Дәрістер жоспары



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тiлме машиналары тек көмiр тақтасының астын тiлудi ғана механикаландырады. Ал оларды қолданғанда көмiрдi уатып-қопару жарылыс күшiмен атқарыладыда конвейерге қол күшімен іске асады.

Тазартпа комбайн – көмiрдi тақта сiлемiнен қопарып алып ұсатуды және конвейерге тиеудi орындайтын құрал. Осы аталынған жұмыстардың бәрiн комбайнның бұрғы, бар, шнек, не болмаса барабан түстi, кесiп түсiретiн жұмыс құралдары орындайды. Енi 1 м дейінгі көмiр алатын комбайндарды таралқымды деп атайды.

Көмiр жоңғышыкомбайннан айырмашылығы, көмiрдi кеспейдi, оның орнына ол конвейердiң үстiмен жылжып, көмiрдi өзiнiң тұтас, не болмаса тiстi пышағымен жоңқалап конвейерге түсiредi. Жонып алынатын көмiр қалыңдығы 0,1-0,15 м дейiн барады.

Шой балғақолмен жұмыс iстейтiн, пайдалы қазбаны ұрып уататын құрал. Шой балға көмiрдi түсiрудi жартылай ғана механикаландырады және бұл жұмыс кеншiнiң көп күш жұмсауын қажет етеді. Шой балғалар көбiнесе тiк, тiкелей жатқан, өз салмағымен тасылатын көмiр тақталарында қолданылады.

Кеншiлер мен машиналар орналасатын кенжар кеңiстiгiн – жұмыс кеңiстiгi деп атайды. Оның енi 2 - 4 м дейiн болады. Жұмыс кеңiстiгiнiң сыртында, құлатуға жататын, бос кеңiстiк болады. Жұмыс кеңiстiгiн сақтау мақсатында көмiр алынған сайын бекітпелер қойып отыру керек.

Кенжар тiреулері ретінде қолданатындар: қолмен қойылатын ағаш не метал бекітпелер; сүйық жүйелi домкрат арқылы жылжытылатын бекітпелер; қалқанды бекітпелер. .

Пайдалы қазбаны тасуға қырнағыш конвейерлер пайдаланылады. Лава жылжыған сайын, конвейерлер жылжытылып отырылады. Конвейердi жылжытуға көп уақыт жiбермеу үшiн, көбiнесе иiлмелi конвейерлер қолданылады.

2. Тазартпа кенжарындағы қысымдар туралы түсiнiктер.

Тазартпа жұмысын жүргiзу салдарынан бүйiр жыныстары жалаңаштанып, оларда жылжу басталады да қазба бекемдеріне қысым түсіреді. Осындай құбылысты тау-кен қысымы деп атайды. Тау-кен қысымының пайда болуы (жыныстар жылжысы, қысымның тiреуге түсiретiн күшi) көбiнесе геологиялық және өндiрiс технологиясының жағдайына байланысты болады. Белгілі көмiр бассейндерiнде кенжардан 1 м қашықтықта жыныстардың 20 – 30 мм, ал 4 - 5 м қашықтықта 60 - 250 мм жылжитыны байқалған. Босаған кеңiстiктегi бекемдерге түсетiн қысым мөлшерi бiрiншi қатардағы тiреулерде 10 - 20 кН шамасында болса, соңғы қатарда 200 - 400 кН дейін жетеді.

Кен алу орны жер бетiнен тереңдеген сайын, тiреулерге қысым күшейiп, қазбаның табан жыныстары iшке қарай ісінiп шыға бастайды. Көмiр тақтасы қалың болса және тiреу қою жұмысы өз уақытында жүргiзiлмесе, төбе жыныстарының сөгілісі молайып, тiреуге қысым күшейе бастайды. Көмiр тақтасы қалың болған жағдайда, тiреулер жиi қойылуы мүмкін. Кенжар жанындағы кеңiстiктiң енiде тау-кен қысымына әсер етедi. Ол кеңiстiк тар болған сайын, оған түсетiн қысымда азая бередi. Тау-кен қысымының мөлшерi тiреулердiң механикалық қасиеттерiне байланысты болады. Неғұрлым тiреу қатаң болса, солғұрлым қысым күштiрек байқалады. Жыныс қысымы кенжардың жылжу шапшаңдығымен байланысты. Егерде кенжар жылжуы екi есе өссе, онда тiреуге түсетiн жыныс қысымы да 25 - 40 % азаяды.

Тазартпа қазбалардың жұмыс кеңiстiгiн бекемдеу схемалары.Жұмыс кеңiстiгi көмiр қазып алу мен тасыма жабдықтарын орналастыруға және сол арқылы жылдамдығы сағатына 4 метрге дейінгі ауа ағысын өткізу үшін пайдаланылады. Жұмыс кеңiстiгi құлап түспеу үшiн, ағаштан не металдан кенжаріргелік тiреулер қойылады. Көмiр тақтасының геологиялық жатысына байланысты ағаш бекемдер жеке тіреулерден, не болмаса маңдайша астында орналасқан екi-үш тiреуден (тағаннан) құралатын бекітпе қалыптардан тұрады. Маңдайша ұзындығы 2 м, ал бекем қалыптарының аралығы құлама бағытында 0,9 - 1 м, не 2 м болады (3.1-сурет).



.

3.1 - сурет Кенжар беттес тіреу: а) ағаштан; б) металдан

Кейiнгi кезде көмiр өндiрiсiндегi шақтыларда механикаландырылған бекітпелер қолданылады (3.2-сурет).

Суретте көрсетiлген тiреулер бүйiр жыныстарымен әрекеттесуіне байланысты бiрнеше топқа бөлiнедi: қорғауыш (3.2 а-сурет), ұстауыш (3.2 б-сурет), қорғап - ұстауыш (3.2 в-сурет), ұстап - қорғауыш (3.2 с-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет