Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет5/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
тетракокктарды құрайды. Кейбір кокктар өзара үш перпендикуляр жазықтықта бөлініп, 
сарциналар деп аталатын куб тәрізді жиынтықты түзеді. Көптеген бактериялар цилиндр 
немесе таяқша пішінді болып келеді. Таяқша тәрізді спора түзуші бактерияларды 
бациллалар, ал спора түзбейтіндерін – бактериялар деп атайды.
Таяқша тәрізді бактериялар пішіні, ұзындығы мен енінің мөлшері, жасуша ұшының 
пішініне, сондай – ақ өзара орналасуына қарай ажыратады. Олар цилиндр пішінді ұшы тік
немесе сопақша доғалданып келген немесе ұшы үшкірленіп біткен жасушадан тұруы 
мүмкін. Бактериялар аздап иілген, жіп тәрізді немесе бұтақталған (микобактериялар және 
актиномицеттер) пішінді болып та келеді.
Таяқша тәрізді бактериялар бөлінген соң жекелеген жасушалардың өзара 
орналасуына байланысты нағыз таяқшаларға (жеке орналасқан жасушалар); 
диплобактериялар 
немесе 
диплобациллаларға 
(жұптасқан 
жасушалар), 
стрептобактериялар немесе стрептобациллаларға (ұзындығы әртүрлі тізбектерге) 
бөлінеді.
Иірілген немесе спираль тәрізді әр түрлі иірілімнен тұратын бактерияларды жиі 
кездестіруге болады. Бұл топқа спириллалар (латынша – spira - иірім) ұзын иірілген пішінді 
(4-6 иірім) таяқша, вибриондар (латынша – vibrio – иілемін) иірімнің 1/4 ғана иілген, үтірге 
ұқсас бактериялар; спирохеталар – ұзын және жіңішке жасушадан тұратын, көп ұсақ иірімі 
бар (6-15 және оданда көп) бактериялардың ерекше тобын жатқызуға болады.
Сонымен қатар жоғарыда аталған негізгі бактериялардан басқа пішінді түрлері де 
кездеседі. Жазықтықта протоплазмалық өсінділер – простектер, үшбұрышты және 
жұлдызшалы бактериялар, тұйық немесе тұйық емес сақиналы құрт тәрізді бактериялар 
жасушалары да табылған.
Көптеген бактериялар әртүрлі жиынтықтар, агрегаттар түзеді. Көп жасушалы 
бактериялар да белгілі, оларға көбінесе су қоймаларында тіршілік ететін жіп тәрізді 
бактериялар жатқызылады. Көп жасушалы бактерияларға мицелиальды микроағзалар – 
актиномицеттерді де жатқызуға болады.
Қозғалғыш бактериялардың екі негізгі типі бар: жылжығыш және жүзгіш. Жылжу 
миксобактерияларда, күкірт бактерияларында, цианобактерияларда және т.б. байқалады. 
Бұл ағзалар қатты жазықтықта жасушаның толқын тәрізді жиырылуы нәтижесінде 
жылжуға қабілетті.
Жүзгіш таяқша тәрізді бактериялар ерекше жіп тәрізді құрылым – талшықтардың 
көмегімен қозғалады. Көптеген спириллалар, энтеробактериялар, псевдомонадалар осылай 
қозғалады. Кокктардың кейбір жекелеген түрлерін есепке алмағанда талшықтары 
болмайды.
Бір талшықты бактерияларды – монотрих, жасушасының бір ұшында шоқ талшығы 
барын – лофотрих; жасушаның екі ұшында қарама – қарсы талшығы барын – амфитрих
жасушаның сыртын түгел қоршап жатқан талшықтарды – перитрих деп атайды.
Барлық қозғалғыш бактериялар белгілі бір сыртқы әрекеттердің әсер ететін 
бағытына қарай қозғалады. Қандай –да бір факторлардың әсер ететін бағытына қарай 
қозғалуын таксис деп атайды. Қозғалыс тудыратын сыртқы факторлардың табиғатына 
байланысты былай бөлінеді:
Хемотаксис – химиялық қосылыс көзі - эффектордың әсерінен белгілі бір бағытқа 
қозғалуы. Бактериялар кеңістіктегі эффектор концентрациясының айырмашылығын және 
уақытқа қатынасын ажырата алады. Әр бактерия үшін химиялық қосылыстарды таксис 
тудырмайтын заттарға және эффекторларға – аттрактанттар мен репелленттерге бөлуге 
болады. Аттрактанттар- ағзаларды еліктіретін қосылыстар, репеленттер- оларды үркітетін 


заттар. Аттрактанттар көбінесе тамақ субстраттары болса, репеленттер улы қосылыстар 
болып табылады. Аэротаксис – ортадағы оттегінің болу айырмашылығымен байланысты 
болса, термотаксис – температура айырмашылығына тәуелді, фототаксисте – 
бактериялар қозғалысы жарық қарқындылығының айырмашылығына негізделген, 
фототаксис фототрофты бактерияларда табылған. Магнетаксис – жердің магниттік өрісінің 
күшіне байланысты бактериялардың қозғалысқа түсу қабілеті: мұндай ағзалардың 
жасушаларында магнит стрелкасының қызметін атқаратын магниттер болады. Егер 
солтүстік жарты шарда магнетобактериялар солтүстік полюске қарай жүзсе, оңтүстікте – 
оңтүстік бағытқа қарай қозғалады. Вискозитаксис – бұл бактериялар ерітіндінің 
қоюлығының өзгерісіне реакциясы: олар ерітіндінің қоюлығы артуы немесе кемуі бағытына 
қарай жүзеді: таксисті бактерияның мінез – құлқының элементарлық түрі деп қарастыруға 
болады.
Бактериялық споралар. Бактериялар сыртқы ортаның қолайсыз факторларының 
әсеріне төзімді споралар түзуге қабілетті. Спора түзу жасушада қоректік заттардың 
жетіспеушілігі сезілген және бактерияда зат алмасу өнімінің жиналуы кезінде басталады. 
Спораның қалыптасуы өсу жағдайына тәуелді. Спора түзбейтін вегетативті жасушалары 
жойылып кеткен жағдайда да споралар тірі қалуы мүмкін. Споралар кеуіп кетуге төзімді, 
оларды жою үшін 120°С температурадағы 1 атмосфералық қысымды немесе 150-160°С 
температурада 2 сағат қыздыруды қажет етеді.
Споралар клостридий, плектридий, бацилярлы пішінге ие болған кезде жасуша 
ішінде қалыптасады.
Спораның түзілу үрдісі вегетативті жасушаларда болмайтын ақуыз және дипиколин 
қышқылының синтезі артуы кезінде басталады. Ол бактериялды спораның құрамына кіреді.
Спораның түзілу сызбанұсқасы. Бактерия жасушасының тең бөлінуі нәтижесінде 
цитоплазмалық мембрананың ішке қарай ойысуы нәтижесінде жүзеге асатын 
цитоплазманың аздаған бөлігімен нуклеоид бөлігінің бірігуі байқалады. Түзілген проспора 
бактерия жасушасының цитоплазмалық мембранасымен қапталады. Осылай бактерия 
жасушасының ішінде жаңа жасуша – проспора пайда болып, екі мембранамен қоршалады, 
сонан соң мембраналардың арасынан жасуша қабығы түзіледі. Проспораның сыртқы 
қабықпен ішкі мембрананың арасында спораның жиегі қалыптасады.
Спора пісіп жетілген соң вегетативті жасуша қабығы бұзылып, спора сыртқы ортаға 
шығады. Спора қолайлы жағдайға түскен кезде өне бастайды. Өну спораның суды сіңіру 
мен ісінуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Сонан соң қысымның әсерінен жасуша қабығы 
жарылып, өсу өсіндісі пайда болады. Соңынан босап шыққан бактерия ағзасының ұзаруы 
және ұзарған жасушасының бөлінуі жүреді.
Бактерия споралары ұзақ уақыт тыныштық күйде өмір сүре алады. Сыртқы ортаның 
жағымсыз жағдайларына төзімді клеткалар – цисталарды түзуге қабілетті микроағзалар бар, 
олар кеуіп кетуге, ыстыққа төзімді келеді.
Бактериялардың көбеюі. Бөліну. Алдымен нуклеоид бөлінеді, сонан соң жаңадан 
түзіліп жатқан жасушалар арасында жарғақша пайда болады, ол екі қабат цитоплазмалық 
мембранадан тұрады. Артынан екі қабатты жасуша қабығы түзіледі. Жасуша қабығы 
түзілген соң жасушалар ажырайды. Қолайлы жағдайда микроағзалардың регенерациялану 
уақыты 20-30 минутқа ауытқиды. Ағынды ортада бактериялар әр 15-20 минут сайын 
бөлінуге қабілетті.
Қайта байлану. Жасуша бөлінуі кезінде бөліну нүктесі жіңішкеріп, жарғақша 
бөлінбей қалып қояды (диплококк, стрептококк).
Коньюгация. Коньюгация үрдісінде аталық жасушалар цитоплазмалық көпір арқылы 
ДНҚ бөлігін аналық жасушаларға береді. Ұрықтанған жасушада – зигота пайда болады. 
Мысалы, түйнек бактерияларда таяқшалар цитоплазмалық көпір арқылы топтарға бірігеді, 
жиынтық түзеді. Жасуша ішінде ядролардың араласуы жүреді. Барлығы бір ірі денеге 
бірігеді де, жасушада біреуінде қалып дамиды және жаңа жасушаның бөлінуіне көшеді.


3. Актиномицеттер. Бұл әр түрлі морфологиялық ағзалар тобын біріктіреді: 
бұтақталған жіпшелер түзетін немесе дамыған мицелийден тұратын кокк немесе таяқша 
пішінді ағзалар. Субстрат мицелийі агарлы ортаның тереңдігіне еніп дамиды, қоректік 
ортаның бетінде ауа мицелийінің гифтері дамиды. Актиномицеттер әртүрлі тәсіл арқылы 
көбеюімен сипатталады. Көпшілігі арнайы спора түзетін мүшелер – спорангилерде 
түзілетін споралар көмегімен көбейеді. Спорангийлердің құрылысы (ұзын немесе қысқа, тік 
немесе спираль тәрізді) және орналасуы (тізбекті, қарама-қарсы, шоқталып) бойынша 
айырмашылықтары болады.
Стрептомицеттер және туыс формалар. Жақсы дамыған ауа мицелийін түзеді. 
Көбеюі гифтердің ұшында немесе вегетативті мицелийдің бөліктерінде түзілетін споралар 
арқылы жүзеге асырылады. Қатаң аэробты хемоорганогетеротрофтылар. Негізгі туысы 
Streptomyces 500 - ге жуық түрі белгілі. Көптеген стрептомицеттер бактериялар, 
саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдылар, фагтарға және ісікке қарсы белсенді 
әрекеті бар антибиотиктер синтездейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет