Құрамында азоты бар азықтарды өз протеиндеріне түрлендіретін бактериялар.
Мес қарынның факультативтік-анаэробтық бактерияларының дені жасуша денесін құруға
керекті аммиакты және т.б. заттарды ыдыратуға қабілетті болып келеді. Сыйымдылығы 75
л мес қарында тәулігіне 450 г дейін протеин түзіледі. Сонымен қатар, аргинин, гистидин,
изолейцин, лейцин, лизин, метионин,
фенилаланин, треонин, триптофан, валин сияқты
алмастырылмайтын амин қышқылдары синтезделінеді. Сондықтан, күйіс қайырушы
жануарлар бір камералы асқазанды жануарлармен салыстырғанда алмастырылмайтын амин
қышқылдарын азықтан алуға зәру емес.
Мес қарын микробтарының протеиндері қарапайым азот қосылыстарынан синтездеу
мүмкіндіктері бар. Бұл, күйіс қайырушы жануарларды азықтандыру мақсатында құрамында
азоты бар синтетикалық заттар - аммоний тұзы мен мочевинаны пайдалануға
болатындығын көрсетеді. Осы заттардың гидролизі кезінде микробтармен сіңірілетін
аммиак түзіледі.
Мес қарын микробтары аммиактан, көмір қышқыл газынан, күкірттен,
минералдық заттар мен органикалық қышқылдардан амин қышқылдарын синтездеп,
денесінің протеиндерін түзеді. Микробтар месқарынның ішіндегі заттармен бірге ұлтабар
мен ішекке қарай жылжып, онда ыдырайды да, жануар организмі үшін толық құнды азыққа
айналады.
Стрептококкалар (
Str. bovis, Str. faecalis және т.б.) мес қарын ішінде көп мөлшерде
болады (1 мл-де 100 млрд жасушаға дейін). Олар крахмалды және глюкозаны сүт
қышқылын түзе ыдыратады.
Лактобактериялар (
L. acidophylum, L. brevis, L. casei) кейбір көмірсуларды сүт
қышқылын түзе ыдыратады.
Propionbacterium туысының бактериялары лактатты пропион қышқылын түзе отырып
ыдыратады және B12 дәруменін синтездеуге қатысады.
Бифидобактериялар (
Bact. pseudolongum, Bact. animals және т.б.) жасуша ұшы
жуандау, түйреуіш тәрізді, түзу немесе тарамдалған таяқшалар. Олар спора түзбейді,
қозғалмайды, грам тәсілімен оң боялады. Тіршілік ету процесінде сүт, сірке және өзгеде
қышқылдарды түзеді, орта реакциясын 4,0-3,8-ге
дейін төмендетіп, бірқатар шіру және
патогенді микробтардың дамуын тежейді. Макроорганизмдер пайдаланатын амин
қышқылдары мен көптеген дәрумендерді (тиамин, рибофлавин, пиридоксин,
цианкобаломин ж.т.б.) синтездейді.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, күйіс қайыратын
жануарлардың месқарнында
инфузориялардың 120-ға жуық түрі кездеседі, олардың 1 мл сұйықтықтағы жалпы саны 1
миллионнан астам. Месқарындағы қарапайымдылардың барлығы анаэробтарға жатады.
Көмірсулық қоректенудің негізгі көзі – еріген қант, ал азоттың көзі – шөп сөлі болып
саналады.
Мес қарында жануарлардың сүтпен қоректену кезеңінде инфузориялар болмайды,
өйткені мес қарындағы қышқылдық орта оларға қолайсыз әсер етеді. Олардың дамуына
құнарсыз азықтар қолайлы жағдай туғызады. Инфузориялар санының артуы малдың
құнарсыз азықтармен қоректендіру деңгейіне байланысты.
Бұзауларда қарапайымдылар
алғашқы 2-3 айлықта дами бастайды, ал олар 1 жасқа жақындағанда қарапайымдылардың
мөлшері ересек жануарлардағымен теңеседі. Қозылардың мес қарынында бірен-саран
инфузориялар 8-12-ші күндері пайда болып, 20 күндері оның 1 мл сұйықтықтағы мөлшері
50-60 мыңға дейін артып, 6 айлықта 1 млн.-ға жетеді. Қарапайымдылар сыртқы ортада
тұрақсыз, бір жануардан келесі жануарға жанасу арқылы және алиментарлық жолмен
беріледі. Ашығу кезінде қой мес қарынындағы инфузориялар саны күрт азаяды. Мес
қарындағы инфузориялар санына азық құрамы және оның көлемі әсер етеді. Қойлардың
месқарнындағы инфузориялар саны сиыржоңышқа мен сояның қоспасын бергенде артады,
ал сүрлеммен азықтандырғанда азаяды немесе мүлдем жойылып кетеді.
Азықтандырғаннан бір сағат өткен соң
инфузориялардың саны азайып,
бактериялардың көбеюі анықталған, бұл қатынас кейіннен өзгеріске ұшырайды. Мес
қарындағы инфузориялар мен бактериялар арасында күрделі қарым-қатынас бар, өйткені