Дәрістер жоспары



бет10/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәрістер жоспары


1. Жекелеген көмiр тақтасын ашу.

2. Топты көмiр тақталарын ашу.

3. Құранды ашу жүйелерi.

4. Штольнялар арқылы ашу жүйелері.


1. Жекелеген көмiр тақтасын ашу. Жекелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашып, оны қазып алу тәртiбi 10,1 - суретте көрсетiлген. Көрсетiлген жүйеде тізбектеле, алдымен тiк оқпан, оның төңiрегiндегi камералар, содан кейiн күрделі бремсберг пен жүрiс жолы өткізіледі. Шақтының бремсберг жағындағы алабы алынып таусыла бастағанда, шақтының еңес жағындағы алаб даярлана басталады. Ол үшiн төмен қарай күрделі еңес пен жүрiс жолы өткізiледi. Кен орны ашылып болғаннан кейiн, этаждағы көмiрлер тiкелей (6.1-сурет, сол қанаты), не болмаса керiсiнше (оң қанаты) бағытта алынады. Шақты алабының бремсберг жағындағы көмiрі тазартпа кенжардан тасыма бойымен штрекке жеткiзiлiп, әр қарай бремсбергке, оқпан албарына, одан тiк оқпан арқылы жер үстіне шығарылады. Желдету таза ауа оқпандардың бiрiмен, бремсбергке, тасыма штрекпен, тазартпа кенжарға жеткiзiледi, ал ластанған ауа желдетпе штрегi, жүрiс жолы мен шурф арқылы жер бетiне шығарылады.

Шақты алабы панел тәсілiмен даярланғанда, оқпан албары горизонтында бір штректің орнына екi штрек өткізіледi. Бұл штректер ашу қазбалары болып саналады және осылардан бастап дайындау қазбаларын - панел бремсбергтерiн жүргізеді.



2.Топты көмiр тақталарын ашу. Құлама бұрышы 10-250 және тақтааралық қалыңдық үлкен қуатты болса, онда көмiр тақталарын әдетте тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашуға болады (6.2, а-сурет). Квершлагтар шақты алабын бремсберг және еңес алабына бөледi, алабтар әрi қарай күрделі бремсберг, еңес және оларға қосарлама өткізiлетін жүрiс жолдарымен ашылады. Егерде көмiр тақталары бiрiне бiрi жақын жатса (6.2, б-сурет), онда көмiр тақталарын тiк оқпандармен, этажды немесе ярусты квершлагтар арқылы ашқан дұрыс.
6.1 - сурет. Көлбеу жатқан жекелеген көмiр тақтасын тiк оқпанмен ашу жолдары: 1 - оқпан албары; 2 - басты оқпан; 3 - қосалқы оқпан; 4 – тасыма штрек; 5 - желдетпе штрек; 6 - тазартпа кенжар; 7 – күрделі бремсберг; 8 - жүрiс жолы; 9 - күрделі еңес; 10 - желдетпе түйiлiспе; 11- шурф

Осындай әдiспен даярлағанда оқпандар (1 және 2) шақты алабының ортасына, белгіленген оқпан албары деңгейде өткізiледi де, осы горизонтта оқпан албары 1/ жабдықталынады, әрi қарай, оқпаннан төменгi көмiр тақтасының бойымен күрделі бремсберг 2/, күрделі еңес 3/ және оларға жапсарлас жүрiс жолдары өткізiледi.



6.2 - сурет Көлбеу жатқан топтама көмiр тақталарын ашу жолдары: а) тiк оқпандармен және күрделі квершлагтармен; б) тiк оқпандармен, этажды квершлагтармен

Егерде бүйір жыныстары тұрақсыз болса онда, күрделі бремсбергтер мен еңестердi тұрақты жыныс араларында далалық етіп орналастырған дұрыс. Жоғарғы көмiр тақтасын ашу үшiн күрделі бремсбергтерден 1-шi этаждың мұғдарында тасыма квершлаг 4/, желдетпе квершлаг 5/ өткізiледi. Сонымен күрделі бремсберг 2/, күрделі еңес 3/ екi көмiр тақтасының жұмысын қамтамасыз етедi. Осындай жүйемен ашылғанда, құлама қазбалардың жалпы ұзындығы қысқарады, тек этаж квершлагтарын өткізу қажеттігі туындайды.

Келтірілген ашу жүйелер бiр горизонтты түрге жатады. Көп горизонтты ашу жүйесiнің мысалына тiк жатқан тақталарды ашу жатады. Бұл жағдайда топты көмiр тақталарын этаж квершлагтарымен және де әр этажда оқпан албарын құрып ашқан дұрыс (6.3-сурет).


6.3 - сурет Құлама және тiкелей көмiр тақталарын тiк оқпандармен және этажды квершлагтармен ашу жолдары
Бiрiншi этаж екi тiк оқпанмен және этаж (тасыма 1, желдетпе 2) квершлагтарымен ашылады. Бiрiншi этаждағы қор алынып жатқан кезде, оқпандар 2-шi этаждың тасыма горизонтына дейiн тереңдетiлiп, 2-шi этаж ашылады. Бұлай ашу әдiсiнiң негізгі артықшылығы, көмiрдi ұзындығы басым жазық қазбалармен тасуға мүмкiншiлiк туғызуында. Құлама бұрышы 100 дейінгі көмір тақталарында квершлагтардың айтусыз ұзарып кетуiне қарай, жүк тасымалдау мен адамдардың жүріп-тұруына қажетті жағдай туындауына қарамастан көмiр тақталарын (күрделі немесе этажды) гезенктермен ашқан дұрыс.

Күрделі гезенкті пайдаланғанда (6.4, а-сурет), тiк оқпандар (1 және 2) төменгi тақтаға дейiн өткізiледi. Тiк оқпанның төменгi көмiр тақтасымен қиылысында немесе одан сәл төмен оқпан албары (3) ашылады. Төменгi көмiр тақтасын жоғарғы көмiр тақтасымен, оқпан албарынан өткізiлген гезенк (4) арқылы жалғастырады. Екi көмiр тақталарында, гезенк маңында, уақытында вагонеткалар алмастыратын тасыма жолдар (5) ескертiледi. Осыдан соң көмiр тақталарының әрқайсында күрделі бремсберг (6) мен күрделі еңес (7), оларға жапсарлас жүрiс жолдары өткізiледi. Төменгi тақтадағы көмiр әдеттегідей жолдарымен оқпан албарына жеткiзiледi. Ал жоғарғы тақтадан алынған көмiр күрделі бремсберг (6) немесе күрделі еңес (7) арқылы осы көмiр тақтасының тасыма штрегiне жеткiзiлiп, одан әрi қарай күрделі гезенк (4) бойымен оқпан албарына түсiрiледi. Күрделі гезенкпен ашудың артықшылығына, ашушы қазбалардың қысқалығы жатады, бiрақта жер астындағы жүк тасымалдау мен желдету жағдайын қиындата түседі. Бiрiне-бiрi жақын орналасқан көлбеу көмір тақталарын тiк оқпандар мен этажды гезенктер арқылы ашу жүйесін қолданған дұрыс.



6.4 - сурет. Көлбеу жатқан топты көмiр тақталарын ашу жолдары: а) тiк оқпандармен және күрделі гезенктермен; б) тiк оқпандармен және этажды гезенктермен; в) әр көмiр тақталарын жеке горизонтпен; I, II, III, …VI - этаждар

6.4, б-суретте шақты алабын этаж тәсілiмен даярлаудағы ашу жүйесi көрсетiлген. Тiк оқпандар төменгi көмiр тақталарына дейiн өткізiлiп, сол жерде оқпан албары ашылады, оқпан албарынан төменгi көмiр тақтасында штрек 2/, күрделі бремсберг 3/, еңес 4/, жапсарлас жүрiс жолдар өткізiлген. Осылардан кейiн, төменгi көмiр тақтасында этажды штректер өткізiледi, осы штректерден жоғарғы көмiр тақтасына этажды (көмiр түсiретiн 5/, желдетпе 6/) гезенктер өткізiледi. Күрделі бремсберг 3/ және күрделі еңес 4/ екi көмiр тақтасының жұмысын қамтамасыз етедi. Суретте, бiрiншi этажды желдеткендегi пайдаланған ауаның жүрiс жолымен ортада орналасқан, желдетпе оқпанға бағытталғаны көрсетiлген.

Этажды гезенктермен ашудың артықшылығы, этажды квершлагтармен ашқанмен бiрдей, бiрақта кеншiлердiң қарым қатынасына, жабдықтарды, материалдарды жеткiзiп беруде, қиыншылыққа әкеп соғады.



Көмiр тақталарының құлама бұрышы 80 төмен, аралары әжептеуiр қашық болғанда, оларды бiрiне-бiрi байланыссыз горизонттармен ашқан дұрыс (6.4, в-сурет). Әр көмiр тақтасында оқпан албары 1/ ашылады, күрделі бремсберг 2/ және күрделі еңес 3/, жүрiс жолдары өткізiледi.
3. Құранды ашу жүйелерi Күрделi геологиялық жағдайда жатқан көмiр тақталарын ашқанда, жоғарыда көрсетiлген ашу жүйелерi қолданылады. 6.5-суретте, құлама бұрышы 15-180 көмiр тақталарын құранды ашу жүйесi көрсетiлген. Төменгi екі көмiр тақтасы бiрiне-бiрi жақын, ал жоғарғы тақта әжептәуiр қашықта орналасқан. Мұндай жағдайда, бiрiне-бiрi жақын жатқан көмiр тақталарын тiк оқпандармен, этажды кевршлагтармен, қашықтағысын күрделі квершлагпен ашқан дұрыс. Көмiр тақталарының құлама бұрышы аз болған жағдайда, этажды квершлагтардың орнына этажды гезенктер арқылы ашқан дұрыс, (6.5, б-сурет). 6.5, в-суретте үш көмiр тақтасының құлама бұрыштары өзгермелi жағдайдағы ашылуы көрсетiлген.
6.5 - сурет Құранды ашу жолдары: а) көлбеу көмiр тақталарын (екi жақын жатқан және бiр алшақтау жатқан), этажды және күрделі квершлагтармен ашу; б) үш көлбеу тақталарын (екi жақын жатқан және бiр алшақтау жатқан), этажды және күрделі гезенктермен ашу; в) құлама бұрышы өзгермелi топты көмiр тақталарын ашу
4. Штольнялар арқылы ашу жүйелері. Таулы жерлерде штольнямен ашу жүйесi қолданылады. Тақталар жатысына байланысты штольня көмiр тақтасымен, не болмаса жыныстар арасымен, көмiр тақтасының жазық бойына қиыла өткізiледi (6.6-сурет).

Жүк тасу мен шақты суының табиғи шығуына ыңғайлы болу үшін штольня 0,003-0,006 көтерiңкi бойымен өткізiледi.

Штольня өткізiлгенде жыныстардың құлау жағдайын, су қауіпiн, жер бетiндегi құрылыстарға байланысты қалдырылатын жер мөлшерін даярлау, қаржының аз, штольняның темiр жолдармен қатынасы сенімді болуын ескеру керек.

Штольня горизонтынан жоғары жатқан қорлар алынғаннан кейiн, жазық көмiр тақталары құлау бағытында күрделі еңестермен (3 және 4) ашылады.



Көмiр тақталары тiке жатқан жағдайда, олар құлау бағытында тұйық оқпандармен (6, 6) және квершлагпен (7) ашылады. Желдету үшiн, көмiр тақталары шыққан жерiнде штольня (1) немесе шурф (2) өткізiледi. Шақты алабын штольнямен ашқанда су шығару, шақты ішіндегі тасу жұмыстары жақсарады.

6.6 - сурет Штольнямен ашу


Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,6,7

Қосымша әдебиеттер: 8,11

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып)

1. Жекелеген көмiр тақтасын ашу.

2. Топты көмiр тақталарын ашу.

3. Құранды ашу жүйелерi.

4. Штольнялар арқылы ашу жүйелері.

7-тақырып Шақты алабтарын қазу жүйелері және технологиялары

(4 сағат)

Дәрістер жоспары


  1. Кең қазу жүйесіне түсінік және оларды таңдауда әсер ететін себептер. Кең қазу жүйелерінің жалпы сипаттамалары.

  2. Көмiр кенiшi.

1. Кең қазу жүйесіне түсінік және оларды таңдауда әсер ететін себептер. Кең қазу жүйелерінің жалпы сипаттамалары. Пайдалы қазба алынғаннан кейiнгi босаған орындарын тазартпа қазбалары деп, ал ондағы кенжарларды тазартпа кенжары деп атайды. Тазартпа кезiндегi кеңiстiктi тазартпа кеңiстiгi деп, ал тазартпа кенжарындағы кендi алу жұмыстарын тазартпа жұмыстары дейдi. Тазарту жұмыстарын жүргiзу үшiн, көмiр алатын алаңда даярлау қазбалар өткізіледі. Даярлау қазбалар алдын ала, тазарту жұмысы басталмай тұрып, не болмаса бiрге, қабаттастырыла жүргiзеле бередi. Осыған орай тазарту және дайындау жұмыстарының арасында мерзiмдiк және кеңiстiк байланысы болады. Сонымен, тазарту және дайындау жұмыстарын мерзiмдi және кеңiстiкпен байланысты жүргiзу кен қазу жүйесi деп атайды.

Қолданылған кен қазу жүйесi тау-кен жұмысының қауiпсiздiгiн, кен қорының экономикалық және техникалық тұрғыдан жағылымдылығын, тиiмдiлiгiн, шыққан қордың, мүмкiндігінше арзанға түсуiне себеп болуы керек. Қабылданған кен қазу жүйесi, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес келіп, тау-кен жұмысын бақылайтын орындармен бекiтiлуi керек. Кен қазу жүйесiнiң экономикалық тұрғыдан тиiмдi болуы үшiн кен қазу, оны тиеп жеткiзу процестерi механикаландырылып, автоматтандырылып, дайындау үңгiлерiн керегiнше азайтып, кен қазу жұмысында ұтымды жолдарын қарастыру керек. Кен шығындарын азайту жолдарында, пайдалы қазбаның геологиялық жатыс жағдайына байланысты, кен қазу жүйесi таңдап алынуы керек. Кен қазу жүйелерi пайдалануына байланысты бiрнеше топқа бөлiнедi. Ал көмiр алу саласында, кен қазу жүйелерiнiң топтары өзiнiң негiзгi және қосалқы нышандарымен байқалады.

Негiзгi нышан ретiнде, көмiр тақтасын қуатына байланысты толық алу, не болмаса қабаттап алу әдiсi қолданылады. Қосымша нышанға жататыны, тазартпа алаңындағы көмiр тақталарын дайындап алып, содан кейiн алу.

Осымен, негiзгi нышан тобына сәйкес көмiр тақталарының қазу жүйелерi екi класқа бөлiнедi :


  • көмiр тақталарын толық қазу жүйесi;

  • бөлшекті қабаттап қазу жүйесi.

Қосымша топтасу нышанына байланысты, қазу жүйелерi тағыда төмендегiдей бөлiнедi ;

  • жаппай қазу жүйесi;

  • бағаналы қазу жүйесi;

  • қысқа тазартпа кенжармен қазып алу жүйесi;

  • кенжар iшiнде адамдарсыз қазу жүйесi;

  • құлама қабаттармен қазып алу жүйесi;

  • көлденең қабаттармен қазып алу жүйесi;

  • жазық қабаттармен қазып алу жүйесi;

  • ықтиярсыз қопарып қазып алу жүйесi.

Пайдалы қазбалардың жер астында орналасуы әртүрлi болады, Сондықтан, кен қазу жүйесiн таңдап алуда геологиялық, техникалық себептердi толық қарастырған жөн. Кен қазу жүйесiн таңдағанда негiзгi себептерге жататындары: пайдалы қазбаның қуаты, құлама бұрышы; бүйiр жыныстарының механикалық қасиеттерi; су аумақтары; көмiр тақталарының өртке шалығуы; тазартпа және даярлау кенжарларындағы ұйымдастыру, механикаландыру әдiстерi.

2. Көмiр кенiшi. Жұқа көмiр тақтасын алғанда, көбiнесе жаппай кен қазу жүйесi қолданылады 7.1-сурет).

Егерде этажда, не болмаса яруста (7.1 а-сурет) бiр тазартпа кенжар орналасса, онда кен қазу жүйесiндегi мұндай өзгешiлiк - лава-этаж деп аталады. Ал көмiр тақталарының қуаты 0,8 м кем болғанда, этажды 2-3 аралық этажға бөледi (7.1 б-сурет).

Этажды аралық этажға бөлгенде тасыма штрек (3) және желдетпе штрек (6) өткізiлiп және аралық этаждардың санына байланысты бiр не екi этажаралық штректер (10) өткiзiледi. Этажаралық штректер тасыма штректермен учаскелi бремсберг (9) және жүрiсжолы (2) қосылады. Тазартпа жұмысы басталғанша, кенжар жабдықтарын орналастыру үшiн, енi 2 м кем емес тiлме қазба жүргiзiледi. Сонан кейiн тазартпа жұмысы басталады. Тазартпа кенжары жылжыған сайын штректер ұзара бередi. Штректер бос кеңiстiктiң әсерiнiң астында қалғандықтан, оларды сақтау қиындыққа әкеп соғады.



7.1- сурет Жаппай қазу жүйесi: а) лава - этаж; б) этажды аралық

этажға бөлу; 1 - күрделі бремсберг; 2 - жүрiсжол; 3 - тасыма штрек; 4 - жапсармақаз; 5 - тiлмеқазба; 6 – желдетпе штрек; 7 - тазартпа тiлмеқазба; 8 - тазартпа кенжар; 9 - учаскелi бремсберг; 10 – аралық штрек

Екi іргелес учаскелiк бремсбергтердiң арасындағы орналасқан этаждың бөлiгiн алу алаңы (қазба алабы) деп атайды.

Жаппай қазу жүйесiнде, тасыма штректiң кенжары төменгi лаваның кенжарының алдында 50-70 м шамасында озық жүргiзiледi. Мұндай жағдай, лавадан көмiрдi тоқтаусыз тасуға және тасыма штректi кедергiсiз жүргiзуге мүмкiншiлiк жасайды. Тасыма штректi, бос кеңiстiктiң әсерiнен сақтау үшiн, көмiртiректерi, не болмаса әдейi жүргiзiлген тасқорған штрегiнен шыққан жыныстардан тасқорған орнатылады. Осы айтылғандардан тұтас қазу жүйелерiнiң үш ерекшелiгiн байқауға болады:


  • даярлау қазбалары тазартпа кенжарымен бiрге жүргiзiледi, тек тасыма штрегі тазартпа кенжарынан озып отырады;

  • даярлау қазбаларын өткізу және оларды сақту бос кеңiстiкте атқарылады;

  • тазартпа жұмыстары учаске бремсбергінен шақты шекарасына қарай бағытталады.

Этаж ұзындығы қысқа және көмiр тақтасы бірқалыпты жатқан жағдайда, этажда бiр ғана лава ашылады. Даярлау қазбаларының саны азайып, тасыма және желдетпе штректер ғана болады. Осындай жаппай қазу жүйесiн лава-этаж деп атайды.

Орта қуатты көмiр тақталарында ұзын бағаналы кен қазу жүйелерi қолданылады. Мұндай кен қазу жүйелерiнде алдын ала жан жағынан даярлау қазбалармен қоршалған (пайдалы қазбадан тұратын) бағаналар дайындалады, оларды даярлап болғаннан кейiн, тазалап алу жұмысы басталады. Көмiр тақталарының құлау бұрышы 12 градустан төмен болса ұзын бағаналарды жоғарыдан төмен, не төменнен жоғары қарай алады (7.2-сурет).




7.2- сурет Өрлеу бағытты ұзын бағаналы қазу жүйесi
Осындай қазу жүйелерiн дайындағанда алдын ала ұзындығы 1000 метрдей еңес пен бремсбергтер жүргiзiледi, бiр сөзбен айтқанда горизонттап дайындалады. Мұндай дайындау да, лаваның ұзындығы өзгермейтiн болғандықтан, механикаландырылған комплекстердi қолдану ыңғайлы әрі тиімді болып комплекстi жинау, қайтадан бөлшектеу жұмысы қысқарады.

7.3- сурет Этаж әдiсiмен даярланғанда, жазық бойымен алынатын

ұзын бағаналы қазу жүйесi
Көмiр тақталарының құлама бұрышы 12° тан жоғары болған жағдайда, ұзын бағаналы кен қазу жүйесiнiң бағыты көмiр тақталарының жазық бойымен жүргiзiледi, сонымен бұл кен қазу жүйесi, ұзын бағаналы қазу жүйесi деп аталады. Осындай кен қазу жүйесiне тән қазу жүйесi 7.3-суретте көрсетiлген.

Бұл кен қазу жүйесiнiң мәнi, этажды штректердi алдын ала, әжептәуiр (бiрнеше жүз метр) озыңқы жүргiзедi. Алынатын алаңның шетiне орналасқан учаскелi бремсбергтен этажаралық штректер, алынатын алаңның келесi шекарасына қарай жүргiзiлуi басталады. Әр аралық этаждың бойымен осы арада тiлмеқазба ашылады. Бiрiншi көмiр алу жұмысын жоғарғы аралық этажда басталып, бұл аралық этаждағы тазартпа кенжары 10-20 м жылжығаннан кейiн, екiншi көмiр алу жұмысы төменгi аралық этаждан басталады. Көмiр алу алаңының мөлшерi жазық бойымен 400-500 м деп алынады. Алу алаңындағы көмiр алынып жатқанда, жаңа көмiр алу алаңындағы дайындық жұмыстары жүргiзiлiп, алынып жатқан алаңының көмiрi бiткенше 2 ай бұрын дайын болады.

Бағаналы кен қазу жүйесiнiң, жаппай кен қазу жүйесiнен айырмашылығы, оларда этажды аралық-этажға, ярусты аралық-ярусқа бөлгенде төмендегiдей қосымша жұмыстар жүргiзiледi:


  • дайындық қазбалары алдын ала, тазартпа жұмыстары жүргiзiлгенше дайындалады, онда аралық этаждар (шақты алаңын этаждап дайындағанда), аралық ярустар (шақты алаңын панелдеп дайындағанда) жан-жағынан даярлау үңгiлермен қоршалып, алынатын бағаналар қалыптастырылады;

  • даярлау қазбалары тұтас сiлем iшiнде орналасып, тазартпа кенжарлар жылжыған сайын бос кеңiстiк iшiнде жойылып отырылады;

  • тазартпа кенжарлар учаскелiк бремсбергкке қарай, ал панелдiк дайындықта панелдi бремсбергке қарай жылжиды.

Қалың көмiр тақталары толық, не болмаса қабатқа бөлiнiп алынады. Тiк, не болмаса құлама-тiк көмiр тақталары, толық қуатымен қалқанды кен қазу жүйесiмен алынады. Бұл кен қазу жүйесiн бiрiншi рет Ресей ҒА корреспондент-мүшесі Чинакал А.Н. ұсынған (7.4-сурет).

Жүйенiң мағынасы: әуелi тасыма штрек (1), квершлаг (2), тақталы штрек (3) және желдетпе штрек (4) жүргiзiледi. Желдеткiш штрек көмiр тақтасының ортасынан өткiледi. Тiлiп бұрғылайтын машиналармен бұрғыланатын өрлемелермен (5), алу алаңы, қалқанды бағаналар деп аталатын, ұзын бағаналармен бөлiнедi. Осыдан кейiн, жоғарыдан төмен қарай, желдеткiш штрегiнен тасыма штрекке дейiн, ұзындығы 24-36 м кенжармен, бiрнеше бағана алына бастайды. Көмiр алынған сайын, төмен қарай жылжитын тазартпа кенжар қалқанмен жабылады. Қалқан кенжарды, төбесiнен, табанынан құлайтын жыныстардан қорғайды. ¦зындығы 24-36 м қалқан, бiрiмен-бiрi арқанмен (қанатпен) тартылған 4-6 секциядан тұрады. Әр секция астына металдан жасалған төсендi, оның үстiне бiрнеше қабат бөренелер байланады. Бұл қазу жүйесi, қуаты 3,5 м ден 8 м дейiнгi көмiр тақталарында қолданылады.

Қалың көмiр тақталарын қабатқа бөлiп алғанда, көбiнесе көмiрдi алуда, құлама қабаттармен төмен қарай алу жүйесi қолданылады (7.5-сурет).

Этаждың тасыма штрегi (1), этажды алуға даярлағанда, шақтының шекарасына дейiн жүргiзiлуi керек, желдетпе жағдайына байланысты осы штрекпен бiрге жоғарғы қабатының (2) төменгi қабат штрегi жүргiзiледi. 30-50 м аралықпен бұл екi штрек бiрiмен-бiрi тiлмелермен (3) және түйiлiспелермен (4) қосылады. Екiншi және үшiншi қабаттардың төменгi (5) және (6) қабат штректерiн, қабат алынып жатқанда, көмiрлердi алдыңғы түйiлiспеге (4) жеткiзу үшiн тазартпа кенжардан озық жүргiзедi. Әр көмiр қабаттары алынып жатқанда, желдеткiш горзонттық қабат штректерi (7) және (8), оларды қосатын түйiлiспелер (9), тазартпа кенжардың алдын ала, ауаның шығыс ағысын алдыңғы түйiлiспелер арқылы этажды желдеткiш штрекке (10) жiберу үшiн жүргiзiледi. Желдеткiш штрек (10) төменгi (қазiргi жағдайда 3-шi) қабаттың қабат-штрегiнiң жұмысында атқарады. Тазартпа кенжардың ұзындығы 100 - 180 м, кейде 200 метрге дейін болады. метрге дейiн болады. Жыныстардың нашар жатуына байланысты, кейде қабаттар арасында көмiр (қалыңдығы 30 - 50 см) қалдырылады.


7.4 - сурет Қалың көмiр тақталарын алғанда қолданылатын қалқанды қазу жүйесi



Көмiр қабаттарын бiр мезгiлде алғанда, олардың тазартпа жұмыстарының ара қашықтығы, төбе жынысының жатынды қасиетiмен, көмiрдiң өз бетiмен жануына және оны тасуға байланысты 30 - 100 м мөлшерiнде болады. Әр көмiр қабаттары өз алдына желдетiледi. Қабаттап алу жүйесi көбiнесе көлбеу көмiр тақталарында қолданылады. Мұндай жағдайда, тазартпа кенжарларда, көлбеу көмiр тақталарына арналған механикаландырылған комплекстер (ОКП, КМ87Э) қолданылады

7.5 - сурет Құлама бағытты, көлбеу қабатты, төбені құлата алатын

қазу жүйесi
метрге дейiн болады. Жыныстардың нашар жатуына байланысты, кейде қабаттар арасында көмiр (қалыңдығы 30 - 50 см) қалдырылады.
Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,6,7

Қосымша әдебиеттер: 8,11

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (7-тақырып)

1. Кең қазу жүйесіне түсінік және оларды таңдауда әсер ететін себептер.

2. Жаппай қазу жүйесі.

3. Өрлеу бағытты және ұзын бағаналы қазу жүйесі.

4. Қалқанды қазу жүйесі.

5. Қалың тақталарды қазудың ерекшелігі.

8- тақырып Кеніштер ауасы (2 сағат)

Дәрістер жоспары



  1. Кеніштер ауасы.

  2. Улы газдар.

  3. Метан газы.

1. Кеніштер ауасы.

Тау-кен өндiрiсiнiң техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң көтерiлуi көбiнесе шақтылардың, рудниктердiң желдету жұмыстарын ұйымдастыруға көп байланысты. Жұмыс орнында санитарлы-гигиеналық жағдай дұрыс болуы, еңбек өнiмiн өсiрiп қана қоймай кеншiлердiң денсаулығын сақтау, жұмыс өнiмiн өсiру, ауа ауыстыру iстерiне тығыз байланысты.

Шақты iшiне жiберiлетiн таза ауа, жерасты қазбаларын бойлап аққанда, өте көп өзгерiстерге душар болады. Шақтыға жiберiлетiн атмосфералық ауа тұрақты, құрамды қоспалармен және су буынан тұрады:



  • азот (N2 ) - 78,0 %;

  • оттегi (О2 ) - 20,09 %;

  • аргон ( Аr2 ) - 0,93 %;

  • көмiр қышқыл газы (СО2 ) - 0,03 %;

  • басқа газдар (сутегi, гелий, неон, криптон, озон және радиоактивтi газдар) - 0,01 %.

Шақты ауасы 3 бөлiктен құралады: атмосфералық ауадан, белсендi газдардан және өлi ауадан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет