Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы 1-дәріс. Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ мәдениеті тарихының»



бет15/46
Дата21.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#142009
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Бақылау сұрақтары:
1. Гректердiң “Жетi даналарының» бiрi болып саналатын түркi бабамыздың есiмi кiм болды?
2. “Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз.
3. Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы неде ?
4. Сопылықтың қай сатысында адам Алла-тағаламен қауышады?
5. Қазақ болмысындағы шамандықтың қалдықтарын терең зерттеген ойшыл кiм болды?
6. «Ақыл, әдiлет, дәулет, қанағат құндылықтары елдi бақытқа әкеледi» деген ойшыл кiм?
9 дәріс. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы


Жоспар:
Ш. Уалиханов, Абай, Шәкәрім көзқарастары.
Зар заман мдениеті. ХІХ – ХХ ғ.ғ. қазақтың ой анасы.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов.

Жалпы алғанда, шежірешілдік қазақтың және оның ата тектерінің мәдениетінің маңызды көрінісі. Эпостық уақыт дәстүрлік уақыттың, маңызды болса да, бір бөлігі ғана. Шежірелер көшпелілердің бәрі сауатсыз еді деген штамптың жалғандығын дәлелдейді. Шежірелер бір жағынан алғанда Ислам Ренессансымен тұтасып жатса, келесі қырымен далалық ауызша тарихнаманың арнасымен қатысты. Оның ықпалымен Кіндік Азияда тарихи-шежірелік мектеп қалыптасты.


Концептуалды уақыт болашақ туралы әртүрлі болжамдар жасауды өзіндік мақсат деп есептейді. Уақыттың сәттік тар шеңберінен шығып, болашаққа қарай ой жүгіртіп, оны сараптау қазақтың дәстүрлі төл мәдениетінде де кең орын алған талпыныс.

Бұл туралы С. Қасқабасов былай деп жазды: «Халық жақсы өмірді армандап, «алтын дәуір», «қой үсіне бозторғай жұмыртқалаған заман», не болмаса елді қиыншылықтан құтқаратын бір қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарды.


Ол әңгіме, аңыздардың басты кейіпкерлері – өмірде болған. Бара-бара мұндай аңыздар әпсана-хиқаятқа айналады. Осыдан барып мессиандық рөл атқаратын адам, елге ырыс-дәулет беретін қоныс жайында әпсана-хикаят қалыптасады. Мұнда әпсана-хикаяттың тарихи аңыздардан айырмашылығы оның тек көркемдік дәресінде емес. Оның басты ерекшелігі сол – тарихи аңызда өткен тарихтан гөрі қиялдан, арманнан туған оқиғалар мен кейіпкерлер дәріптеледі, мұнда заман, адам, жер-су, мекен халықтың қалауы бойынша суреттеледі, олар осындай болса екен деген тұрғыда көрсетіледі».
Осындай аты аңызға айналған тұлғалардың бірі, ХV ғ. алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған, ақын және философ Асан қайғы атанып кеткен – Хасен Сәбитұлы. Шоқан Уәлиханов оны «көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп айтады. Қорқыт ата сияқты Асан қайғы үлгі тұтарлық Гүлстанды –идеалды қоғамдық құрылысты арман етті. Бұл қазақ мәдениетінің жаңа ғана қалыптаса бастаған кезі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет