Барлық бағалау түрлері, әсіресе формативті бағалау жүйесі,
жұмысты
бағалау
үшін
/
оқушылардың
жұмысын
бағалау
үшін
нақты
ұйымдастырылған критерийлерді ұсынады.
Критерий
-
ұсынылған
талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім
қабылдау ережесі,
негіздемесі және белгісі.
Критерий
- ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша
шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің
дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің
дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі.
Дискрипторға сәйкес бағалау
оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [8].
Баға
Дескриптор
5
Білім берудегі күтілетін нәтижеге сәйкес пән бойынша білім,
біліктері мол және оларды өте көп жағдайда мүлтіксіз қолдана
алады. Мақсатты түрде талдау,
жинақтау, бағалауды үнемі
қолданады. Оқушы көрегендігі мен бірегейлігін барлық
жағдайларда көрсете отырып,
тапсырманы жоғарғы сапада
орындап шығады.
4
Пән бойынша талап етілетін білім және білік туралы нақты және
толық түсініктері бар. Оқушылар негізінен талдау, жинақтау,
бағалау дағдыларын көрсете алады
және арасында көрегендігі
мен бірегейліктерін танытады.
3
Пән бойынша барлық тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері
шектеулі немесе кейбір тақырыптардан қиналады. Пән бойынша
талап етілетін білім және білік туралы түсініктері шектеулі,
қолдау көрсеткенімен
кейбір өмірде кездесетін
таныс
жағдайларда ғана толыққанды пайдалана алады.
2
Пән бойынша барлық тапсырмаларды орындаудағы жетістіктері
өте шектеулі. Пән бойынша талап етілетін білім және білік
туралы түсініктерінде қиындық бар, қолдау көрсеткенімен кейбір
өмірде кездесетін жағдайларда толыққанды пайдалана алмайды.
Критериалды бағалау жүйесін құру үшін
қалыптастырып, белгілейтін
бағалау жүйесін дайындау қажет.
Оқушылардың оқудағы жетістігін бағалауда критерийді құрастыру негізі
оқыту мақсаттары болып табылады. Критерийлерді мұғалім өзі немесе
оқушылармен бірігіп дайындауы мүмкін. Бірігіп құрастырылған критерийлер
(мұғалім – оқушы) оқушыларда бағаға деген
позитивті көзқарасты және
олардың нәтижеге жетуге деген табыстылығын көтеруге жағымды әсер етеді.
Критерийлерді құрастырған кезде оқудың мақсатың және мазмұның ұмытпау
қажет.
Аралық (ағымдық) жұмысты бағалау (формативті бағалау) үшін құрастырылған
критерийлер, мақсатта мәлімделгенді ғана баяндап, бағалауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: