Дәрістердің қысқаша жазбасы



бет5/20
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#54775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Атом молекулалық ілім
Д.И. Менделеевтің периодтық заңының маңызы өте зор.Ол қазіргі химияның негізін қалап, оны біртекті,біртұтас ғылымға айналдырды. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі негізінде, атом құрылысы туралы ілім тез тарады. Атом құрылысы туралы ілімнің дұрыстығы әр кезде периодтық заң арқылы тексерілді.
Атом –молекулалық ілімді дамытып және оны тұңғыш рет химияға қолданған орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов. Ломоносов ілімінің негізгі қағидалары мыналар:
1. Заттар молекулардан тұрады.
2. Молекулалар атомнан тұрады.
3. Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан тұрады.
4. Күрделі заттардың молекулалары әртүрлі заттар атомдарынан тұрады.
5. Барлық заттардың бөлшектері үнемі броун қозғалысында болады.
Атом – молекулалық ілім тек қана XIX ортасында қалыптасты. Атом-күрделі микрожүйе,ол ядродан және оның кеңістігінде айналып жүретін электрондардан тұрады. Атомның негізгі сипаттамасы, оның энергиясы. Электрондық қабаттарды энергетикалық деңгейлер деп атайды.
Электрон энергиясы жарық ағымы бөлшектерінің энергиясы-фотон сияқты, кез-келген мәнді емес, тек белгілі дискретті квантталатын мәндерді қабылдайды. Оқшауланған атомдағы электронның энергетикалық күйі төрт квант санымен анықталады.
1. Бас квант саны –n, деңгей нөмірін көрсететін бүтін сан , ол берілген знергетикалық деңгейдегі болатын электрондардың энергиясын сипаттайды.Энергетикалық деңгейдегі электрондардың ең көп саны деңгей нөмірінің екі еселенген квадратына тең шама, яғни
N = 2n2 , мұндағы
N- электрондар саны; n- деңгейдегі нөмірі немесе бас квант саны.
2. Орбиталь квант саныℓ, электрон бұлтының пішінін және электрон қай деңгейде болғанын көрсетеді. Ол бас квант санына тәуелді және 0-ден n-1ге дейінгі бүтін сандар мәнін қабылдайды.
Қорытынды: Деңгейдегі деңгейше саны деңгейдің нөміріне тең. 1-ші деңгейде 1 деңгейше, 2-ші деңгейде екі, 3-ші деңгейде үш деңгейше, 4-ші деңгейде төрт деңгейше болады. Оларды S, P, D, f - әріптерімен белгілейді. Деңгейшелер ұяшыққа бөлінеді.
3. Магнитквант саны көрсетеді – me. Бұл санның мәні электрон бұлтының кеңістікте орналасуын көрсетеді және кез-келген бүтін мәнді сандар болады. Магнит квант саны орбиталь квант санына тәуелді. Магнит квант саны - 1ден 0 арқылы +1ге дейінгі мәндерді қабылдайды.
1-1 кесте е мен me арасындағы байланысты көрсетеді.

L

me

Ұяшық cаны

maxе

0, s
1, p
2, d
3, f

-1;0;1;
-2;-1;0;1;2;


-3;-2;-1;0;1;2;3

1
3
5
7

2
6
10
14

Қорытынды: Ұяшықта 2 электроннан орналасады, өйткені оның біреуі сағат стрелкасының бағытымен, 2-іқарама-қарсы бағытпен айналады.


4. Спин квант саны S-,электронның өз өсі бойынша қозғалуын сипаттайды. Спин квант санының екі мәні бар:+1/2және -1/2, әрбір орбитальға қарсы спинді екі электрон сәйкес(спин-электрон айналуы).
Квант сандары мен электрондық сыйымдылығы арасындағы байланыс 1.2- кестесінде көрсетілген.
1.2кесте. Квант сандары мен электрондық сиымдылығы арасындағы байланыс

Бас квант саны

Орбиталь квант саны

Деңгейше асты орбиталь саны

Электрондардың максималды саны

Берілген энергетикалық деңгейдегі е-max саны.

n=1

0

s

1

2

2=2*12

n=2

0
1

s
p

1
3

2
6

8=2*22

n=3




s
p
d

1
3
5

2
6
10

18=2*32



n=4

0
1
2
3

s
p
d
f

1
3
5
7

2
6
10
14

32=2*42



Атомдағы электрондар жағдайы электрондық формуламен көрсетіледі1s2 2s2 2p4,болса бірінші энергетикалық деңгейде екі s-электрон,екінші энергетикалық деңгейде екі s-электрон және төрт р-электрон барлығын көрсетеді. Осыған сәйкес электрондардың энергетикалық күйі графикалық түрде келесідей болады.
Көп электронды атомдарда энергетикалық деңгейлер толтырылуы үш ережеге бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет