Дәрістер жоспары



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
¤з бетiмен тығындалатын әдiстi тiк көмiр тақталарында қолданады. Мұндай жағдайда тығындау тiлiмi (адымы) 1,8- 8 м дейiн болады.

Механикаландырылып тығындау әдiсiнде бос кеңiстiкке тығындау материалдары лақтырғыш, тығыздағыш машиналармен және скрепермен жеткiзiледi. Бұл әдiс аса көп тараған емес.

Жел күшiмен тығындауда, тығындау материалдарын кенжарға жеткiзу және оны бос кеңiстiкке орналастыру ауа күшiмен атқарылады. Су күшімен толтыру (тығындау) әдiсiн қолданғанда тығындау материалдары су арқылы тығындалады. Су арқылы тығындау 3.5 - суретте көрсетілген.

3.5 - сурет Су арқылы тығындау комплексi

Тығындаушы материал қоймадан (4) араластырушы қондырғысы (3) арқылы шұңқырға (2) жеткiзiледi. Араластырылған қойыртпақ кен үңгiлерiнде орналасқан құбыр (1) арқылы бос кеңiстiкке жеткiзiледi. Қойыртпақ жоғарыдан төмен қарай өз салмағымен жылжиды. Қойыртпақтың жылжу жылдамдығы, су ағыны қатты қабыршақ жыныстарды ағыза алу үшiн, құбыр тығындалып қалмау үшiн 3 м/сек кем болмауы керек. Қойыртпақты құбырмен тау-кен үңгiлерiмен жылжыту қашықтығы, қойыртпақтың қоюлығына (тасылатын материалдардың суға қатынасына тең. Т/С қатынасын тығындау материалдарының ұсақ- iрiлiгiне байланысты алынады. Мысалы, тығындау материалының үлкендiгi 2 мм дейiн болса, Т/С қатынасы 1 : 2 болуы керек, егерде 20- 30 ға дейiн болса 1 : 4 дейiн, ал егерде 40- 60 мм болса Т/С қатынасы 1 : 6 ÷ 1 : 10 болуы керек. Құбырлардың тозуы, жел күшiмен тығындағаннан су күшiмен тығындағанда көп азаяды.


Негізгі әдебиеттер: 1,2,7

Қосымша әдебиеттер: 8,10

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып)

1. Тазартпа кенжарында жүргізілетін жұмыстар.

2. Тазартпа кенжарындағы қысымдар туралы түсініктер.

3. Көмір тақталарындағы қысымды игеруде қолданылатын негізгі әдістер.

4. Бос кеңістікті тығындауға қолданылатын материалдар.

4-тақырып Шақты алабтарын дайындау (4 сағат)

Дәрістер жоспары

1. Шақты алабтарын дайындау, схемалары және тәсілдері.

2. Шақты алабын этаж тәсілімен даярлау.

3. Шақты алабын панель тәсілімен даярлау.

4. Горизонттап даярлау тәсілі.

5. Блоктап даярлау тәсілі.

1. Шақты алабтарын дайындау, схемалары және тәсілдері.

Пайдалы қазба орнын барлап, не болмаса, пайдалану iсiн жүзеге асыратын кәсiптердi кен кәсiпорны деп атайды. Кендi жерасты қазып алып тiкелей пайдаланушыларға және орталық байыту фабрикасына жiберетiн кен кәсiпорны - шақты. Қазба жұмысы кезiнде көмiр тақталарынан метан және көмiр қышқыл газы шығады.



Метан газының шақты ауасына араласу деңгейіне қарай, шақтылар 5 категорияға бөлiнедi: егер бiр тәулiк ішінде өндірілген көмiрдiң 1 тоннасынан 5 м3 метан шығатын болса – І категорияға, 5 тен 10 м3/т дейiн – ІІ категорияға, 10 нан 15 м3/т дейiн – ІІІ категорияға, 15 м3/т нан жоғары болса, не суфлярлi, қауiптi түрiнде көмiр тақталарынан шығып жатса – ең жоғары категорияға жатқызылады. Көмiр, не жыныс арасынан газ кенеттен жарылып атылатын болса онда, шақтылар - ерекше категорияға жатады.

Кен қазып өндiру жұмысы 3 кезеңге бөлiнедi: бірінші - шақты алабын ашу, екінші – шақты алабын даярлау, үшінші - кендi қазып алу. Олар бiрiмен-бiрi тығыз байланысты. Ашу жүйесi қазбалардың кеңiстiкте орын алу схемаларын анықтаса, ашу әдiсi жұмыстың технологиялық сапасын сипаттайды.



Шақты алабын ашу дегенiмiз жер асты пайдалы кендеріне жер бетiнен өткізiлген күрделі қазбалар арқылы жету және даярлаушы қазбаларды өткізудi қамтамасыз ету.

Шақты алабын даярлау дегенiмiз дайындық қазбаларын өткізiп, тікелей кен алуға жол ашу.

Кендi алу деп пайдалы кендерді қазып алып, сыртқа шығаруды айтады.

Шақты алабын ашатындарды күрделі деп, ал әзiрлiк кезiнде өткізiлетiн қазбаларды даярлаушы қазбалар деп атайды.

Көмiр тақталары жер асты орналасу жағдайына (санына, ара қашықтығына, құлама бұрышына, геологиялық бұзылыстарына) байланысты жекелеп, не болмаса, бiрге ашылуы мүмкiн.

Шақты алабын ашу әдістерін анықтап шешетiн факторлар Ашу жүйесiн таңдағандағы факторлар геологиялық және техникалық болып екi топқа бөлiнедi. Геологиялық факторларға жататындары – көмiр тақталарының саны, құлама бұрышы, аралық қашықтықтары, үйiндi қалыңдығы, не болмаса бос жыныс қабаттары, қорыс, сулы жыныстар, геологиялық бұзылыстар, қазбаның тереңдiктерi, көмiр тақтасының газдылығы, жер бетiнiң кедір бұдырлылығы. Техникалық факторларға жататындары: шақтының жылдық қуаты, жұмыс атқару мерзiмi, шақты алабының мөлшерi, кен өндiру техникасының жетiстiгi.



2. Шақты алабын этаж тәсілімен даярлау. Этаж тәсiлімен (4.1, а-сурет) даярлағанда жазылым бойымен өткізiлетiн штректер арқылы шақты алабын этаждарға бөледi, олардың жоғарғы шекарасы желдетпе штрегi, төменгi шекарасы тасыма штрегi болады, ал екi жақ қанаты шақты алабы шекарасына тiреледi. Шақты алабындағы этаждарда жұмыс iстеу жоғары қарай күрделі бремсбергпен, төмен қарай күрделі еңеспен қамтамасыз етiледi.



4,1 - сурет Шақты алабын даярлау тәсілдері: а - этаждарға, б - панелдерге, в - горизонттарға, г - блоктарға бөлу: 1- негiзгi оқпан; 2 - желдетпе оқпан; 3 - негiзгi тасыма штрегі; 4 - бремсберг; 5 - еңес; 6 - қазба (тазартпа) алабы; 7 - алынатын бағана; 8 - жел жiберетiн оқпан; 9 - этажаралық штрек; I, II, III, IV- этаждармен, панелдердiң бiрiнен кейiн бiрiнiң алынуы

Этаждың штректер арасындағы құлама қашықтығын этаждың құлама биiктiгi деп те атайды. Этаждың құлама биiктiгiн төмендегi формуламен табуға болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет