сахарозаны қышқыл түзе ыдыратады, бірақ арабиноза, сорбит және сахароза қосылған
қоректік орталарда өсірілген
Streptococcus faecium әрекеті құбылмалы болып келеді.
Энтерококкалардың барлық штамдары эскулинді гидролиздейді. Нитраттарды
тотықсыздандыра алмайды және эритринді ашытпайды.
Энтерококкалардың индикациясында көптеген сұйық және тығыз қоректік орталар
(азидтті-глюкоза қосылған сорпа, тұз қосылған сорпа, Сланец және Бертли агары,
канамицин азидті-эскулинді агар, т.б.) қолданылады. Аталмыш орталарда өсірілген
өсінділерден каталазаны түзбейтін, грам-оң дөңгелек пішінді микробтарды бөліп алған
жағдайда оларды энтерококкаларға жатқызады.
Төзімділігі. Энтерококкалар 60-65°С температурада 30 минутқа дейін шыдайды. Олар
рН 9,6-10 болатын, 40% өт және 6,5% NaCI қосылған қоректік орталарда өсе алады.
Достарыңызбен бөлісу: