Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы 1-дәріс. Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ мәдениеті тарихының»


Атамекеннің тарылуы қазақтың кісілік негіздерін шайқалтатын, жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс қылықтардың көбеюіне әкелді



бет18/46
Дата21.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#142009
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Атамекеннің тарылуы қазақтың кісілік негіздерін шайқалтатын, жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс қылықтардың көбеюіне әкелді. Біз бұл жерде бодандық психологиядан тарайтын жасқаншақтық, үрей, жағымпаздық, ұлт мүддесін сату сияқты құбылыстарды айтып отырмыз. Қауымшыл кісінің (ынтымақтастық құндылығы мағынасында) орнын «пысық» пен «масыл» басты. Қазіргі замандағы әдеп пен мәдениеттен тыс пысықтар («крутойлар») мен алыпсатарлық «масыл буржуазиямен» оларды салыстыруға болады.
Бодандық адамның типтік ерекшеліктерін XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары көркем суреттеген. Мысалы, Дулат Бабатайұлы бодан пысықтарды былай шеңейді:
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады-ай.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады-ай,
Алдында түсіп топаңдай.
Жарлылардың торпағы,
Бір торпаққа он болып
Пысықтардың ортағы,
Қара шығын алымы –
Бай-кедейге бірдей боп
Шаңыраққа салығы,
Ел ұйытқысы шайқалып,
Төгіліп судай аққандай (Бес ғасыр жырлайды. 2-ші том. — Алматы: Жазушы, 1985.- 280 б.).
Дәстүрлі әдептен айырылу тек отаршыл әкімшілікпен байланысты «жаңа қазақтарды» ғана емес, оған қоса бұрынғы дәстүрлі тұлғалардың болмысын құлазытып жіберді. Дулат ақыннан тағы бір үзінді келтірейік:
Мынау азған заманда
Қарасы – антқор, ханы – арам;
Батыры көксер бас аман;
Қырсыға туды қыз балаң;
Нары – жалқау, кер табан;
Құсы – күйшіл, ат – шабан;
Жырғалаң жоқ, жобалаң,
Ебі кеткен ел болды (Бес ғасыр жырлайды. 2-ші том. - Алматы: Жазушы, 1985. - 280 б.).
Қазақ мәдениетіндегі қауымдық ынтымақтастықтың шайқалып, кісілік қасиеттер өрістей алмай, теріс қалықтардың көбейгенін тек сыртқы факторлармен түсіндіру біржақтылыққа жатады. Тарихта мынандай бір қағида бар: өзі бодандыққа көнгісі келмеген елді ешкім бағындыра алмайды. Мысалы, палестиналықтарды Израил қаншама қысқанымен, олар ел азаттығы үшін күресін тоқтатқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет