Дәрістер жоспары



бет9/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
һЭ = Аж / 2Lmgс, м,
мұнда h - этаждың құлама биiктiгi, м; L - тазартпа жұмыстарының жылдық жылжу мөлшерi, м; g - пайдалы қазбаның тығыздығы, т/м3; m – тақтаның орташа қалыңдығы (қуаты), м; с - этаждағы көмiр алымының толықтығын көрсететiн коэффициент; 2 - қос қанатты шақты жұмыс бағытының саны; mg – тақтаның өнiмдiлiгi, т/м2. Көп тақталы қазылымда этаждың құлама биiктiгi төменгi формуламен есептелiнедi:

hэ = Аж / 2LSрс, м,

мұнда Sр - тақталар өнiмдiлiгi,



Sр = р1 + р2 + р3 + .... + рn..

Этаж қанаты бремсберг, құлама қазбалар арқылы қосымша бөлiктерге бөлiнедi, оларда өткізiлген бремсбергтер мен құламалар, учаскелiк бремсбергтер, не учаскелiк құламалар деп аталады. Бремсберг пен құлама үлесiне тиген этаж бөлiгiн қазып алынатын алаб (қазба алабы) деп атайды. Этажды құлама бойымен кейде 2- 3 аралықэтажға бөледi, әр-бiр аралықэтажда бiр кенжардан болады.

3. Шақты алабын панел тәсілiмен даярлау. Панел тәсілiмен даярлағанда (4.1, б-сурет) шақты алабын тақтаның құлама бойымен жоғары не төмен қарай, ұзындығы 800 - 1200 м, жазық бойымен 1500 - 2000 м панелдерге бөледi. Панел ортасындағы басты штректен панел бремсбергi мен панел еңесi өткізiледi. Бұлар панелдi 2 қанатқа бөледi. Әр қарай панелдi жоғарыдан төмен қарай тасыма және желдетпе штректермен шектелген ярустарға бөледi. Ярустың әр қанатында бiр-бiр кенжардан болады. Панелдің этажбен салыстырғандағы артықшылығы пайдалы қазбаны алу жұмысының шоғырландырылуы мен қарқындатылуына жол ашуында. Панел тәсілiнiң кемшiлiгiне құлама қазбалар санының көптігі, жерасты штректермен тасу жұмыстарының 20-30% өсуі жатады. Панел көбiнесе жазық және болмаса көлбеу (16-18о) жатқан көмiр тақталарын қарқынды алу үшiн қолданылады.

4. Горизонттап даярлау тәсілi. Горизонттап (4.1, в-сурет) даярлағанда, барлық алынатын алаб бiр горизонт боп саналады. Горизонттың бүкiл құлама бойымен жоғары не төмен қарай ұзын бағаналы қазбалар өткізiледi, ал көмiр не жоғары қарай, не төмен қарай алынады. Бұл тәсіл өте газды, құлама бұрышы 12о дейiн баратын бүйiр жыныстары өте сулы, ал геологиялық бұзылыстар бағыты құлама бағытына келетін көмір тақталарында қолданылады. Тәсіл, механикаландырылған комплекстердi қолдануға өте қолайлы, өйткені бұл жағдайда комплекстер орнатылған кенжарлардың ұзындығы сақталады және кенжар жабдықтарын, комплекстердi құрастыру, жинау не болмаса оларды бөлшектеу жұмысы азаяды.

5. Блоктап даярлау тәсілi. Шақты алабын блокқа (4.1, г-сурет ) бөлiп алу тәсілi, оның көлемi үлкен (жазық ұзындығы 8 - 12 км ден астам), газы өте көп топты көмiр тақталарын ашқанда және шақтының жылдық өнiмi көлемді (8-10 мың. т тәулiгiне) болғанда қолданылады. Осындай жағдайда шақты алабы бiрнеше блокқа бөлiнеді, әрбір блокта тазартпа кенжарлар мен даярлаушы қазбаларды желдетету мақсатында желдеткіш оқпандар өткізiледi. Әр блок, панел т.б тәсілдерiмен даярлануы мүмкiн. Пайдалы қазба блоктардан негiзгi штрек бойымен басты оқпанға жеткiзiлiп, одан әрi қарай сыртқа шығарылады.
Негізгі әдебиеттер: 1,2,7

Қосымша әдебиеттер: 8,10

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып)

1. Метан газының бөлінуі бойынша шақтыларды категорияға бөлу.

2. Шақта алаптарын дайындау схемалары және тәсілдері.

3. Шақты алабын этаж тәсілімен даярлау.

4. Шақты алабын панел тәсілімен даярлау.

5. Шақты алабын горизонттап даярлау тәсілі.

5- тақырып Шақты жөнінде жалпы мәлімет (4 сағат)

Дәрістер жоспары



  1. Оқпан албары.

  2. Шақтының жер үстіндегі технологиялық комплексi.

Оқпан албары. Шақтының барлық қазбаларын шақты оқпанымен қосуға арналған қазбалар шоғырын - оқпан албары деп атайды. Оқпан албарынан барлық шақтыдан шығарылатын және жер бетiнен түсiрiлетiн жүктер өтедi. Сондықтан оқпан албары жүк алмастыруға ыңғайлы болуы керек. Оқпан албарындағы көп қоймалар су тартуға, транспорттарды даярлауға т.б жағдайларға қолданылады. Ашу жүйесiн таңдағанда, оқпан албарын тұрақты жыныстардың арасында орналасуын қарастыру керек. Оқпан албарының жүк тасу мүмкiншiлiгi, шақтының жылдық өнiмiне сай болуы керек. Оқпан албарындағы рельс жолдары жүк жүру бағыттарына сай қылып өткізiледi. Оқпан албарындағы қазбалардың аумақтары оқпандардың орналасуына, көтергiш құбырлардың түрiне, ашу жүйесiне, тақталардың жатыс жағдайына, жер бетiндегi темiр жолдардың орналасуына байланысты жасалуы керек. 5.1-суретте, оқпан албарының, пайдалы қазбаны тiк оқпанмен ашқандағы орналасуы көрсетiлген. Оқпан албарындағы барлық камераларда, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес, өздерiнiң атқаратын жұмыстары болады. Мысалы, шақтыны тосыннан су басып кетпеу үшiн, насосты камераларға, электр станцияларына үш жүрiс жолдары өткізiледi. Оның бiреуi шақты оқпанына, камерадан жоғары 7 м биiктiкте қосылады, ал басқалары, тығыз жiктi есiктермен жабдықталып, оқпан албарына шығады. Орталық электр станциясының камерасы және басты су шығаратын камералар, оқпан албарындағы рельстерден 0,5 м жоғары орналасуы керек. Насос камерасынан 5,5 м төмен су жинағыш (шұңқыр) жасалынады, барлық шақтыдан шығатын су осында жиналады. Су жинағыш екеу болады, олар кезек-кезек жиналған, ластанған суларды тазалап тұрады. Басты су жинағыш камерасы 4 сағат бойындағы суды жинауға есептелiнедi.



Қауiпсiздiк ережесi бойынша, шақтының әр горизонтында өрт сөндiргiш поезд және өрт сөндiруге керек материалдар сақталынатын қойма болуы керек. Поезд және қойма оқпан албарында орналасуы керек. Қосалқы оқпанға келетiн қазбалар, өрт жiбермес есiктермен қамтамасыз етiледi. Көп шақтыларда жүк тасуда аккумляторлы электровоздар қолданылады, сондықтан аккумуляторды зарядтайтын станциялар және оларды жөндеу шеберханасы салынуы керек. Кеншiлер жұмыстан кейiн қырға шығу үшiн аялдама камерасына жиналады. Егерде шақтыда iстейтiн кеншiлердiң саны 500 ден асса, онда медпункт ашылады. Жүктер тасылған және шоғырланған жерiнде диспетчер бөлiмi болу керек.



5.1 – сурет Оқпан албары: 1 – скипті оқпан; 2 – клетті оқпан; 3 – ЖЗ қоймасы; 4 – ЖЗ қоймасын желдететін түйіліспе; 5 – зарядтау камерасы; 6 – жөндеу шеберханасы; 7 – электртасымалдаушы тұратын жер; 8 – алмастыру станциясы; 9 – жыныстар түсіретін шұңқыр; 10 – көмір түсіретін шұңқыр; 11 – медпункт; 12 – туалет; 13, 14 – орталық электрстанциялары; 15 – су жүретін жүрісжол; 16 – кеншілердің поезға мінетін жері; 17 – насос станциясы



Шақтының жерүстіндегі технологиялық комплексi. Шақтының техникалық және шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыратын жер бетiндегi құрылыстар, үйлер, кен көтергiштер - шақтының жерүстілік комплексi деп аталады. Бұл комплекске жататындары жерүстiндегi құрылыстар, діңдер, көтергiш машиналар т.б. Бұл құрлыстарға жүк итергiштер, пайдалы қазбаны сақтайтын бункерлер және темiр жол вагондарына, арнаулы қоймаларға тиейтiн, ленталы конвейерлер жатады. Пайдалы қазбалар, темiр жол бункерлерiне тиелмей тұрып, iрiктелiп, сортталып, не болмаса байыту фабрикасына жiберiледi. Әрбiр шақтыда әкiмшiлiк-тұрмыстық комбинат салынады. Комбинаттан қосалқы оқпанның сөресiне қатынасу жабық галарея, не болмаса туннель арқылы атқарылады. 5.2-суретте, салынатын шақтылардағы жербетi құрылыстарының блоктанған түрi көрсетiлген. Рудниктердегi жер бетiндегi құрылыстар, көмiр шақтыларындағы құрылыстарға ұқсас келедi.

5.2 - сурет Шақты маңайы
5.3-суретте шақтыдағы өндiрiс алаңының негiзгi (бас) жоспары көрсетiлген.

Жер бетiндегi құрылыстардың және оқпан албарының жоспарлануы бiрiмен-бiрi байланысты болуы керек. Жаңа салынған шақтыларда, жер бетiндегi технологиялық процестердi механикаландыру, автоматтандыру үшiн, жер бетiндегi құрылыстар бiрiмен-бiрi қосылып топтасуы керек. Шақтыларда, жер бетi құрылыстарының топтамасы үш блоктан тұрады: бас оқпан блогi; қосалқы оқпан блогi; әкiмшiлiк - тұрмыстық комбинаты.




5.3 - сурет Шақты құрамының жобасы:

1 - негiзгi және қосалқы оқпан блоктары; 2 - байыту қондырғысы; 3 – жылыту орны; 4 – көмiр қоймасы; 5 - желдетпе қондырғылары; 6 - электростанциялар; 7 - тiреу материалдары қоймасы; 8 - әкiмшiлiк-тұрмыстық комбинат; 9 – көмiр тиейтiн жер

Негізгі әдебиеттер: 1

Қосымша әдебиеттер: 8

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып)

1.Оқпан албарының атқару қызметі.

2. Шақтының жерүстілік комплексі.

3. Шақты құрамының жобасы.


6-тақырып Шақты алаптарын ашу тәсілдері және схемалары (4 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет