«Инновация»ағылшынның іnnovatіon - жаңа, жаңалық, жаңарту,
жаңалықты ендіру деген мағыналарды білдіреді.
Жаңалық – жалпы ғылыми критерий. Ол зерттеу нәтижесінде алынған
жаңа білімді береді, алайда ол зерттеу типіне байланысты елеулі өзгеріс.
Іргелі зерттеулерде бұл – жаңа ғылыми тұжырымдамалар, заңдылықтар;
қолданбалы зерттеулерде – әдістемелік принциптер; жасалымда – нақты
ережелер, алгоритмдер.
Жаңашыл – жүйеге, үрдіске, құбылысқа ілгеріңді бір жаңалық
енгізуші адам; көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік
жаңашылдық іс-әрекетін көрсете алушылық.
Модерация- реттеу, бсқару, басшылық деген мағынаны білдіреді. Бұл
күрделі педагогикалық жүйе, ол белгілі бір проектіні жасаудағы педагогтар
мен модераторлардың бірлескен жұмысы.
Модератор - басшы, жетекші ұғымын білдіреді. басқа адамдармен тіл
табыса білу, икемділік сапасымен ассоциацияда қарауға болады, яғни
біліктілігін арттыруда міндетті түрде өте жоғары орында тұру міндетті емес,
ең негізгісі топпен жұмысты тиімді, жағымды қарым-қатынаста,
құзырлылықпен ұйымдастыра білу.
Жүйе (грек тілінен systema – бөліктерден тұратын тұтас нәрсе) зерттелу
барысында объектілері белгілі бір жүйеге бағытталған қағида негізінде
ұйымдастырылатын сана әрекеті Педагогикалық жүйе - педагогикалық үдеріс элементтерінің
реттелген жиынтығы және олардың статистика мен динамикадағы
байланысы; оған жету құралдары, кезең бойынша мақсатының алмасуы,
оқушылар мен мұғалім іс-әрекетінің сипаты, педагогикалық үдеріс
нәтижелері. Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету үрдісі,
жұмыс нәтижелеріне сандық және сапалық баға беру үрдісі.
Бақылау – жұмысты түзетумен бірге қойылған мақсаттардың
орындалуының тәртібін жүйелік түрде қарап отыру.