Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет18/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Дәріс мақсаты: - Микроағзалардың зат алмасуы, ферменттері, тыныс алуы және 
қоректенуі жайлы оқып білу. 
 
1. Ферменттер - бұл жасушаның тіршілігі үшін қажетті химиялық реакцияларды 
тездететін ақуыздар. Кейбіреулері қарапайым ферменттер - ақуыздар, протеиндер, 
басқалары - күрделі ақуыздар- протеидтер. Ақуыздан басқа (апофермент) – органикалық 


табиғаттың (кофермент) ақуызсыз бөлігін алады, немесе темір, мыс, молибден, мырыш, 
кобальт металл иондарымен сипатталатын активаторлар. 
Ферментерді: эндоферменттер – жасуша ішіндегі метаболизмге қатысатын жасуша 
ішілік ферменттер, экзоферменттер – жасушадан тыс, сыртқы ортаға бөлінетін 
ферменттер деп бөледі. 
2. Жасушаға қоректік заттарды тасымалдайтын бірнеше механизм бар. Олардың 
ішінде ең қарапайымы - белсенді емес диффузия. Бұл үрдістің қозғаушы күші заттар 
концентрациясының градиенттері болып саналады, олардың концентрацияларының 
ерекшелігі цитоплазмалық мембрананың (ЦПМ) екі жағында болуы - жасушадан тыс және 
жасуша ішінде. Судың, кейбір газдардың (О2, Н2), кейбір иондар концентрациясының 
молекулалары жасушаның ішіне қарағанда сыртында жоғары болады, сондықтан олар 
ЦПМ арқылы белсенді емес диффузия жолымен жасушаның ішіне ауысады.
Су – белсенді емес диффузия арқылы жасушаға енетін негізгі зат болады. Жасушаға 
енген су цитоплазманы және ЦПМ–ны жасуша қабығына қарай қысып, жасуша қабығына 
түсетін және судың жасушаға әрі қарай енуіне кедергі жасайтын тургор деп аталатын ішкі 
қысымды пайда етеді. Тургор жағдайында барлық тірі ағзалардың, соның ішінде 
микроағзалардың жасушалары белсенді тіршілік әрекетін байқатады. Сондықтан судың 
микроағзалар тіршілігінде маңызы өте зор. Белсенді емес диффузия кезінде жасушаның 
энергиясы шығындалмайды. Бұл үрдістің жылдамдығы жоғары емес. Қоректік орта 
заттарының басым бөлігі жасуша ішіне ЦПМ–да орналасқан, сондай – ақ, ішкі және сыртқы 
қабаттардың арасында айналып жүретін арнайы тасымалдаушы - ақуыздардың 
қатысуымен жүреді. Жасушаның зат алмасу өнімдерін сыртқа шығаруға да осы ақуыздар 
қатысады. Тасымалдаушылар қандайда бір субстратқа арналған болып келеді, яғни, 
олардың әрқайсысы тек нақты бір затты тасымалдайды. Тасымалдаушы заттармен ЦПМ–
ның сыртында қарым – қатынасқа түседі және бұл жиынтық ЦПМ арқылы жылжып ЦПМ–
ның ішкі жағына өтеді, сонан соң жиынтық ыдырап, заттар цитоплазмаға беріледі. 
Сонымен, ЦПМ–да орналасқан сәйкес тасымалдаушысы бар заттар ғана қоректік 
ортадан жасушаға ене алады және мұнда ЦПМ–ның таңдап өткізгіштігі байқалады.
Тасымалдаушылардың көмегімен қоректік ортаның еріген заттарының тасымалы 
жеңілдетілген диффузия және белсенді тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
Жеңілдетілген диффузия – белсенді емес диффузия секілді концентрациялар 
градиенті бойынша өтеді, ол энергияны шығындамайды, бірақ үлкен жылдамдықпен 
жүреді. Заттардың белсенді тасымалы концентрациялар градиентіне қарсы жүреді, яғни, 
төмен концентрациядан жоғары концентрацияға ауысады, осы үрдістің жүруіне энергия 
жұмсалады. Жасуша ішіне енген заттардың тасымалдаушыдан босауына да энергия 
шығындалады. Белсенді тасымалдау кезінде заттардың жасушаға түсу жылдамдығы 
қоректік ортаның төмен концентрацияның өзінде максимум шегіне жетеді, мұнда жасушаға 
түскен заттардың концентрациясы қоректік ортаның концентрациясынан анағұрлым 
жоғары болады. Прокариоттар мен эукариоттар тасымалдау механизмі бойынша 
ажыратылады - прокариоттарда қоректік заттардың тандалып түсуі белсенді тасымалдау 
жолымен жүзеге асырылады, ал эукариоттарда – жеңілдетілген диффузия арқылы жүреді. 
Микроағзалар жасушасынан зат алмасудың өнімдері шығарылуы жеңілдетілген диффузия 
жолымен жүзеге асырылады.
Конструктивті метаболизмде негізгі рөл көміртегіге байланысты, себебі тірі 
ағзаларды құрайтын барлық қосылыстар - көміртегі қосылыстары болады. Прокариоттар 
кез – келген көміртегі қосылыстарына әсер етуге қабілетті, яғни оларды өздерінің 
метаболизмінде қолдана алады. 
Көміртегі көздеріне байланысты барлық прокариоттар екіге бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет