Дәріс тезистері



бет36/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Интонациялық принцип. Сөйлемнiң тыныс белгiсiн синтаксистiк категориялармен синтаксистiк тұлғалардың сазына, нақышына келтiрiп айтылуына және естiлуiне қарай қою. Қазiргi заманда тiлдерде кездесетiн тыныс белгiлерiне тән тағы бiр қасиет – олардың интернационалдығы. Тыныс белгiлерi – түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тiлдердiң басым көпшiлiгiнде бiркелкi болып келдi. Қазақ тiлiнiң пунктауциясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазан революциясына дейiн белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген, көпшiлiкке танылған пунктуациялық заң- ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшiн пунктуациялық ережелердiң болмауының өзi де табиғи нәрсе едi. Өйткенi тыныс белгiсi баспасөз үшiн керек. Республикамызда баспасөздiң дамуы , оның бүкiл халық игiлiгiне айналып, оқушылар санының артуы, жазу мәдениетiнiң, сауаттылықтың шешушi бiр саласы болып табылатын пунктуация мәселесiн ғылыми негiзде қалыптастырып реттеу мiндетiн қойды



Тыныс белгiлерiнiң түрлерi мен қызметтерi


Тiлiмiздегi тыныс белгiлерi сан жағынан онша көп болмағандарымен мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлi болып келедi. Тыныс белгілерінің қызыметін сөйлем соңында келетiн тыныс белгiлерi, сөйлем iшiнде келетiн тыныс белгiлерi түрінде жіктейміз.




  1. Сөйлем соңында келетiн тыныс белгiлерi


Бiршама аяқталған ойды бiлдiретiн жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейiн олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгiлерiнiң бiрi қойылады. Сондықтан тыныс белгiлерiнiң бұл үш түрi сөйлем соңында келетiн белгiлер деп аталады.


Сөйлем соңында келетiн белгiлердiң әрқайсысы, негiзгi екi түрлi мағынада, екi түрлi функцияда қолданылады: бiрiншiсi – сөйлемнiң аяқталғандығын бiлдiрiп, оны басқа сөйлемдерден бөлiп көрсету, екiншiсi – сөйлемнiң қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Бұл екеуi – сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгiлерiнiң қай-қайсыларының да ең негiзгi мағыналары мен функциялары. Сонымен бiрге, олардың әрқайсысының кейде сөйлем iшiнде тұрып та атқаратын қосымша функциялары мен қосымша мағыналары болады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет