” ұғымы сөйлемдердің ішіндегі синтаксистік байланысты зерттеуге бағытталған.
Сонымен, сөйлемнің грамматикалық мазмұны болып “предикаттық” танылады екен. Осымен бірге екі құрамды сөйлемдерде бастауышы мен баяндауышы бар, бір құрамды сөйлемдерде бір тұрлаулы мүшесі бар сөйлем негізінің құрылымдық немесе предикаттық ұғымын да атауға болады.
Предикативтiлiк – сөйлемнiң негiзгi қасиетiн айқындайтын синтаксистiк категория. Бiрдей ұғымды бiлдiретiн синтаксистiк құрылымдарды, айталық: “келген кісі”, “кісінің келуі”, “кісі келді” соңғысы ғана айрықша функционалды сапаға – предикативтiлiкке ие. Предикативтiлiк сөйлемде жақ, шақ тұлғалары арқылы жүзеге асады. “Жалпы сөйлем бiр бас мүшелi, екi бас мүшелi немесе мүшеленбейтiн сөйлемдерден құралса, предикативтiлiктiң ең жоғары түрi екi бас мүшелi сөйлемдерде нақты, ал бiр бас мүшелi сөйлемдерде жартылай, ал мүшеленбейтiн сөйлемдерде болмайды да. Мiне, бұған қарағанда, предикативтiлiк тек бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза грамматикалық құбылыс;” деп түсiндiредi ғалым Т.Сайрамбаев (Қараңыз: Т. Сайрамбаев. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А., 1990, 6 б.). Предикативтiлiктi бiлдiруде тiлiмiзде ең көп жұмсалатындар – бастауыш – баяндауыш құрылымындағы сөйлемдер. Сөйлемдi құрау үшiн ең аз болғанда екi мүше қатысуы керек – ойдың кiм, не туралы екенiн бiлдiретiн мүше, яғни бастауыш; сондайақ ол туралы не айтатынын бiлдiретiн мүше, яғни баяндауыш мүше қатысады. Осы екi мүшенiң грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негiз болады. Өйткенi сөйлем пiкiрдi, яғни болмыстағы, заттардың өзара қатынасын бiлдiру үшiн жұмсалады.
Бастауыш пен баяндауыштың қатынасы предикативтiк қатынас деп аталады. Тiлде осы предикативтiк қатынасқа iлесiп жүретiн грамматикалық формалар ретінде баяндауыш құрамынан орын алатын шақ, жақ және рай формалары танылады.
Шақтық форма сөйлемде айтылған пiкiрдiң болмысқа шақ, мезгiл жағынан, қандай қатынаста тұрғанын бiлдiру үшiн қызмет етедi. (Жаңбыр жауды – Жаңбыр жауып тұр – Жаңбыр жауады).
Жақтық форма iсқимыл не сапаның және оның субъектiсiнiң сөйлеушiге қатынасын бiлдiредi. Ол субъект ретінде сөйлеушiнiң өзi не соның тобы (мен, бiз), тыңдаушы не сөздiң адресаты (сен, сендер), сырттағы кiсi, яғни пiкiр алысу процесiнен сырттағы субъектi (ол, олар) қатынасқа түседі.
Шақ, рай, жақ формалары – сөйлем арқылы айтылған пiкiрдiң болмысқа байланысын, қатысын бiлдiретiн формалар. Баяндауыш мүше осы формаларды бойына жиып предикативтi бiлдiретiн мүше сапасына көтерiледi. Предикативтiлік (І) дегенiмiз – пiкiрдiң болмысқа қатысын бiлдiру. Сөйлемде бұл мағына баяндауыш мүше арқылы көрiнетiн болғандықтан, баяндауышты предикат мүше деп атайды. Ал бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық байланысы предикаттық қатынас (ІІ) деп аталатыны белгілі. Құрмалас сөйлем компонеттерінің саны бірнешеу болғандықтан, жалпы сөйлемге тән предикативтілікте көбінесе соңғы сөйлемнің грамматикалық белгілері доминанттық сипатқа ие болады.
Бірақ субъектпредикаттық қатынас пен бастауышбаяндауыштық қатынастың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Бір ғана предикативтілік ұғымына сыйғызуға болатын бұл ұғымдар зерттеудің әр түрлі қырының нысаны болып саналады. Сөйтіп, предикативтілік (ІІ) дегеніміз логикалық аспект тұрғысынан – субъектпредикаттық қатынас, грамматикалық аспектіден қарасақ – бастауышбаяндауыштық қатынас, коммуникативтік аспектіден қарасақ – темаремалық қатынас болып шығады. Бұл ұғымдардың бір сөйлем бойында сәйкес келетін жағдайлары да, сәйкеспейтін жағдайлары да бар. Мысалы:

  1. Нұркен – студент, Нұрхан – оқушы. Предикативтілік қай аспектіден қарасақ та, сәйкес келіп тұр: Нұркен, Нұрхан әрі субъект, сонымен бірге бастауыш, әрі тема болып саналса, студент, оқушы әрі предикат, әрі рема, әрі грамматикалық баяндауыштар.

  2. Уәде бергіш адамға сене беруге болмайды, сөзінде тұрлау болмайды. Субъектпредикаттық қатынас пен темаремалық қатынас арасында белгілі бір дәрежеде сәйкестік болғанымен, грамматикалық бастауышы жоқ сөйлем.

Қазақ тіл білімінде сөйлем синтаксисінің теориялық мәселелеріне қатысты терең талдау жасап жүрген ғалымдардың бірі О. Бекжан «Күлтегін ескерткіші және жай сөйлемнің телриялық мәселелері» еңбегінде предикативтілік терминіне қазақша «сапаланым» деген балама ұсынып, оған төмендегідей анықтама береді: Сөйлемді сөйлем етуші сапаланым категориясы болып табылады. Бір сөз немесе бірнеше сөз тіркесі арқылы шындық өмірдегі заттың, заттанымның, құбылыстың, затқа теңестірілген басқа да нәрселердің өзіндік тұтас сапасын немесе белгілі бір ғана сапасын ерекшелейтін және сол ерекшеленген сапаның тигізген әсері арқылы өзгерген өзінің де көңіл күй әсерін қоса білдіретін сөйлеушінің ойын сапаланым дейміз (Қараңыз: Бекжан О. Күлтегін ескерткіші және жай сөйлемнің теориялық мәселелері. Т., 2005, 41 б). Сонымен предикативтілік – шындық болмыстың әр түрлі құбылыстарын жанжақты көрсететін сөйлемді сөйлем етуші басты категория. Ол тілде әр түрлі грамматикалық формалар арқылы көріне алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет