Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет23/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Жануар ағзасының микрофлорасы. Жануар ағзасы микробтардың тіршілік ету 
ортасы бола алады. Тері микрофлорасы тұрақсыз, оның құрамы микроорганизмдердің 
тіршілік ету жағдайларына, қоршаған ортаға (ауа, төсеніш), сонымен қатар жануарлар 
жанасатын заттарға байланысты. Теріден көбінесе дөңгелек пішінділер: стафилококкалар, 
диплококкалар, стрептококкалар, сарциналар анықталынады. Олар май және тер бездерінің 
өзекшелерінде тіршілік ете алады және тері зақымданғанда абсцесс, фурункуланың пайда 
болуына себепші болып, жарақат экссудатының құрамына кіреді.
Таяқша тәріздес бактериялардан ішек таяқшасы, көкірің бактериясы, пішен 
бацилласы кездеседі. Теріге топырақпен кейде көп мөлшерде бациллалар, сондай-ақ зең 
саңырауқұлақтары мен сәулелі саңырауқұлақтар түседі. Тері жабынының тазалығына 
байланысты, терінің 1 см2 ауданынан ондаған мыңнан 2 млрд-қа дейінгі микроб 
жасушалары болады.
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Тыныс алу жолдарына микробтар ауаның ең 
алғашқы порциясымен түседі. Олар жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарында 
орналасады және оның төменгісімен салыстырғанда жоғарғы бөлігінде микроорганизмдер 
көбірек болады.
Микробтар саны көмекейдің және кеңірдектің кілегей қабығында күрт азаяды, өкпе 
паренхимасында мүлдем кездеспейді. Танау қуыстарында негізінен дөңгелек пішінділер 
мекендейді, ал таяқша тәріздестер сирек кездеседі. Сау жануарлардың танау және көмекей 
кілегей қабықтарынан стрептококкаларды, тілме таяқшасын және тағы да басқа 
микробтарды кездестіруге болады.
Тыныс алу жолдарының ішкі бөліміндегі микрофлоралар аз зерттелген. Адамдарда 
бұл материалды алудың қиындығымен байланыстырылса, ал жануарларда тыныс алудың 
ішкі бөлімдеріндегі материалға қол жеткізу оңайырақ.
Макроорганизм резистенттілігінің төмендегенінде патогендік микробтар әр түрлі 
аурулардың себепшісі болуы ықтимал. Мысалы, туберкулез таяқшасы өкпеге ене отырып, 
онда өзінің дамуы үшін қолайлы орта табады. Демек, ауадағы микробтар организмде ауру 
тудырып, жануарды өлімге ұшыратуы мүмкін. 
Ауыз қуысының микрофлорасы сан алуан және ол көбінесе азық құрамына, 
жануардың жасына, түріне байланысты. Көпшілік жағдайда дөңгелек пішінділер және 
таяқша тәріздестер жиі, ал имектелген түрлер сирек кездеседі.
Имектелген бактериялардың ішінен тіс кариесін тудыратын патогенді емес спирохета 
(Spirochaeta dentum) кездеседі. Спирохеталар әсіресе жасы ұлғайған ересек шошқалардың 
ауыз қуысында көп болады. Егер, жем-шөптің ылғалдылығы жоғары болса, онда күйіс 
қайыратын жануарлардың ауыз қуысындағы микробтар саны да артады.


Бір камералы қарынның асқазан сөлі аздаған микробтар ғана тіршілік ете алатын 
қышқылды орта түзетіндіктен микрофлораға өте кедей боп келеді. Сүт қышқылды 
бактериялар, ашытқылар, зең саңырауқұлақтары, бірқатар сарциналар (Sarcina ventriculi
мен бациллалардың қышқылды ортаға төзімділігі жоғарылау. Осындай орталарда 
қышқылға төзімді бактериялардың (Mycobacterium tuberculosis және т.б.) шыдамдылығы 
жақсы.
Асқазан сөлінің секрециясының мөлшері азайған кезде орта бейтараптанып, шіру 
микробтарының көбеюіне қолайлы жағдай туады. Претеолитикалық бактериялардың 
дамуы улы заттардың жинақталуына және ас қорыту процесінің бұзылуына әкеп соғады. 
Күйіс қайырушы жануарлардың месқарнының микрофлорасы. Өмірінің алғашқы 
күндері және сүтпен қоректену мерзімі барысында күйіс қайырушы жануарлардың 
месқарнының негізгі микрофлорасы сүт қышқылды бактериялардан тұрады.
Құнарсыз (ірі) азықтарды қабылдаған кезде микроорганизмдердің өзге де 
физиологиялық топтары пайда болады, ал 2-3 айлық жануарларда месқарынның микробтық 
пейзажы сәл болсада тұрақтанады. Месқарын ішіндегі 1 мл. сұйықтықта 1-10 млрд. микроб 
жасушалар кездеседі. Микробтар үлесіне месқарын ішіндегі құрғақ массаның 10% тиесілі. 
Микробтардың физиологиялық топтарының көбеюі немесе азаюы жаңадан түскен азық 
порциясына байланысты. 
Күйіс қайырушы жануарлардың мес қарынында микробтардың дамуы үшін қолайлы 
жағдай туады: тұрақты температура (37-39ºС), тұрақты рН (5,8-7,3), сілекейдің үздіксіз 
берілуі (тәулігіне 70 л шамасында), ұсақталған азықтың үнемі түсіп отыруы және оның 
месқарынның жиырылуы нәтижесінде араласуы.
Тәулігіне 700 л-ге дейінгі көлемде түзілетін газдар: көміртегінің қос тотығы (65%), 
метан (30%), аммиак, күкіртті сутек, азот, сутегі – анаэробтық жағдай тудырады. 
Сондықтан, мұндай ортада облигаттық және факультативтік анаэробтар дамуы мүмкін. 
Месқарында ашытқылар, зең саңырауқұлақтары және басқа да аэробтар сирек кездеседі. 
Микроорганизмдердің бірнеше физиологиялық топтары месқарындағы қоректік заттардың 
түрленуін жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет