Дәрістер жоспары



бет4/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Камераларда машина, механизмдер орналасады, әр түрлi материалдар сақталынады. Камералар көбiнесе оқпан маңайында орналасады. Камералар атқаратын функциясына байланысты - аялдама камерасы, электровоз гаражы, насос станциясы, диспетчер, медициналық пункті, су жинағыш т.б. түрлерге жіктеледі

Кен қазылатын орынды тазартпа кенжар деп атайды. Жерастылық кен алатын ұзын кенжарды - лава деп те айтады. Қазба өткізу жұмыс орнын ұңғыма кенжар дейді.

Негізгі әдебиеттер: 1,7

Қосымша әдебиеттер: 8

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып)

1. Тау – кен өндірісінің тарихы және дамуы.

2. Тау – кен өндірісінің алдына қойылатын талаптар.

3. Тау - кен жыныстары туралы түсініктеме.

4. Қазбалардың маңызы мен топтасуы.

2- тақырып Жер асты тау-кен жұмыстарының өндірістік үдірістері (4 сағат)

Дәрістер жоспары

1. Қазбаларды жүргізудің технологиялық үдірістері.

2. Тау – кен қазбаларын жүргізу әдістері.

3. Тау – кен қазбаларын өткізу технологиясы.

1. Қазбаларды жүргізудің технологиялық үдірістері.

Тау-кен қазбаларын өткізудегi процестері екi топқа бөлiнедi. Бiрiншi тобы - негiзгi (тау-кен сiлемiн құлату, құлаған жыныстарды жинап тиеу, тұрақты бекітпелердi қою). Екiншi тобы қосалқы (уақытша тiреулердi қою, темiр жол төсеу, су ағатын жыра өткізу, вагонеткаларды айырбастау, алмастыру тұрғыларын көшiру, ауа жүретiн құбырларды жалғастыру, кабельдердi ұзарту т.б).

Тау-кен жыныстарын қопару процестерi механика, механика- гидравлика, гидравлика және бұрғылап-жару әдiстерiмен орындалады.

Механика және механо-гидравлика әдiсi комбайн арқылы орындалады. Гидравлика әдiсi тау-кен жыныстарын қатты қысымды су күшiмен қопарады. Жарылғыш қопару деп, жыныстарды тесiп, тесiлген жердi жарылғыш заттармен толтырып қопарғанды айтады. Аталғандардың iшiнде ең кең тарағаны механика және жарылғыш әдiстерi. Механика әдiстерi, жазық не көлбеу қазбаларда, қаттылығы f = 4 - 6 дейiнгi жыныстарды ойып алуға пайдаланылады. Осы күнi, қаттылығы 10-ға дейiнгi жыныстарды қопаратын комбайндар сыннан өтiп жатыр.

Жарылғыш заттармен қопарып алу әдiсi барлық қаттылықта қолданылады және қазбалардың қалай орналасуын таңдамайды.

Жыныстарды бұрғылап-жару жұмыстары. Жыныстардың қопарылуы, жарылғыш заттардың (ЖЗ) жанған кезiнде газға айналып, көлемi күрт ұлғаятын энергия күшiне байланысты. Жарылғыш заттың күрт ыстығы мол, газға айналу процесiн жарылыс деп атайды. Жарылыстың қопару әсерiн арттыру үшiн, жарылғыш заттарды жарылғыш қоймаларға орналастырады. Ол қоймалар бұрғылап, тесiп жасайтын болғандықтан, барлық қопару жұмысы бұрғылап жару жұмысы (БЖЖ) деп, аталады. Жарылғыш қоймаларына теспе (шпур) мен ұңғыма (скважина) жатады. Теспелерді айналма, соғып - айналма, не айналып соғатын машинкалармен бұрғылайды. Айналма әдiсiмен бұрғылайтын машинкаларды тескiш деп атайды. Жұмсақ жынысты бұрғылау үшiн қол бұранда қолданылады. Қатты жыныстарды бұрғылау үшiн салмағы 105-120 кг дейiн колонкода, манипуляторда не болмаса бұрғы арбашығына тиелген электр бұрғысы қолданылады.. Манипуляторлар бұрғы машиналарды көтерiп, төмен түсiрiп, белгiлi жерге бекiтiп қоюға мүмкiншiлiк туғызады (2.1, а-сурет).


2.1 - сурет Бұрғы машинасының қондырғысы: а) манипуляторға қондырылған; б) пневмобекітпеге орнатылған; 1 – электрбұрғы; 2 - жылжымалы сөре; 3 - каретка; 4 - айналма; 5 - люнет; 6 - сым; 7 - сым қармағы; 8 - су жiберiп тұратын муфта



Тiк қазбаларды жүргенде, уатылған жыныстарды теспеден сумен не болмаса ауамен соратын қол перфораторлары қолданылады.. Бұрғы аспаптарына: бұрғы, коронка, қырнағыш жатады. Қаттылығы орташа жыныстарды айналма әдiсiмен бұрғылағанда, бұрғы штангалары пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет