бермейді. Ал жаз уақытында жел шаң-тозаңдармен бірге
ауаға микроорганизмдерді де
ұшырады. Күз бен көктем кезінде жауын-шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаң азаяды.
Сондықтан бұл мезгілдерде ауада микробтар көп болмайды.
Ашық жерлерге қарағанда бөлме мен үй ауасында микробтар біршама көп болады.
Мәселен, бөлме ауасының бір текше метрінде 100 мыңға жуық микроорганизм кездеседі.
Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаң да көбейе түседі, микробтар саны да
артады. Кейбір ауру қоздырғыш микроорганизмдер бөлме ауасына таралып, тыныс алған
кезде басқа адамға жұғады. Сондықтан бөлме ауасын желдету арқылы жаңартып тұру, күн
сәулесінің бөлмеге жақсы түсуін қамтамасыз ету оның тұрғындарының денсаулығы үшін
үлкен маңызы бар мәселе. Ауада микробтар көп болған жағдайда тек ауру тарау қауіпі ғана
молайып қоймайды, сонымен қатар бөлмеде сақталатын
дәрі-дәрмектердің зең
саңырауқұлақтарымен және спора түзуші бактериялармен зақымдануына қолайлы жағдай
жасайды. Бөлме ауасын микробтардан тазарту тек санитарлық-гигиеналық жолмен ғана
жүргізіліп қоймай, басқа да шаралар қолданылуы қажет. Мәселен, бұл үшін ауаны
ультракүлгін сәуле шығаратын бактерицидті шамдармен өңдеу қазір кеңінен қолданылуда.
Әсіресе сұйық дәрі-дәрмектерді дайындайтын дәріханалар аулаларының таза болуына баса
назар аударылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: