141
Мотивация - тұлғаның ішкі мотивациясы сыртқы ұйымдастыру
мотивациясымен тұтасып, жеке бас қажеттілігі негізінде басқалармен қарым
- қатынасқа түсуі.
Стратегия - болашаққа есептелген мақсатқа жетудің жалпы жаспары.
Тактика - экономикалық, әлеуметтік
және басқа саясатта алға
қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер.
Ұйымдастыру - бір топ адамдардың іс- әрекетін белгілі бір мақсатқа
жету үшін үйлестіру.
Ұйымдастыру техникалары - еңбек құралдары, байланыс құралдары,
құрал жабдықтар және т.б.
Жоспарлау –
жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты.
Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары,
орындалу мерзімі көрсетіліп,
нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген
тәртібі, реті тәптіштеледі.
Заңдық билік – белгілі бір дәстүрге негізделіп әсер ету түрі.
Заңдылықтар - құбылыстар мен үрдістер
арасындағы объектілі,
маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара
байланыстар.
Басқарудың заңдылығы – бұл басқару үрдісінде
байқалатын,
қайталанып отырылатын және әртүрлі элементтер мен құбылыстардың
арасындағы мәнді өзара байланыстар.
Достарыңызбен бөлісу: