Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет15/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б

А Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу 
бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және 
сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта 
жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу. 
В Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс 
емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін
түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету Әр 
сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес 
келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс
диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, 
жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады 
С Сыни ойлау және зерттеу
. Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, 
синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен 
пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар 
мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін 
көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және 
деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. 
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес 
келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
 
D Коммуникация және рефлексия.
Әр сыныптар мен пәндер 
көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, 
фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа 
адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу 
қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз 
көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, 
оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс 
нәтижесінде іс-әрекет жасау. 
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді 
басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында 
өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің 
дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет