14 - дәріс. Көп компонетті құрмалас сөйлемдер
Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердiң санына байланысты екi құрамды және көп құрамды құрмалас сөйлемдер болып бөлiнедi. Көп құрамды құрмалас сөйлемдерге құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлемдерi бар көп компоненттi салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлемдер жатады. Осыған орай, көп компонентті құрмалас сөйлемдерді предикатив бірліктердің санына қарай: Үш компонентті құрмалас, төрт компонентті құрмалас т. б. түрінде жіктейміз. 2. Предикатив бірліктердің байланысу амалына қарай: Салаласа байланысқан көп компонетті; Сабақтаса байланысқан көп бағыныңқылы; Араласа байланысқан көп компонетті. Салаласа байланысқан көп компонентті құрмалас сөйлемнің сыңарларының байланысу тәсіліне қарай: орын тәртібі арқылы, шылаулар арқылы. Көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемнің құрамынағы сыңарлар санына қарай: Үш сыңарлы, Төрт сыңарлы, Бес сыңарлы т.б.
Салаласа байланысқан көп компонентті құрмаластың предикатив бөліктерінің мағыналық қатынасына қарай: Бірыңғай қатынастағы көп сыңарлы салалас, әрыңғай қатынастағы көп сыңарлы салалас. Салаласа байланысқан көп компонентті құрмаластың ішкі құрылымдық байланысына қарай: Ерікті құрылымды көп сыңарлы салалас, Тұрақты құрылымды көп сыңарлы салалас.
Сабақтаса байланысқан көп бағыныңқылы құрмалас сөйлем сыңарларының байланысу тәсіліне қарай: Шартты рай тұлғасы арқылы, Көсемше тұлғасы арқылы, Есімші ( түрлі өзгерістерге түсуімен) тұлғасы арқылы.
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы сыңарлар санына қарай: Екі сыңарлы тиянақсыз тұлға; Үш сыңарлы тиянақсыз тұлға; Төрт сыңарлы тиянақсыз тұлға т.б Тиянақсыз тұлғалы баяндауыштардың қызметіне қарай: Бірыңғай (біртектес)тиянақсыз тұлғалы, Аралас тиянақсыз тұлғалы.
Достарыңызбен бөлісу: |