Дәрістердің қысқаша жазбасы



бет6/20
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#54775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция каз химия

1. Паули қағидасы. Кез келген атомдық немесе молекулалық жүйеде төрт квант саны бірдей болатын электрон болмайды. Мысалы, бірінші эергетикалық деңгейде тек екі электрон болады,ол келесідей квант сандарымен сипатталады.
N L ml ms
1-электрон 1 0 0 +1/2
2-электрон 1 0 0 -1/2
2. Ең аз энергия ережесі. Орбиталь электронмен толтырылған кезде, алдымен энергиясы аз орбиталь толады. Минималь энергиясы бар орбиталь бұл 1s, орбиталі.Сутек атомында ол жалғыз электронмен толған. Энергетикалық деңгейлердің өсу ретіне қарай тізбектелуі.
1S< 2S< 2P< 3S< 3P< 4S< 3D< 4P< 5S< 4D< 5P< 6S< 5D< 4P< 6P
Берілген тізбектеме бойынша алдымен 1S, одан соң 2Sдеңгей т.с.с.
3. Хунд ережесі. s p d f деңгейшелерінің толуы атом саны қосындысының максимал мәні болу керек. Деңгейшедегі орбитальдар былайша толтырылады:алғашында бірдей спинді болатын бір-бір электрондардан одан кейін қарама-қарсы спині бар екінші электрондардан толады.
Химиялық байланыс
Атом құрылысын оқу молекулалардың түзілуін және табиғатын түсіндіреді.
Атомдардың сыртқы электрон деңгейінде 1-ден 8-ге дейін электрон болады. Егер сыртқы электрон қабатында максимал электрон мөлшері болса, ондай деңгей аяқталған деңгейше деп аталады. Бұндай деңгейлер инертті газдарда болады Мысалы:гелий газының электрондық формуласы 1s2, сыртқы электрон қабатының аяқталуы әртүрлі болады:
а ) Ортақ электрон жұбының пайда болуы.
б ) Электрон қосып алу не беру.
Химиялық байланыс валентті электрондардың арқасында пайда болады, бірақ әртүрлі жолмен жасалынады. Химиялық байланыстың негізгі үш түрі бар: коваленттік, иондық, металдық.
1. Коваленттік байланыс ортақ жұп электрондардың түзілуімен болатын байланыс. Егер коваленттік байланыс біртекті екі молекулалы атом арасында болса, (H2, J2 ), онда мұндай байланыс- полюссіз ковалентті байланыс деп аталады
H . + . H= H: H
Әртүрлі атомдар арасындағы байланысты полюсті ковалентті байланыс деп
атайды. Бұл жағдайда электрон жұбы электр терістігі жоғары атомға қарай жылжиды. Мысалы: HCl, HNO3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет