Дәрістер «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері


Білім беру министрлігі : міндеттері мен қызметтері. Білім берушілік мекемелердің түрлері



бет4/19
Дата27.04.2023
өлшемі123,66 Kb.
#87579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ä?ð³ñòåð «Á³ë³ì áåðó æ?éåñ³íäåã³ ìåíåäæìåíò» êópñû áîéûíøà ä?ð³ñ

Білім беру министрлігі : міндеттері мен қызметтері. Білім берушілік мекемелердің түрлері .
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы: ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Міндеттері:
1) білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
3) білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
4) ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Функциялары: : 1) білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету; 2) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу; 4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу; 5) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету; 6) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу; 7) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою; 8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру; 9) тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту; 10) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келісу;
т.б.
Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.
Аталған элементтердің әрқайсысының автономды дамуы білім беру жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңдегі деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік бермейді.
Одан басқа, Бағдарлама шараларын жүзеге асыру салааралық мазмұнға ие және бірыңғай білім беру саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай білім беру және ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, білім беру жүйесінің өңірлік дамуындағы сәйкессіздік мәселелерін қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет