Дәрістер жоспары



бет11/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Белсендi газдар деп - жер астындағы қазбалардан шығатын әртүрлi улы және жарылғыш газдарды айтады.

Өлi ауа деп - шақты ауасында кездесетiн азот пен артық көмiр қышқыл газ қосындыларын айтады.

Егерде жер астындағы ауа, атмосфералық ауадан аса өзгермесе, оны таза ауа деп, ал өзге жағдайда ыласты бұзылған ауа дейдi.

Қауiпсiздiк ережесiне сәйкес шақты ауасындағы оттегi көлемi (мөлшерi) 20 % кем болмауы керек. Ауадағы оттегiнiң, көмiр қышқыл газының, метанның мөлшерiн бiлу үшiн ШИ-6 газ анықтау аспабы қолданылады. Бұл аспабтың өлшеу мөлшерi: - оттегiн 5 - 20 % дейiн, көмiр қышқыл газын 0 - 6 % дейiн, метанды (көлемiмен) 0 - 6 % дейiн.

2. Улы газдар.

Төменде улы газ қосындылары туралы дерек берiлген:

Көмiр тектi тотық (СО) - түссiз, иiссiз және дәмсiз газ, көк түстi болып жанады, және ауадағы мөлшерi 12,5 нан 75% жеткенде, жарылғыш қосындыға айналады. Ең күштi жарылу қуаты 30% ке жеткенде болады. Көмiр тегi өте улы газ, көбiнесе кеншiлердiң улануы осы газға байланысты. Сондықтан шақтыдағы көмiртегi (СО) аумақтық көлемi бойынша 0,0016% аспауы керек.

Азот тотығы - түссiз газ, салыстырмалы тығыздығы 1,037. Оттегiмен қосылып, қос тотығына айналады.

Азоттың қос тотығы - буырыл түстi, тығыздығы 1,58, тез арада төрт тотықты азотқа айналып кетедi. Шақты ауасындағы азот тотықты газдардың мөлшерi 0,00010 % аспауы керек.

Күкiрт тектi тотық (SО2) - түссiз, өзiне тән иiсi мен дәмi бар, жанбайды және жанғанды қолдамайды. Салыстырмалы тығыздығы 2,22. Бұл газ суда тез ерiп, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт тотығы өте улы және тыныс алу орындарын, көздi қышытады. Күкiрт тотығының шақты ауасындағы мөлшерi 0,00035 % аспауы керек.

Күкiрт сутегi2S) - түссiз газ, дәмi тәттi және шiрiген жұмыртқаның иiсiне ұқсайды, өткiр иiстi. Салыстырмалы тығыздығы 1,19. Бұл газ өте улы, тыныс орындарына, көзге қышытатын, тiтiркендiру әсерiн тигiзедi. Күкiрт сутегiнiң шақты ауасындағы мөлшерi, көлемi бойынша 0,00066 % аспауы керек.

3. Метан газы.

Шақты ауасындағы барлық газдардың iшiндегi ең қауiптiсi метан газы болып саналады. Метан (СН4) - түссiз, иiссiз және дәмсiз газ, физиологиялық зиянсыз, ауамен қосылып жарылыс қосындысына айналады. Салыстырмалы тығыздығы 0,554, сондықтан бұл газ көбiнесе қазбалардың төбесiне жыйналады. Метанның ең қауiптiлiк жағдайы жанғыштығы және ауамен қосылып жарылыс қосындысын жасауы. Ауада 5-6% болғанда, ол отбасында жанады, ал 5 - 6 % тен 14 - 16 % жарылады, 14 - 16% жоғары болғанда жанбайды не жарылмайды. Метанның ең күштi жарылысы, оның ауада 9,5% ке жеткенде болады. Ал 14 - 16 % жоғары болғанда, оттегiмен араласса жәй жанады.

Метанды шақты астындағы қазбаларға шығуына байланысты үш топқа бөледi:



  • кәдiмгi деп – көмiр, не болмаса бүйiр жыныстарының жалаңаштанған беттерiнен, көзге көрiнбейтiн саңлаулардан жәй үзбей және ұзақ шығатын түрiн айтады;

  • суфлярлi деп – көмiр және жыныс сiлемдерiнiң жарықтарынан тез, не болмаса ұзақ фонтанша шығатынын айтады;

  • тосыннан деп – көмiр мен газдың атылғанында (метанның, көмiр қышқылының, не болмаса қосындысының), кейде көмiр тақталарының арасынан, аз уақыттың iшiнде, аумақты көмiр не жыныстардың уатылып шығуын айтады.

Көмiр және сланец (тақтатас) шақтыларындағы метанның мөлшерi, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес төмендегiдей болуы керек: - жалпы шақтыдан шығатын ағыста 0,75 %, учаскеден шығатын ағыста 1 %, тазартпа және даярлаушы кенжарларда 0,5%, жарылыс алдында қазбаларда 1 %, қазбалардағы жергiлiктi жыйналуы 2 % тен аспауы керек.

Тау-кен қазбаларындағы шаң-тозаң, профессионалды залалды топқа жатады. Адам денсаулығына зиян келтiруiне байланысты шаңдар екi топқа бөлiнедi: улы және усыз болып.



Улы тобына жататындары - қорғасын, сынап, мышьяк минералдарынан шығатын шаңдар; усыздарына жататындары – көмiр, кен, және әртүрлi жыныстар iшiнен шығатын шаңдар жатады. Усыз тозаңы егерде көп болса, онда адамның денсаулығына зиян келтiрiп көздi, тыныс алатын мүшелердi тiтiркендiрiп, өкпе (пневмония) ауруына әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет