Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Proteus туысының бактериялары. Бұл бактериялар туысына: жануарлардан және 
адамдардан жиі бөлінетін Proteus vulgaris, Proteus mirabilis және аз зерттелген, тек қара 
күйе личинкаларынан ғана табылған Proteus myxofaciens түрлері жатады.
Морфологиясы. Proteus туысының бактериялары көлемі 0,5-0,6 х 1,2-3,0 мкм 
болатын, жылжымалы (перитрих), спора мен капсула түзбейтін, грам-теріс полиморфты 
таяқша (37-сурет). Олар факультативті анаэробтарға жатады. 
Өсінділік қасиеттері. Микроб қоректік орталарда жақсы өседі. Протей таяқшалары 
бар материалдан агардың конденсациялық суына себінді жасағаннан кейін бірнеше сағат 
өткен соң микробтардың жайыла өсе бастауы байқалады (ЕПА беткейі жұқа, мөлдір 
қабықшамен бүркеледі) (38-сурет). Плоскирев қоректік ортасында маржан реңді ірі (2-7 мм) 
колонияларды түзеді. Қан қосылған агарда кейбір штамдардың гемолиттік қасиеттерінің 
байқалуы мүмкін. ЕПС біркелкі лайланады және тұнба пайда болады. Патологиялық 
материалдардан протейлерді бөліп алу үшін полимиксин мен өт қышқылының тұздары 
қосылған қоректік орта қолданылады. Бұл қоректік ортада басқа микроорганизмдердің өсуі 
тежеледі. Протейлердің таза өсінділерін бөліп алу үшін конденсацияланған сұйықтығы бар, 
қиғаш қатырылған агарға себінді жасалады. 
Биохимиялық қасиеттері. Proteus туысының бактериялары уреаза мен күкіртсутекті 
түзеді, нитраттарды редукциялайды, желатинді гидролизге ұшыратады, калий цианиді бар 
ортада өседі, қышқыл және газ түзе отыра глюкозаны ашытады, метиленді қызылға оң 
реакция, ал оксидазаға теріс нәтиже көрсетеді, лизинді декарбоксилдемейді және аргининді 
дегидроксилдемейді. 
Фенилаланинді 
дезаминдей 
алуы 
протейлердің 
негізгі 
ерекшеліктерінің бірі болып табылады және фенотиптік белгілері жағынан бұларға 
морганеллалар мен провиденсийлер жақын болып келеді.
Тығыз қоректік орталарда өсу барысында, Proteus туысына жататын бактерия 
штамдарының көпшілігінде «үйірлену» құбылысы байқалып, себінді жасалған орнынан 
тарамдала біркелкі жайылып өседі. Таза өсінділерді бөліп алуды жеңілдету мақсатында 


«үйірлену» феноменін басу үшін құрамында өт қышқылының тұздары, өт, 
хлоралгидраттың 1%-ды ерітіндісі және 4-7% агары бар, жақсы құрғатылған қоректік 
орталар пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет