Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет6/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары: 
1. Эукариотты және прокариотты ағзалардың бір – бірінен айырмашылығы? 
2. Прокариоттарға қандай ағзаларды жатқызуға болады? 
3. Микроағзалардың таксономиялық бірліктері?
4. Бактериялардың морфологиясына қарай жіктелуі. 
5. Таксис дегеніміз не? Таксистің түрлері. 
6. Бактериялар қалай көбейеді? 
7. Актиномицеттердің бактериялардан айырмашылығы?
8. Стрептомицеттер және олардың туыс формалары. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
5. Төлемісова, Ж.К. Тағамдық микробиология [текст] . - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 
152 б. - Библиогр.: б.150-151. - ISBN 978-601-7390-51-8 
6. 
Салтыбаев, А.Д. Микробиология [текст/ Электронный ресурс] : Оқу құралы. - 
Алматы : Альманахъ, 2017. - 144 б. - ISBN 978-601-263-298-9
7. Уәлиева, П.С. Микробиологиядан зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар 
[Текст] . - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 98 б. - ISBN 978-601-04-1873-8 
8. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016. - 
96 б. - (Кәсіптік білім). - ISBN 978-601-302-449-3 
Дәріс 3– Микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар мен қарапайымдар. 
Вирустар мен фагтар 

Дәріс жоспары:


1. Микроскопиялық саңырауқұлақтар мен олардың құрылысындағы ерекшеліктер. 
Саңырауқұлақтардың вегетативтік және жыныстық көбеюі. Ашытқылар және ашытқы 
тәрізді ағзалар микроскопиялық саңырауқұлақтардың өкілі ретінде.
2. Микроскопиялық балдырлар мен қарапайымдылар.
3. Вирустар мен фагтар.
Дәріс мақсаты: Микроскопиялық саңырауқұлақтар мен олардың құрылысындағы 
ерекшеліктер туралы оқып білу. 
1. Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы бір жасушалы және мицелиалды 
хемоорганотрофты 
ағзалар. 
Өсімдіктермен 
оларды 
бірқатар 
ортақ 
белгілер 


байланыстырады: жасуша қабығының және жасуша шырынына толы вакуольдерінің, 
микроскоппен жақсы көрінетін протоплазмасының болуы; қозғалу қабілетінің болмауы. 
Бірақ саңырауқұлақтарда фотосинтетикалық пигменттері жоқ, сондықтан олар 
гетеротрофты ағзалар (дәлірек, хемоорганотрофтар) болып табылады. Саңырауқұлақтар 
аэробты жағдайда өседі және энергияны органикалық заттарды тотықтыру арқылы алады. 
Оларды тірі ағзалардың ерекше тобы – Mycota патшалығына жатқызады. 
Саңырауқұлақтардың вегетативті денесі (таллом) диаметрі шамамен 5 мкм тұратын, қатты 
бұтақталған және қоректік субстратты толықтай жауып немесе тек беткі қабатында өсетін 
жіпшелерден тұрады. Жіпшелерде (оларды гифтер деп атайды) жасуша қабығын және 
цитоплазмасын айыруға болады.
Көптеген саңырауқұлақтардың жасуша қабығында хитин немесе оған жақын 
қосылыстар болады. Жасуша қабығының астында түйіршікті құрылымды цитоплазмасы 
болады. Саңырауқұлақ жасушасында мембранамен қоршалған айқын дифференцияланған 
ядросы бар.
Саңырауқұлақтар ереже бойынша жынысты да, жыныссыз да жолмен көбейеді. 
Жыныссыз көбею спораның көмегімен, сондай-ақ бүршіктену немесе бөліктерге ажырау 
жолымен жүзеге асырылады. Кеңінен таралған спора түзу арқылы көбею гифтердің ұшында 
конидиоспоралардың байлануы арқылы жүреді (Penicillum, Aspergillus). Егер споралар 
спорангийлердің ішінде түзілсе спорангиоспора деп атайды.
Жынысты көбею саңырауқұлақтарда басқа эукариоттардағы секілді екі ядроның 
қосылуы арқылы жүреді.
Саңырауқұлақтар табиғатта кең таралған ағзалар тобына жатады. Олар барлық 
табиғи субстраттарда (топырақ, өсімдік және жануарлар қалдықтарында және т.с.с.), тағам 
өнімдерінде және т.б. кездеседі. Саңырауқұлақтардың ішінде тек сапрофиттер ғана емес, 
сондай-ақ паразиттер, тіпті жыртқыштары да кездеседі. Топырақ ішінде гликоза, лигнин, 
және т.б күрделі қосылыстарды ыдыратады. Саңырауқұлақтар тағам өнімдерін ағаш 
құрылыстарын, каучук және резинкеден жасалған өнімдерді, мұнай өнімдерін және т.б. 
бүлдіреді. Одан басқа олардың кейбіреулері өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың 
ауруларының қоздырғыштары болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет