Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет31/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Өсінділік қасиеттері. Clostridium perfringens – факультативті анаэроб, қоректік 
орталарда, әсіресе, глюкоза қосылған ортада жақсы өседі. Қан және қант қосылған орта-
ларда сұрғылт-жасыл түсті, гемолиз аймағы байқалған, дөңгеленген немесе сопақшалау 
келген ірі колонияларды түзеді (36-сурет). Темір хлориді қосылған Вильсон-Блер 
ортасында микроб күкірт қышқылды натрийді натрий сульфатына дейін тотықсыз-
дандырады. Натрий сульфаты темір хлоридімен реакцияға түсіп, күкіртті темірді түзген 
жағдайда қара түсті колониялар пайда болады. Микроб колонияларының орындарында қара 
нүктелер мен дақтар анық байқалады. Clostridium perfringens сүтте өскен кезде газдың 
әсерінен жоғары көтерілген казеиннің кеуекті қойыртпағы түзіледі.
Биохимиялық қасиеттері. Желатинді баяу сұйылтады. Сүтті тез ұйытады. Глюкоза, 
лактоза, сахароза, мальтоза, галактоза және басқа да қанттарды ашытпайды.
Төзімділігі. Вегетативтік түрдегі микробтар 80°С температурада 30 минуттан соң 
жойылады, ал споралары қайнату кезінде 1-2 сағат бойы сақталады. Фенолдың 3-5%-ды 
ерітіндісінде вегетативтік түрдегі микробтар 15-20 минуттан соң, ал споралары болса 8-10 
сағаттан кейін тіршілігін жояды.


Clostridium perfringens-тің санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні. 
Бұл микроб адамдар мен жануарлардың ішегінде әрдайым кездеседі. Clostridium perfringens 
макроорганизм ішегін оның өмірінің алғашқы күндерінде колонизациялайды да, ересек 
адамдардың барлығында дерлік кездесіп отырады. Сондықтан аталмыш микробты 
қоршаған орта нысандарының нәжіспен ластану көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
Clostridium perfringens адамдар мен жануарлардың организмінен көбінесе вегетативті 
түрде бөлініп, сыртқы ортада спора күйінде сақталады. Зерттеу матералдарынан вегетативті 
түрдегі микробтар мен спораларының санын анықтау арқылы оның нәжіспен қай уақытта 
ластанғандығына болжам жасауға болады.
Clostridium perfringens-тің қоректік орталарда өсуінің жеңілдігі, сүтте өсу ерекшелігі 
(казеиннің кеуекті қойыртпағының түзілуі) және сульфитті редукциялауы сияқты 
қасиеттерінің болуы, оны санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретінде қолдануға 
мүмкіндік береді.
Clostridium perfringens-ті ағынды суларды тазарту тиімділігін бақылауға арналған 
санитарлық-көрсеткіш микроб ретінде пайдалануға болады. Топырақ пен ашық су 
қоймаларына кешенді санитарлық бағалау кезінде Escherichia coli, энтерококкалар және 
бактериофагтармен қатар Clostridium perfringens-ті қоса анықтау, нысанның нәжіспен 
ластану уақытын дәлірек болжауға мүмкіндік береді.
Консерві өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға берілетін су міндетті түрде 
Clostridium perfringens-ке тексерілуі қажет. Мұндай суда клостридиялардың болуы өте 
қауіпті болып саналады. Сондықтан бұл микробтардың судағы саны қатаң түрде бақыланып 
және нормаланып отырады (100 мл суда клостридиялардың бірде-бір данасының болмауы 
тиіс). Кейбір елдерде (Англия, Франция, Югославия) клостридиялар, қосымша көрсеткіш 
ретінде судың сапасын тексеруге арналған стандарттар қатарына енгізілген. «Ауыз суының 
халықаралық стандарты» бойынша сумен қамтамасыз етудің жаңа көздерін таңдау кезінде 
міндетті түрде перфрингенс-титр анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет