Техникалық -экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу, кодтаудың біріккен жүйесін стандарттау Техникалық -экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу, кодтау жөніндегі жұмыстар статистика, қаржы және құқық қорғау іс қызметі, банк жұмысы, бухгалтерлік есеп, стандарттау, өнім өндіру, қызмет көрсету, кедендік қызмет, көлік, сауда, сыртқы экономикалық іс қимыл қатарлы салалардың жұмыстарының қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жұмыстар шаруашылық іс қимылдарын ақпараттық қамтамасыздандыруды сәйкестендіру және стандарттау мақсатында атқарылады. Мысалы ішкі және сыртқы сауда тауар қозғалысын тізімдеу, есептеу үшін сауда ұйымының іс қызметін ақпараттық қамтамасыздандырудың шарты ретінде штрихты кодтауға қойылатын талаптар стандартталуы тиіс. Сондай-ақ жоғары білімді мамандарды дайындауды, жалпы мамандарды дайындауды есепке алу үшін мамандандықтарды жіктеу, кодтауды стандарттау қажет.
Жіктеу, кодтаудың біріккен жүйесі бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі нәтижесі- техникалық-экономикалық ақпарат /ТЭА/ жіктегіштерін құру болып табылады. Техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері дегенімізТЭА саласындағы жіктеу объектілері мен жіктелген топтардың аты жөні мен кодтарының жүйеленген жиынтығы.
Кодтау жүйесінің негізгі мақсаттары:
ҚР аумағында біріккен ақпараттық кеңістік қалыптастыруға жағдай жасау;
ақпаратты біріккен жіктеу ережесі бойынша жүйелеу және оларды есеп беру, даму болжамын жасауға пайдалану;
шығарылған өнім, көрсетілген қызметті стандарттау, сертификаттауды тәртіпке келтіру;
құжаттарды сәйкестендіруге жағдай жасау;
кодтау жүйесін халықаралық және аймақтық жіктеу және стандарттаумен үйлестіру.
Жіктегіштерді әзірлеу, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану тәртібін Мемстандарт белгілейді.
Стандарттарды кодтау Стандартты кодтау қазақстандық стандарт жіктеуші /ҚСЖ/ бойынша жүргізіледі. Ол жіктеуіш ИСО-да бекітіледі, ИСО-ға мүшелдердің қолдануына ұсынған халықаралық жіктеушіге сәйкес келеді. ҚСЖ сондай-ақ мемлекетаралық стандарттар, жіктеушіге сәйкеседі. Жіктеуіш төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
мемлекетаралық және ұлттық стандарт каталогтары мен нұсқауларын жасау кезінде;
мәліметтер базасы мен кітапханаларда т.б. орналасқан стандарттар жөніндегі нормативтік құжаттар мен стандарттарды жіктеу кезінде;
стандарт, нормативтік құжаттарды іздеу кезінде.
Ол үш сатылы иерархиалы жіктеуіш. Оның әрбір сатысы, цифрлі кодпен белгіленген. Бірінші сатысы /бөлімі/ белгілі бір саланың стандарттарын біріктіреді және екі орынды араб санымен белгіленеді.
Әрбір бөлім біртекті топтарға бөлінеді. Бұл топтарға бөлім коды және топтың үш орынды цифрлі коды беріледі. Олар өзара нүктемен бөлінген.
Мысалы: 71 химиялық технология
71. 040 аналитикалық химия
71. 040.20 зертханалық ыдыстар және қосалқы
аспаптар
Егер топқа қамтылған стандарт саны 20-дан көп емес болса оны кіші топтарға бөлмеуге болады. Стандартты жіктеу кезінде қызметтік ауқымды топ мазмұнына толықтау сәйкесетін стандартты жіктеу кезінде оған топтың коды беріледі, яғни кіші топтың коды берілмейді, себебі олардың әрқайсысы стандарттың қамтитын ауқымынан анағұрлым жіңішке /тереңірек ауқымға/ бағытталған.
ҚСЖ-іне сәйкес тамақ өнімдерінің стандарттары 67 "Тамақ өнімдерінің технологиясы" бөліміне кіреді. Бұл бөлім 15 топқа бөлінеді:
67.020 Тамақ өнеркәсібіндегі процесстер
67.040 Тұтастай ауыл шаруашылық тағам өнімдері
67.060 Астық, бұршақ және оларды өңдеу өнімдері
67.080 Жемістер. Көкөністер
67.100 Сүт және сүт өнімдері
67.120 Ет, ет өнімдері және басқа жануарлар өнімдері
67.140 Шай, кофе. Какао
67.160 Ішімдіктер
67.180 Қант. Қант өнімдері. Крахмал
67.190 Шоколад
67.200 Тамақтық майлар, Майлық өсімдіктер тұқымы
67.220 Тағам қоспалары.
67.240 Органолептикалық талдау
67.250 Тамақ өнімдерімен байланыста болатын материалдар мен заттар
67.260 Тамақ өнеркәсібінің құрал - жабдықтары
67.120 Мысалы, мына кіші топтарға бөлінеді:
67.120.01 Тұтастай жануарлар өнімі
67.120. 10 Ет және ет өнімдері
67.120. 20 Құс және жұмыртқа
67.120. 30 Балық және балық өнімдері