Дәрістердің қысқаша жазбасы


- тақырып Заттың құрылысы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылысы . Химиялық байланыстар (3 сағат)



бет4/20
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#54775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция каз химия

2 - тақырып Заттың құрылысы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылысы . Химиялық байланыстар (3 сағат)
Дәріс жоспары
1. Атом құрылысы
2. Атомның кванттық-механикалық моделі. Квант сандары
3. Атом орбитальдары. Паули принципі. Атомдық орбитальдарының толықтыру ережелері және реттілігі. Көп электронды атомдар ережесі. Клечковский заңдары
4. Элементтердің периодтық жүйесі және атом құрылысы. Элементтердің атомдарының электрондық және электрографикалық формулалары. Д.И.Менделеев периодтық заңының маңызы
1911жылы Э.Резерфорд атом құрылысының планетарлық моделін ұсынды, бұл модель бойынша атом мөлшері өте кіші оң зарядталған массивті ядродан тұрады. Ядроға атомның барлық массасы шоғырланған. Ядро протон және нейтроннан тұрады. Ядродан біраз қашықтықта атомның электрондар қауызын құрайтын электрондар айналып жүреді.
1913жылы Нильс Бор, Планк енгізген сәуле шашырауының кванттық теориясын қолданып, Резерфорд теориясын әрі қарай дамытты. Планктің кванттық теориясының мағынасы:сәулелі энергия квант энергиясы түрінде аздап бөлшектеніп шығады және сіңіріледі.
Жарық шығаратын дененің энергиясы квант соңынан квант түрінде өзгереді.
Кванттық түсінікті, ядроны айналып жүрген электрондарға қолданып, Бор үш негізгі постулатты құрастырды;
1) электрон белгілі орбита бойынша энергия жұмсамай айналады;
2) ядроға тақау орналасқан орбита неғұрлым қалыпты атом күйіне сәйкес;
3) атом энергияны сіңіреді және шығарады, егер электрон бір орбитадан екінші орбитаға ауысса.
Электрон және басқа элементар бөлшектердің (протондар, нейтрондар) атомдағы жағдайы кванттық механикаға негізделген:олардың екі жақты қасиеті бар, яғни микробөлшектердің толқындық, ал толқындардың бөлшектік қасиеттері болады.
Атомның негізгі сипаттамасы, оның заряды және массалық мөлшері. Ядро заряды Д.И.Менделеевтің периодтық жүйедегі химиялық элементтің реттік нөміріне тең болатын протондар санымен анықталады. Мысалы, магнийдің реттік нөмірі 12-ге тең, онда ядродағы протондар саны да 12, оның ядро заряды +12-ге тең. Атомның массалық салмағы ядродағы протондар санына тең болғандықтан магний атомының массалық салмағы 12+12=24тең, Mg ) ) ), (+12). Электрон болуының ықтималдылығы мол ядро маңындағы кеңістікті орбиталь деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет