Дәрістер жоспары



бет7/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қорғауыш бекітпелер тек тазартпа кенжарға тікелей құлайтын жыныстардан қорғайды. Бұл тiреулер қобдыраған төбе жыныстарында қолданылады.

Ұстауыш бекітпелер жұмыс кеңiстiгiнiң төбесін ұстау үшiн қолданылады. Бұл бекітпелер көбiнесе төбеде қатты жыныстар мықты болған жағдайда пайдаланылады.

3.2 - сурет Механикаландырылған бекітпелер:

l0 қорғауыш бөлігі; lп – ұстауыш (сүйемел) бөлігі


Қорғап - ұстауыш бекітпелер қорғауыш қалқан арқылы төбенi ұстап, жұмыс кеңiстiгiн құлаған жыныстардан бөліп тұрады.

Ұстап - қорғауыш бекітпелерде негiзгi жұмысты бекітпенің қорғауыш бөлігi атқарады. Мұндай бекітпелердi орнықтылығы орташа жыныстарда қолданады.

Механикаландырылған бекітпелер тазартпа кенжарындағы тiреу процесі жылдамдығын қамтамасыз етiп, көмiр алатын жабдықтардың ең жоғарғы ырғақта iстеуiне мүмкiншiлiк жасайды. Кеншiлер жүрiп тұру үшiн бекітпе ішінде енi 0,7 м, биiктiгi 0,4 м кем болмайтындай кеңiстiк қалдырылады.

Механикаландырылған бекітпелер құлама бұрышы бойынша жазық, көлбеу, құлама, ал қалыңдығы бойынша жұқа, орташа қалыңдықтағы және қалың тақталарға арналады.

3. Тазартпа жұмысын жүргiзу кезiндегi тау-кен қысымын игеру.

Кен қазылған сайын кен орны босап төбе жыныс қысымы күшейеді де салмағы кенжар тiреулерi мен қазылмаған кенге түседi. Кенжар кеңiстiгінде бiлiнген жыныс қысымының күшiн реттеп, жұмыс қауiпсiздiгін арттыру мақсатында қолданылатын күрделi iстердi кен қысымын игеру деп атайды. Көмiр тақталарындағы қысымды игеруде негiзгi әдiстер қатарына жататындар:


Төбе жынысын толық құлата игерудiң мәнiсi тазартпа кенжар жылжыған сайын, жұмыс жүрiп жатқан кеңiстiкпен босаған кеңiстiк арасында арнаулы қиюшы тiреу қойылып, бос кеңiстiктегi төбе ұстап тұрған тiреулер босатылып, төбе жыныстары құлатылады. Құлаған жыныстар қобдырап бос кеңiстiктi негiзгi төбеге дейiн төсеп толтырады (3.1 б-сурет).

Негiзгi төбе деп тікелей төбеден жоғары орналасқан және бос кеңiстiктер бiршама үлкейгеннен кейiн ғана барып құлайтын қатты жыныстарды атайды. Ағаш тiреулерiн қолданғанда, толық құлату әдiсi тікелей төбе қуаты көмiр тақтасы қуатынан 6-8 рет кем болмағанда қолданылады. Егерде одан кем болған жағдайда, құлаған жыныстар бос кеңiстiктi толық толтырмай, негiзгi төбенi тiремей және негiзгi төбе қопарылғанда жұмыс кеңiстiгiн жауып қалуы мүмкiн. Ал метал тiреулерiн қолданғанда, олар үлкен қысымға қарсы тұра алатындығынан, толық құлатуды тікелей жыныстың көрсетiлген қуатынан кем болғанда да қолдануға болады.

Арнаулы тiреулерге жататындары - тiзбектi, топты, қалаулы тiреулер (3.3-сурет).



а б в г д е


3.3 - сурет Арнаулы ағаш тіреулері: а), б), в) - екі, үш қатарлы тізбекті тіреулер; г), д) - көлбеу, тік құлама тақталарына арналған қалаулы тіреулер; е) - топты тіреулер
Толық құлату әдiсiн кеңiнен қолдану және құлату кезiндегi жұмыс қиыншылығын азайту үшiн ОКУ метал тағаны қолданылады.

Жыныстарды құлату жұмыстары есептелген мерзiмде жасалып, бұл жұмыстар отырғызу қадамы деп аталады. Тікелей төбе жынысы қопарылып құлауы қатты болғанда, не болмаса тез құламайтын жағдайда, бос кеңiстiктi бөлшектеп тығындау жолдары қарастырылады. Бұл әдiстi қолдану үшiн, босатылған кеңiстiктiң өз бойымен шойтас (бут) штректерi жүргiзiледi (3.4-сурет).



3.4- сурет Қазылған кеңістікті жартылай толтыру әдісі



Ал толық тығындау әдiсi, тез құламайтын жыныстарда, өртенуге ықтимал көмiр тақталарында қолданылады. Бұл әдiстi қолданғанда, өрт шығармау жағдайы және жер бетiнiң сақталуы, желдетпе жұмысы жақсарады. Тығындау материалы ретiнде, әдейi арнап шығарылған тау-кен жыныстары (құм, қиыршық тас, ұсатылған тау тастары), не болмаса өндiрiстен шығатын жарамсыз қалдықтар (байыту фабрикасының қалдығы, шлактар, электростанциялардан шығатын күлдер, үңгi жүргiзiлгенде шығатын жыныстар т.б) қолданылады. вагонеткамен, конвейермен, скрепермен жеткiздiртiледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет