Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет4/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Систематика немесе таксономия – микроағзаларды белгілі бір белгілеріне
олардың арасындағы туыстық байланыстарға сәйкес топтарға (таксондарға) жіктеу, бөлу. 
Микроағзалардың негізгі топтарын зерттеу үшін алдын - ала олардың номенклатурасының 
қағидаларымен танысып алған жөн. Номенклатура – ғылымының белгілі бір шеңберінде 
қолданылатын атау жүйелері.
Микроағзалар систематикасында кейде Карл Линнейдің замандасы М. Адансон 
ұсынған нөмірлік таксономия қолданылады. Адансондық немесе нөмірлік таксономия 
негізінде төмендегідей принциптер жатыр: ағзаның зерттелетін белгілерінің біркелкілігі; 
олардың санын максималды көлемге дейін жеткізу; сәйкес келетін белгілер саны бойынша 
әр таксономиялық топтарды бөлу. Микроағзалар систематикасында аталған қадам 


обьективті саналады, бірақ оны жүзеге асыру үшін кең көлемде электронды – есептегіш 
машинаны қолдану арқылы математикалық есептеулерді жүргізу керек.
Микроағзаны мұқият зерттеген соң, оған ғылыми ат береді. Микроағзаның ғылыми 
атауы XVIII ғ. К. Линней ұсынған биноминалды номенклатура талабына сай латынның екі 
атауымен аталады. Бірінші атауы туыстың атын білдіреді және үлкен әріппен жазылып, 
микроағзаның морфологиялық немесе физиологиялық белгісін көрсетеді, немесе 
микроағзаны ашқан ғалымның атымен, немесе тіршілік ететін ортасы және т.с.с. ерекше 
белгісімен аталады. Екінші атауы – кіші әріппен жазылып, микроағзаның түрлік атауын 
білдіреді, кейде ол колонияның түр сипатын, шығу тегін, микроағзаның тудыратын үрдісін 
немесе ауруын және кейбір айырықша белгісін білдіретін зат есімнің туындысы болып 
табылады. Мысалы, Bacillus albus атауы, туыс атауы микроағзаның грам оң, спора түзуші, 
аэробты таяқшалы бактерия екенін білдірсе (Bacillus туысына тән қасиеттер), түр атауы 
колонияның түсін білдіреді (albus – ақ).
Микроағзалардың аты 1980 жылдың 1 қаңтарында енгізілген бактериялар 
номенклатурасының халықаралық кодекс ережелеріне сәйкес беріледі және ол әлемнің 
барлық елдерінде бірдей. Қазіргі кезде 1977 жылы жарияланған жаңа биокодекс жобасы 
дайындалуда.
Классификацияда туыс микроағзаларды топтау үшін келесідей таксономиялық 
категориялар қолданылады. Түр, туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, патшалық.
Түр – фенотикалық ұқсастығы жақсы көрінген, бір генотипті даралар жиынтығынан 
тұратын негізгі таксономиялық бірлік. Түр сонымен қатар түр асты немесе нұсқаларға 
бөлінеді.
Микробиологияда «штамм» немесе «клон» терминдері жиі қолданылады. Штамм 
түрге қарағанда өте шағын түсінік. Негізінен штамм деп әр түрлі табиғи ортадан (топырақ, 
су, ағзалар және т.б.) немесе бір ортадан әртүрлі уақытта бөлініп алынған, бір түрге 
жататын микроағзалар культурасын айтады. Бір түрге жататын штамдар қасиеттері 
бойынша бір-біріне жақын болуы немесе жекелеген белгілері бойынша айырмашылықтары 
болуы мүмкін. Дегенмен әртүрлі штамдардың қасиеттері сол түрдің аясынан шықпайды.
Клон – бір жасушадан алынған культура. Бір түр дараларынан тұратын микроағзалар 
(популяция) жиынтығын таза культура деп атайды.
2. Бактерия жасушасы сыртқы құрылысының қарапайымдығына қарамастан, барлық 
тірі жандарға тән үрдістер жүретін күрделі ағзаны құрайды.
Бактерия жасушасы өте кіші. Оларды микрометрмен (мкм), ал оның 
құрылымдарының бөлшектерін нанометрмен (нм) өлшейді. Кокктардың диаметрі негізінен 
0,5-1,5 мкм тұрады. Таяқшалы (цилиндрлі) пішінді бактериялардың ені көп жағдайда 0,5-
тен-1 мкм, ал ұзындығы 2-10 мкм дейін ауытқиды. Ұсақ таяқшалар ені негізінен 0,2-0,4 мкм, 
ұзындығы -0,7-1,5 мкм болып келеді. Бактериялар арасында ұзындығы ондаған, тіпті 
жүздеген микрометрді құрайтын нағыз алып микроағзалар да кездеседі.
Бактерия жасушасы қатты қоректік ортаның бетіне себілген соң ұрпақ колониясын 
түзе отырып бөлінеді және өседі. Колония консистенциясы шырышты немесе паста тәрізді 
болады, кей жағдайда пигмент түзуі де мүмкін. Сирек колонияның сыртқы түріне қарап 
микроағзаны идентификациялауда еш қиындық туғызбайтын ерекшеліктері де болады.
Бактерия жасушасының сыртқы құрылысына капсулалар, талшықтар, фимбрии және 
пили, сондай-ақ жасушаның цитоплазмалық мембранасының сыртын қоршап жататын 
жасуша қабығы жатқызылады. Бактерияның ішкі құрылымы нуклеоид, рибосома және 
мембраналық құрылым және т.б. органоидтары бар цитоплазмадан тұрады.
Бактерия жасушасының пішіні өте қарапайым, олар шар немесе цилиндр, кейде 
иірілген түрінде кездеседі. Бактериялар тең екі жасушаға бөліну арқылы көбейеді. 
Шартәрізді бактерияларды кокктар (латынша – coccus – дән) деп атайды. Кокктар эллипс, 
бұршақ және ланцет тәрізді болып келеді.
Бөлінген жасушаларының бір-біріне қатысты орналасуына қарай кокктар бірнеше 
пішінге бөледі. Бөлінген соң жасушалары ажырап, жеке жасушадан тұратын түрлерін 


моноккоктар дейді. Кейде кокктар бөлінген соң жүзім шоғырына ұқсас жиынтық түзеді. 
Мұндай пішінді бактериялар стафиллококктарға жатқызылады. Бөлінген соң бір 
жазықтықта қос-қостан байланысқан күйінде қалатын кокктар – диплококктар, ал 
ұзындығы әр түрлі тізбек түзетіндері – стрептококктар деп аталады. Перпендикуляр 
жазықтықта өзара екі жасушаның бөлінуінен кейін пайда болатын төрт кокктардың үйлесуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет