Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет39/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
Мұғалімге ескеру қажет: 
Әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын екендігіне және өз 
мақсатын жете түсінгендігіне көз жеткізуі тиіс. 
Әр оқу мақсатына негізделген жетістік критерийі мұғалімнің бақылауын 
қажет ететін тұстар туралы жан-жақты ақпарат береді. 
Оқу әрекеттерді орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген 
қолдау көрсетіп, кері байланыс беріп отыруы міндетті.
Өзара бағалау, өз-өзін бағалаудағы жетістіктері: 
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не 
істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол 
жеткізеді.
Өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуда оқушыларды өз жұмысы туралы 
мақсат қою тұрғысынан ойлануға үйрету. Олар бұны қалай істеу керек екенін 
түсінгенде ғана өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны 
өздері орындап, өздері бақылай алады.
Бір бірін бағалауда оқушылар: 
пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, 
түсінікті болады; 
оқушылар мұғалімнің рөлін ойнай отырып, көшбасшылық білім алады;
оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің 
жолдас-құрбысынан сұрайды; 


Мұғалімге ұсыныс
:тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда әр 
сабақта өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың әдістері көрсетіледі және әр 
сабақта түрлендіріп отырған дұрыс.
Бағалауға үйретуде: 
Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа 
тарту, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін білу. 
Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға 
мүмкіндік беру.
Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға, түсініктемелерге 
сәйкес жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар аудара отырып, оқушылар мен 
мұғалімдерге уақытында шолу жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз 
мүмкіндік беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет