Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет78/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Адам ресурстары - бұл әрбір адамда бар, капиталды құрастырушы 
болып табылатын білімдердің, қабілеттер мен мотивациялардың қоры, 
жоғары білім деңгейі, кәсібилік пен кәсіпкерлік қабілеттерді иеленуші, елдің 
маңызды стратегиялық ресурсы ретінде көрініс табатын адами ресурстар; 
елдің экономикалық өсуі мен дамуына ықпалын тигізетін қолданыста бар 
немесе қолданыла алатын халықтың бір бөлігі; тұрғындардың табиғи, 
экономикалық (өндіруші), әлеуметтік және саяси сапаларының жиынтығы 
ретінде ұсынылатын жалпы әлеуметтік категория.  
Басқарудың авторитарлық стилі – биліктің орталықтандыруы, 
біріңғай басшылық, бастама мен дербестілікті шектеу, мәжбүр ету 
тәсілдерінің басым болуын сипаттайтын жетекшілік стилі. 
Басқару – реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның 
жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету 
үрдісі.
Қарым-қатынас – екі немесе одан көп адамдардың тұлғааралық 
қатынас орнату мақсатындағы өзара әрекеті, бірлескен әрекеттің ортақ 
нәтижесіне қол жеткізу, баланың психологиялық және әлеуметтік дамуының 
маңызды ықпалының бірі.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл оқу және тәрбие мақсаттарына 
қол жеткізуге бағытталған мұғалімдер мен оқытушылардың кәсіби қарым-
қатынасы.


145 
Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуде, нақты 
проблемаларды шешуде, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруда және іс-әрекет, 
ақпарат алмасуда көрінетін байланыстар мен іс-қимыл үрдісі. 
Әдеп – моральдық категория, адамдар арасындағы қарым-қатынасында 
ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіреді. Адамгершілік құлық 
адамдардың қауымдасып, өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Этика – 
мінез-құлық мөлшері, әдептілік. Этика мінез-құлық туралы ғылым.
Әдеп кодексі – қоғамда өмір сүрудің басты нормаларын /адамгершілік, 
мәдени-рухани, ізеттілік, сыпайылылық, т.б./ белгілейтін құжат. 
Этика – идеологияның бір түрі болып табылатын мінез-құлық
адамгершілік және оның мәні туралы ілім; белгілі бір қоғам мүшелері үшін 
заң болып табылатын мінез-құлық, тәртіп,мөлшері,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет