Дәрістер жоспары



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жарылғыш заттармен жару жабдықтары. Тау-кен өндiрiсiнде аммиак-селитралы мен нитроглицерин жарылғыш заттары (ЖЗ) кеңiнен қолданылады. Бiрiншiсiнiң негiзгi компоненты аммиак селитрасы (NН43). Бұған аммонит, аммонал, динафталит, динамон т.б жатады. Нитроглицерин С3Н5(ОNО2)3, нитроглицериндi жарылғыш заттардың негiзгi қосындысы болып саналады, бұған динамитте жатады. Қолдану ережесiне сәйкес ЖЗ мынадай топқа бөлiнедi:


  1. Сақтық тiлемейтiн - жер бетiнде және шаң, газ жарылу қаупi жоқ шақтыларда, жарылыс жұмысын өткізу үшiн.

  2. Сақтық тiлейтiн - шаң, газ жарылу қаупi күштi шақтыларда.

  3. Өте сақтық тiлейтiн - көмiр жару iсiнде қолдану үшiн.

Аммиак-селитралы ЖЗ патрон не қапшық пакетке толтырылған түрiнде, ал нитроглицерин ЖЗ тек патронды қалпында пайдаланылады. Жарылыс туғызатын процестi қозғаушы деп атайды. Оның от арқылы не механикалы жарылыс туғызатын түрлерi бар. От әдiсiн қолданғанда, дәрiнi жарғызатын жабдық ретiнде от өткiзетiн шнурмен, капсүл-детонатор қолданылады. Капсүль-детонатордың атқаратын мiндетi ЖЗ-қа қозғау беру. Капсүл-детонатор дегенiмiз iшi тұтынатын қозғаушы затқа (тетрил, тэн не гексоген оған қоса күркiреуiк сынап, не болмаса т қорғасын) толған, диаметрi 7 мм дейiн метал (алюминий не жез) не қағаз қауыз, (2.2-сурет). От жүргiзгiш шнурға жалғанған капсүл - детонатор ЖЗ iшiне жеткiзiлiп орналастырылады. Мұндай патронды оқталған патрон деп атайды.

2.2 - сурет Капсүл - детонатор: 1 - қауыз; 2 - аяқша; 3 - қозғаушы қосындылар



От жүргiзгiш шнурдың iшiмен от 1 м/сек шапшаңдықпен жайылады. Жалын от, аяқшадағы тесiктен капсүлге тиiп, ал ол ЖЗ-ға детонация бередi. Газ және шаң қаупi бар шақтыларда және қазбалардың құлама бұрышы 300-тен жоғары болғанда, ЖЗ-ды отпен тұтандыруға болмайды.

Электр қуатымен жарғанда, ЖЗ-ға детонация беру үшiн, электр тұтатқышымен қосылған, капсүл-детонатор қолданылады. Электр-детонаторлардың тез және жәй жұмыс iстейтiндерi бар (2.3-сурет).

2.3 - сурет Электрдетонаторлар: а) тез әрекеттi; б) жәй әректтi; 1 - пластикалы тығын; 2 - тұтататын зат; 3 - гильза; 4 - аяқша; 5 - тор; 6 - шабандатушы зат; 7 және 8 - қозғаушы заттар

2.3 а-суретте тез тұтанатын электр-детонаторы көрсетiлген. Электр тұтандырғыш екi жекеленген, диаметрi 0,5-0,6 мм сымнан тұрады. Екi сымның ұшына, жеңiл тұтанатын, қосынды (нихром) жалатқан сымнан, балқыту көпiршiгi жапсырылады. Балқыту көпiршiгiмен электр қуатын жiбергенде, элетрдетонатор жарылады.

Жай әрекеттi электрдетонаторлардың электр тұтандырушымен, қоздырушы қосындысының арасына арнайы жайлату заты қойылады (2.3, б-сурет). Бүндай жағдайды, оқталған теспені бiрiнен кейiн бiрi жарылу үшiн қолданады. Электрдетонаторды жару үшiн, токты машинкадан не болмаса электр торынан алады.

Жарылыс жұмысын жүргiзу. Жер астында жарылыс жұмысы скважина не теспе зарядтарын жару арқылы жүргiзiледi. Кен қазбалары жүргiзiлгенде теспе зарядтары қолданылады. Жарылғыш заттар теспенің өн бойын 1/3 тен 2/3 дейiн толтырады, қалған жерi жанбайтын материалдармен тығындалады. Жарылу қуаты жарылатын кен сiлемiнiң бос беттерiнiң санына және бос беттермен зарядтардың аралық жақындығына байланысты. Бұл аралық жақындығын ең кем кедергi сызығы (ЕКС) деп аталады.

Қазбалардың кенжарында бiр кейде екi жалаңаш бет кездесiп тұрады. Қосымша жалаңаштық құру үшiн алдымен қуыс жасау теспелері бұрғыланады. Кедергi сызығын (ЕКС) шағындату үшiн, жарылғыш жаттарды әр түрлi уақытпен жарған дұрыс.

Тау-кен өндiрiсiнде, кен алу жұмысында скважиналы зарядтар кеңiнен қолданылады. Скважиналарды арнайы станоктармен, диаметрi 50 ден 130 мм дейiн және үзындығы 10-50 м дейiн қылып бұрғылайды. Жарылғыш заттармен скважинаны оқтаған кезде, жеңiлдiк туғызу үшiн ауа күшiмен оқтайтын, оқтағыштар пайдаланылады.

Жарылыс жұмысын жүргiзу үшiн, қолында тиiстi куәлiгi бар кеншiлер жiберiледi.

Кенжар ауасын алмастыру. ЖЗ жарылғанда мынадай заттар пайда болады - көмiр тотығы (СО), азот қос тотығы (NО2), т.б. Кен қазбалары (оқпандар, штольнялар, квершлагтар, штректер т.б.) сыңар тұйық ретiнде жүргiзiледi. Мұндай қазбаларда жарылғыш жұмыстары орындалғаннан кейiн, ауасын алмастырып тұру үшiн жергiлiктi желдеткiштердi қолданады. Жел ауыстырудың үш түрлi әдiсi бар: ауаны қысып үрлеп жылжыту; сорып жылжыту; аралас әдiс. Ауаны үрлеп жылжытуда таза ауа құбыр арқылы берiлiп, ал жарылғыш заттары араласқан лас ауа қазба бойымен тысқа бос ағызылып шығарылады (2.4 а-сурет). Сорып жылжыту әдiсiнде ластанған ауа құбырға желдеткiшпен сорылып, ал таза ауа қазба бойымен кенжарға ағынмен жеткiзiледi (2.4 б-сурет). Екi әдiстiң екеуiндеде таза ауа келетiн қазбамен қазылып жатқан қазбаның түйiсетiн жерiнен ең кем дегенде 10 м қашықтықтан алынады. Аралас ауа әдiсiнде екi желдеткiш қойылады, бiрiншiсi ластанған ауаны қазбадан сорып тартса, екiншiсi таза ауаны қазбаның iшiне үрлейдi (2.4 в-сурет).



2.4 - сурет Тұйық қазбалардағы ауа ауыстыру жүйесi

Жыныстарды тиеу. Ауа тазартылғаннан кейін уатылған жыныстарды тиеу жұмысы басталады. Тiк қазбалар өткiзгенде жыныстар грейферлi тиегiштермен ГП-2, КС-3, КС-2М, КС-1М қазба қауғасына тиеледi. Олар 500 кПа ауа қысымымен жұмыс iстейдi. Кенжардың 10 - 16 м2 қимасына бiр тиегiш қолданылады.

Грейферлi тиегiш (2.5-сурет) ауа көтергiшiмен жоғарғы шығырға арқанмен iлiнедi.



2.5 - сурет ГП-2 жүк тиегiші: 1 - бес саусақты грейфер; 2 - ауакөтергiш; 3 - құрық; 4 - грейфер жапқызғышы;

5 - саусақтар; 6 - тартушылар; 7 - қозғалмалы траверс

Көлемі 0,1 м3 грейфер тиегiшi ауа жапқышымен жабдықталған. Грейфер тиегiшiн арнайы жетекпен басқарады, онда екi кнопка болады, бiреуi грейферді басқару үшiн, екiншiсi көтергiш үшiн. Грейфердiң сағатына орта есеппен 14 м3 жыныс тиейдi. Қауғаға тиелген жыныс жер бетiне шығарылып жыныс үйiндiсiне жеткiзiледi. Жазық қазбаларда жыныстар циклді не үзiлiссiз iстейтiн машиналармен тиеледi. Жазық қазбалар жүргiзу мен тазартпа жұмыстарында ППН2Г жүк тиегiш машинасы қолданылады. Үздiксiз тиейтiн ПНБ машинасы ленталы немесе қатпарлы конвейерлермен тасыма құралдарға тиейдi.

Жүк тиегiш машиналардың iшiндегi ең көп тарағандары 1ПНБ2, 2ПНБ2, 1ПНБ2У. Кен қазбаларын өткізу жұмысы тұрақты бекітпелер орнатумен аяқталады.
2 Тау – кен қазбаларын жүргізу әдістері.
Тік қазбаларды өткізу технологиясы. Негiзгi жыныстар бойымен оқпандар бұрғылап-жару әдiсiмен жүргiзiлгенде келесі операциялар орындалады: теспелерді бұрғылау, оларды дәрiлеп жару, жарылыстан соң желдету, оқпан жағдайын қадағалап қарау т.б. Оқпан тереңдеген сайын уақытша тіреу қойылып, кейiн ол түпкiлiктi бекітпеге ауыстырылады. Ұңғылау барысында оқпан жекелеген учаскелерге бөлiнедi. Әр-бiр учаскеде ең алдымен жынысты қазып, уақытша тіреу қойылады, ал соңынан уақытша тіреу тұрақты бекітпемен ауыстырылады. Учаске ұзындығы жыныстардың геологиялық жағдайларына байланысты, көлбеу жатса 30 - 50 м, ал тiкелей жатса одан қысқалау болып өзгереді. Ағаш тiреулері оқпандарда учаске мөлшерi 5 - 20 м құрайды.

Түпкiлiктi бекітпе тiрек тәжiнен бастап төменнен жоғары қарай қойылады (2.6-сурет).




2.6 - сурет Бетон құрсауының тiрек тәжiсi: 1- айналма қуыс; 2 - бөренелер; 3 - уақытша құрсау; 4 - аспау; 5 - бөренелер; 6 - ағаш сөрелерi; 7 - құрсау

Әрмірлеу жұмысы, оқпандарды толық тереңдiгiне шейін өткізгеннен кейiн, немесе жекелеген құрамдарға бөлшектенiп жасалынады. Тік оқпандар өткізер алдында транспортпен, электр қуатымен, сумен, және қажетті ғимараттармен қам-тамасыз етiлген құрылыс алаңы дайындалады. Оқпан өткізу процесі оның аузынан басталады. Оқпан аузы деп, оның жер үстiмен негiзгi жыныстар арасында жатқан бөлігін айтады.



Оқпан ауызын кеңейту кезінде топырақ қазу жұмыстары тікелей грейфермен немесе ұрғы балғамен орындалады, ал оны жер бетіне көтеру – автокранмен әлде экскаватормен атқарылады. Негiзгi жыныстарда оқпан өткізу әдетте бұрғылап жару әдісімен орындалады. Дөңгелек қималы оқпандарда, теспелер дөңгелек шеңбер бетімен орналасады (2.7 а-сурет).

Омыртпа теспелер еңкiштiгi 50 - 900 етiлiп бұрғыланады. Теспелердің пайдалану коэффициентiн (ТПК) жоғарлату мақсатында омыртпа теспелер басқа теспелерден 150 - 200 мм тереңiрек бұрғыланады. Оқпан қабырғасынан 15 - 40 см қашықтықта сыртқы нобайы бойынша пішіндеуші теспелер бұрғыланады. Омыртпа және пішіндеуші теспелер арасында бiр-екi шой теспелер орналасады (2.7 б-сурет). Оқпанды өткізгенде кеншiлер мен сайман құралдарды және материалдарды түсiрiп, көтеру үшiн көтергiш дің (копёр) құрылады. Оған жататындары: көтергiш машина, көтергiш сауыттар, бағыттағыш құралдар мен қырдағы қабылдағыш алаң т.б.

2.7 - сурет Шақты оқпанын өткізердегі теспелердің орналасу схемасы:

а) дөңгелек қиықты; б) тiк қиықты

3. Тау – кен қазбаларын өткізу технологиясы.


Жазық қазбаларды өткізу технологиясы. Жазық қазбаларды біртекті (қалың тақталардағы - квершлагтар, орттар, штректер) және әртекті (жұқа көмiр тақталарындағы - штректердi) жыныстар арасында өткізедi. Бiртектi, қатты жыныстар арасындағы қазбаларды бұрғы-жарылыс тәсілімен жүргізеді. Теспелер санын, тереңдiгi мен бағыттарын жыныстың физика-механикалық қасиеттерiн және қазбаның көлденең қимасын ескере отырып қабылдайды. Ең алдымен кертпе теспелері жарылады (2.8-сурет), одан кейiнгілерін қосымша дейді. Ең соңында долбарлаушы теспелер жарылып, қазбаның пiшiнi қалыптастырылады.

Жарылғыш заттың қуатын молайту мақсатында кенжардың орта тұсынан, диаметрi 300 мм дейiн бір-екі скважина бұрғыланады, сөйтiп қосымшы ашық кеңiстiк жолы ашылады.



2.8 - сурет Жазық кенжардағы кертпе (а) қосымша (б) долбарлаушы (в) теспелерінің орналасуы

Жазық қазбалар көбінесе әртүстi жыныстар арасында жұқа көмiр тақтасы, не болмаса, кен желiсi бойымен жүргiзiледi. Осындай жағдайда кен қоршаған жыныстар бір-бірімен бөлек қазып алынады және. қазбаны кеңейту мақсатында қоршаған жыныстарды қопару керек болады, (сурет 2.9 а,б,в).

2.9 - сурет Штректi жұқа көмiр тақталарының бойымен өткізгендегі, бүйiр жыныстарын қопару әдiстерi

Штректердi өткізу әдiсi екi түрлi болады: бiрiншiсi - көмiр мен жыныс жұмыстарын бөлмей атқарғанда, екiншiсi – кенді алу мен жыныстағы жұмыстарды бөлек өткізгенде.

Әртектi жыныстарда қазбалар екі әдiспен - тар және кең кенжарлармен жұргізіледі. Қазбаларды тар кенжармен жүргiзгенде, жыныстар жер бетiне шығарылады не болмаса қазым кеңiстiгiне орналастырылады.



Қазбаларды кең кенжармен жүргiзгенде, пайдалы қазбаның алу енi қазба енiнен кең қылып алынады. Кейiннен қазба штректен тыс жерге бос жыныстар орналастырылады. Желдетуге, су ағызу, жүк тасымалдауға және кеншiлер жүрiп тұруға арналған пайдалы қазба (көмiр) шетiнен ені 1 – 2 м бос кеңiстiк қалдырылып отырылады. Оның төменгi, жоғарғы және екі жақты түрлерi болады (2.10-сурет).
2.10 - сурет Штректi әртектi жыныстар арасында өткізу схемасы: а) тар кенжармен; б) кең кенжармен, жоғарғы бос кеңістікпен; в) екi жақты бос кеңістікпен; г) төменгi бос кеңістікпен; 1 - штрек; 2 - тасқорған (бут жолағы); 3 – жасанды қазба
Штректi тар кенжармен жүргiзгенде, көмiр мен жыныс қазып алу жұмысы тiзбектелiп бiрiнен кейiн бiрi не болмаса қабаттастырылып өткізіледі. Тiзбектелiп өткізу схемасында, көмiр кенжары жыныс кенжарынан 1,5-2 м озып отырады. Көмiрдi алуда жарылыс күшi, қопару балғасы не болмаса бұрғылап шығару әдiстерi қолданылады. Жарылыс күшiмен алғанда, теспе тереңдiгi 2-2,2 м болады. Ал бұрғылап алғанда, тереңдiгi 3 м, диаметрi 600 мм сважиналар қолданылады. Осындай әдiс өте көп метан шыққан жағдайда пайдаланылады.

Тар кенжарды қосарлап алу схемасында, көмiр және жыныс кенжарындағы жұмыстар жұптастырылады, ол үшiн көмiр кенжары жыныс кенжарынан 4 - 7 м алда жүргiзiлетін жағдай жасалынады. Көмiр кенжарының ұзындығы штрек енінен 1 - 1,5 м артық алынады, ол өрлеме жағынан алаң (берма) жасауға қажет. Бермада орнатылған сырмалы конвейер құлатылған көмiрдi 20 - 40 м қашықтыққа тасып, вагонеткаларға тиейдi (2.11-сурет). Көмiр кенжар жылжысы өскен сайын, конвейер де ұзартылып отырылады.

2.11- сурет Штректердi кертiк кенжармен өткізу технологиясы

(қосарлы схема)

Жарылыстан кейін кенжар ауасы жергiлiктi желдеткiш арқылы тазартылып отырылады. Кенжар iшiндегi үйiндi жыныстар вагонеткаларға машиналар арқылы тиеледi.



2.12 - суретте, штректi ендi кенжармен өткізу әдiсi көрсетiлген. Штрек кең алымды кенжармен жүргiзiлгенде, көмiр кенжары тазартпа кенжармен қосылып отырады, ал жыныс кенжары көмiр кенжарынан қалыс жүргiзiледi. Көмiрдi құрамды көмір кенжарынан әкету үшiн үш сырма конвейері қолданылады. Кенжар төңірегіндегі бос кеңiстiктi толтырма (тығындама) жұмысы, қол немесе рештак арқылы орындалады.

2.12 - сурет Штректi ендi кенжармен өткізу схемасы
Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшелiктерi. Көлбеу қазбалардың өткізу технологиясының ерекшелiктерi, бұл қазбалардың жер кеңiстiгiнде еңкiс жүргiзiлуiндегiсi.

Көлбеу қазбалар төменнен жоғары, не болмаса жоғарыдан төмен қарайда жүргiзiледi. Кенжарды төменнен жоғары қарай қазғанда, шақты газы ауадан жеңiл болғандықтан кенжар бетiне үйелеп жарылыс қаупiне әкеп соғады, сондықтан кенжарды пәрмендi желдетуге мұқтаждық туады. Осыған байланысты, газды шақтыларда көлбеу қазбаларды көбiнесе жоғарыдан төмен қарай өткізу әдiсi қолданылады. Көлбеу қазбалары жүргізілгендеде тар кенжармен кең кенжармен жүргізу әдісін қолдануға болады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,7

Қосымша әдебиеттер: 8,10

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып)

1. Тау – кен қазбаларын жүргізудегі үдірістер.

2. Тұйық қазбалардағы ауа ауыстыру жүйесі.

3. Тік қазбаларды өткізу технологиясы.

4. Көлбеу қазбаларды өткізу ерекшеліктері.
3- тақырып Шақтылардың тазалау жұмыстары (4 сағат)
Дәрістер жоспары

1. Тазалау жұмыстары.

2. Тазартпа кенжарындағы қысымдар туралы түсініктер.

3. Тазартпа жұмысын жүргізу кезіндегі тау-кен қысымын игеру.


1. Тазалау жұмыстары.

Тазартпа кенжарындағы жүргiзiлетiн жұмыстар: көмiрдi шауып, құлату, сонан соң конвейерге тиеу; алынған кеңiстiкті тіреп бекіту; көмiрдi тасыма штрегiне жеткiзу; тiреу материалдарын кенжарға (лаваға) жеткiзу; лава жылжысына сәйкес жабдықтарды көшiру; тау-кен қысымын игеріп-басқару.

Көмiрдi алу үшiн комбайндар, жоңғыштар, қырнағыштар, шой балғалар, тiлме машиналары қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет