Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Энтерококкалардың санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні



Pdf көрінісі
бет30/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Энтерококкалардың санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні. 
Энтерококкалар ішек таяқшасы тобының бактериялары ретінде адамдар мен жануарлардың 
ішегін мекендеушілер болып саналады. Бұл микроорганизмдер сыртқы ортаға көп 
мөлшерде бөлініп отырады, сондықтан олардың топырақта, суда және азықтық өнімдерде 
анықталуы нысандардың нәжіспен жаңадан ластанғандығын білдіреді.
Энтерококкалар қоршаған орта нысандарында (тағам өнімдерінен басқаларында) 
көбейе алмайды. Олар ішек таяқшаларымен салыстырғанда, химиялық және физикалық 
әсерлерге, әсіресе, тұздың жоғары концентрациясына, қыздыруға және хлорлы орталарға 
төзімді келеді. Осы аталғандарға байланысты энтерококкаларды ауыз судың хлорлану 
дәрежесін және тұздың концентрациясы жоғары тағамдық өнімдердің сапасын бағалауға 
арналған санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретінде қолдануға ұсынылған. 
Энтерококкометрия тұздалған немесе ысталған ет тағамдарына санитарлық баға беру 
жұмыстарында да пайдаланылады. Энтерококкаларды сүт қышқылды тағамдарды, 
ірімшікті зерттеуде қолдануға болмайды, себебі бұл тағамдардың құрамында олар әрдайым 
кездеседі және онда көбейе алады.
Сульфитредукциялаушы анаэробтар. Bacillaceae тұқымдастығының Clostridium 
туысына жататын патогенді және сапрофитті микроорганизмдердің ішінен Clostridium 
perfringens адамдар мен жануарлар ішегінің тұрақты мекендеушісі болып саналады. Басқа 
анаэробтарға қарағанда ішекте тіршілік ететін, спора түзуші анаэробтар, соның шінде 
Clostridium perfringens редукциялаушы қасиетті (темірсульфитті орталарда өсуі кезінде) 
иеленген, сондықтан оларды сульфитредукциялаушы анаэробтар деп атайды. Бұл 
микроорганизм алты түрлі токсин (A, B, C, D, E, F) түзеді.
Морфологиясы. Clostridium perfringens – қозғалмайтын, спора мен капсула түзетін, 
ірілеу келген (0,8-1,5 х 4,0-8,0 мкм) грам-оң таяқша (34-сурет). Спораны 5-7-ші тәулікте, 
көмірсулары жоқ, протеинді заттарға бай келген сілтілі орталарда түзеді. Споралары 
жасуша ортасында немесе субтерминальды орналасады (35-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет