Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Микроорганизмдердің суда таралуы.
 
Мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдердің 
суларында микроорганизмдердің көптеген түрлері кездеседі. Ал жер асты сулары мен 
артезиан суларында микробтар тіптен болмайды деп айтуға болады. Су микрофлорасы 
олардың биологиялық ластану деңгейіне және өзен арналарына жіберілетін сарқынды 
суларды тазарту сапасына байланысты болып келеді.
Өзендер, көлдер мен тоған суларында кездесетін микроорганизмдер аутохтонды 
(қалыпты тіршілік ететін) және аллохтонды (ластану кезінде сырттан түсетін) деп екі топқа 
бөлінеді.
Аутохтонды микрофлора деп суда әрдайым тіршілік ететін және көбейетін 
микроорганизмдердің жиынтығын айтады. Бұлардың қатарына Micrococcus candicans, 
Micrococcus roseus, Sarcina litea, Bacterium aquatilis communis, Pseudomonas fluorescens, 
Chromobacterium violaceum және Proteus пен Leptospira туысының көптеген түрлері, зең 
саңырауқұлақтар жатады. Сонымен қатар ластанбаған су қоймаларынан анаэробты 
микроорганизмдердің арасынан Bacillus cereus, Mycoplasma mycoides, Chromobacterium 
violaceum және Clostridium туысына жататын бактерияларының кейбір түрлерін бөліп алуға 
болады.


Аллохтонды микрофлора – суға кездейсоқ түсіп, қысқа мерзім тіршілік ететін 
микроорганизмдердің жиынтығы. Мұндай микроорганизмдердің мөлшері ашық су 
қоймаларының типіне, ластану дәрежесіне, метеорологиялық жағдайлардың ауысуына, 
жыл мезгіліне және тағы басқа әсерлерге байланысты болады. 
Судағы микроорганизмдердің басым көпшілігі зат алмасу процесінде маңызды рөл 
атқарады. Олар жануарлар мен өсімдіктерден бөлінген органикалық өнімдерді ыдыратып, 
суда тіршілік ететін басқада организмдерді қоректік заттармен қамтамасыз етеді. 
Өзен суларын негізінен тұрмыстық және өндірістік қалдықтар ластайды. Көлдер, 
тоғандар мен сазды суларда микроорганизмдер онша көп болмайды. Ашық су қоймаларына 
микробтардың басым бөлігі топырақтан түседі. Сондықтан микроорганизмдер көлдер, 
тоғандар мен өзендердің жағалауларында көп мөлшерде кездеседі.
Суда белгілі микробтардың барлық топтары тіршілік етеді. Олардың ішіндегі ең көп 
бөлігі бактериялардың үлесіне тиеді. Себебі бактериялардың цитоплазмалық мембранасы 
жасушаның тіршілігіне қажетті қоректік заттарды өткізіп отыратын қабілетті иеленген. Осы 
қабілеттілікке байланысты олар өте аз мөлшердегі қоректік субстраттарды сіңіріп, 
органикалық заттарды синтездей алады. Бактериялар судағы органикалық және 
минералдық заттарды тотықтырып, су қоймаларында өтетін маңызды биологиялық 
процестерге қатысады. Сонымен қатар бактериялар су қоймаларындағы күкірттің алмасуын 
жүзеге асырады және олардың арқасында су түбінде пайдалы қазбалардың жиналуына 
мүмкіндік береді. Микроорганизмдер суға түскен органикалық заттарды минералды 
қосылыстарға дейін тотықтырады. 
Микроорганизмдермен, соның ішінде патогенді микробтармен ластанған сулар 
пайдалануға жарамсыз болып табылады. Сондықтан кез келген су көздеріне санитарлық-
микробиологиялық бағалау жүргізіліп отыруы қажет. Топыраққа қарағанда судың өздігінен 
тазаруы айтарлықтай төмен болып келеді. Мұндай су қоймаларда патогенді 
микроорганизмдер ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, онда көбейеді.
Су қоймаларының өздігінен тазаруы бірнеше факторларға байланысты: 1) судың 
жылдам ағуынан, ондағы органикалық заттардың мөлшері азаюынан; 2) күн сәулесінің 
бактериоцидті әсерінен; 3) микробтардың әсерінен органикалық қосылыстардың 
минералдануынан; 4) қоректену тізбегінің болуынан: бактерия – қарапайымдар – жәндіктер 
– балықтар мен жануарлар – адам; 5) лайлы жердегі қатты бөлшектермен 
адсорбциялануынан; 6) өсімдіктердің беткейіне адсорбциялануынан; 7) өсімдіктер 
фитонциттерінің әсерінен болады.
Судың биологиялық жолмен тазаруы. Қандай да болмасын судың өзіндік бір 
биологиялық «қауымы» болады. Бұл «қауым» тұрақты болмайды. Осыған байланысты ол 
биологиялық топтарға ажыратылады. Олар судағы органикалық заттардың өзгеруіне 
байланысты организмдер «қауымы» бір-бірімен алмасып отырады. Міне осы жағдайға 
байланысты әрбір судың ластану дәрежесі анықталады, яғни олар жеке сапробтық 
аймақтарға ажыратылады. Осы сапробтық аймақтарға қарай отырып, ондағы тіршілік 
жағдайларын анықтауға болады. Мұнда «сапробтық» деп белгілі бір дәрежеде 
минералданған және қажетті концентрациялы органикалық заттары бар, белгілі бір 
организмдер ғана тіршілік ететін судың жинақталған физиологиялық ерекшеліктерін айтады. 
Осы ерекшеліктерге байланысты кез келген суда сапробтық аймақтардың белгілі бір ретпен 
алмасып отыратынын байқау киын емес. 
Полисапробтық немесе өте ластанған аймақ. Мұндай су өсімдіктер мен 
жануарлардың қалдықтарына бай келеді. Суда протеин, еріген қанттар, пектин заттары, 
клетчатка және басқа да қосылыстар көп болады. Осы аймақта анаэробты шіру процесі өте 
күшті жүреді. Әрине, тіршілік ететін организмдер де органикалық заттардың көп мөлшеріне, 
олардан бөлінетін көмір қышқыл газына, метанға, күкіртсутегіне аса төзімді болады. 
Айтылған протеин, клетчатка заттары бұл аймақта шіру процесіне ұшырайды. Оттегі 
болмайды. Сондықтан да мұнда анаэробты бактериялар көп. Мәселен, 1 мл суда бір 
миллионға жуық бактериялар кездеседі. 


Мезасапробтық аймақ. Бұл аймақта органикалық заттардың минералдануы тоқталмай 
жүре береді. Бірақ мұндағы протеин заттары мен көмірсулар құрам бөліктеріне ажыраған 
күйінде болады. Сондықтан да тотығу процесі жүріп жатады. Әсіресе, аммиактың азот 
қышқылына дейін тотығуы өте қуатты жүреді. Органикалық заттардың қалғаны көмір 
қышқылына айналады. Судың бұл аймағының 1 мл-нен 100 мыңдай бактерияны 
кездестіруге болады.
0лигосапробтық аймақ. Ол органикалық заттарға кедей, ірі организмдері өте аз, таза 
су. Бұл аймақтағы судың бір миллилитрінде 10-нан мыңға дейін бактериялар болады. 
Аммиактың азот қышқылына, күкіртсутегінің күкірт қышқылына дейін тотығуы аяқталады. 
Тотықтыру процесін жүргізетін – темір бактериялары. Сондықтан олар мұндай аймақтың 
негізгі санитарлық көрсеткіші болып есептеледі. 
Ірі өндіріс орталықтарында, халқы көп қалалы жерде түрлі қалдықтардың көп болуына 
байланысты су едәуір ластанады. Сондықтан алдын ала тазартылмаған мұндай суды су 
қоймаларына, өзендерге ағызуға тыйым салынады. Ластанған суды тазартпай өзенге немесе 
көлге ағызып жіберу жалпы санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзғандық болып қана 
қоймай, қоршаған ортаға да зиян келтіру болып табылады. Табиғи суға қосылатын сарқынды 
суды міндетті түрде тазарту қажет. Ластанған суды қалыңдығы 2 метрдей болатын топырақ 
қабатынан баяу өткізу арқылы тазартуға болады. Лас су алдымен шіру процесіне бейім 
тұратын органикалық заттардан тазарады да, жер асты суына барып қосылады. 
Саңылаулары мол қалың топырақ қабаты органикалық түйірлерді механикалық жолмен 
ұстап қалады. Суды аталмыш жолмен сүзу жұмыстарында ірі түйіршікті құмдақ топырақты 
және шымтезекті пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет