Бақылау – сезім мүшелері арқылы қажетті ақпаратты тікелей алуға
есептелген зерттеу әдістері.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі
туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы
байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, ӛзара
байланысты диагностикалық қызметтердің жүйесі
Бақылау функциясы – мәселенің дағдарысқа айналмай тұрып ұйым
қызметінің мәселесін табу және түзетудің басқару сипаттамасы.
Педагогикалық бақылау – педагогикалық үрдіс субъектілерінің
(әкімшілік, мұғалім, оқушы, персонал) тәртіп ережелеріне сәйкес мінез-
құлық жүйесін ұстануына ықпал жасау, оқу-тәрбие үрдісінің нақтылы
нәтижесінің талап етілетін нәтижеге неғұрлым жақын болуын қамтамасыз
ету. Диагностика - фактіні немесе құбылысты танып білу әдістері мен
ұстанымдары туралы ілім.
Диагностика – арнайы жасалған ғылыми әдістер көмегімен игері-
летін педагогикалық үрдістердің, құбылыстардың және т.б. сандық
бағасы мен сапалық сараптамасы.
Педагогикалық диагностика -педагогикалық ғылыми тәжірибелік
әрекетті сипаттайды, ол оқу үрдісіндегі іс-әрекеттегі қиындық көлемін және
сипатын анықтап, тұлғаның оқу бағдарлаамасын меңгеруін, олардың іс-
әрекеті мен жетістік нәтижелерін анықтау, педагогикалық үдеріс жағдайын
зерттеу. Мектепті басқарудың принциптері – демократияландыру және
ізгілендіру, жүйелілік және тұтастық, алқалық (коллегиялық), басқарудағы
жекелік, ашықтығы және жариялылығы, міндеттерді бӛлу, еркіндігі және
шығармашылығы.
Мониторинг -ортаның жағдайын үздіксіз, ұзақ бақылау және
адамдарға дер кезінде ақпарат беру арқылы оны басқару.
Жоспарлау – уақыт бойынша үрдістерді реттеу, үрдістердің
арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру.
Мектеп жұмысын жоспарлау- мектеп басшысының қабылдаған іс –
әрекеттер мен шешімдер жиынтығы.