серологиялық варианттары (08, 09, 0101) капсула түзеді, қозғалмалы келеді (перитрихтер),
кейде қозғалмайтындары да кездеседі.
Өсінділік қасиеттері. Escherichia coli – аэробты немесе факультативті анаэробты
бактериялар. Қолайлы өсіп-өну температурасы 37-38°С, рН 7,0-7,4. ЕПА, ЕПС, Эндо және
Левин орталарында жақсы өседі. ЕПА беткейінде 24 сағаттан соң шеттері тегіс, томпайған,
сұрғылт-ақ түсті (S-пішінді) колонияларды түзеді (28-сурет).
ЕПС біркелкі лайлап, аздаған тұнбаға түсіп өседі. Эндо
ортасында Escherichia coli екі
типті: металл тәрізді жылтыраған қызыл күрең және жиегі қызғылт болып келген ашық-
қызыл түсті, диаметрі 2-3 мм болатын колонияларды түзеді (29-сурет). Левин ортасында
колониялары қою күлгін немесе қара түсті болады (30-сурет).
Биохимиялық қасиеттері. Escherichia coli бактериясының ферментативтік
белсенділігі жоғары болып келеді. Олар қышқыл мен газды түзе
отыра глюкозаны,
лактозаны, маннитті ашытады, ал сахароза мен дульцитті ыдырата алмайды. Адонит пен
инозитті өзгеріске ұшыратпайды. Индолды түзеді, күкіртсутекті (H2S) түзбейді, желатинді
сұйылтпайды. Симмонс ортасында өспейді, метиленді қызылда (ашық-қызғылт түсті
ортада) оң реакция, ал Фогес-Проскауэрде (сары түсті ортада) теріс реакция көрсетеді.
Мочевинаны ыдырата алмайды.
Escherichia туысына жататын бактериялар адамдар мен жануарлардың ішегінде
тұрақты
мекендеуші болып табылады, олардың суда, топырақта немесе тағамдық
өнімдерден анықталуы, аталмыш объектілердің нәжіспен
жаңадан ластанғандығын
білдіреді. Бұл көрсеткіштің санитарлық және эпидемиологиялық маңызы зор болып келеді.
Колиметрия деп қоршаған орта мен тағам өнімдеріндегі ішек таяқшасы тобы
бактерияларының санын есептеуді айтады. Аталмыш нысандардың ішек таяқшасы
тобының бактерияларымен ластану дәрежесін анықтау жұмыстарында коли-титр және
коли-индекс деп аталатын екі микробиологиялық көрсеткіштер қолданылады.
Escherichia
coli бактерияларына оксидазаға теріс нәтиже, ал метилротқа оң нәтиже көрсететін, 44±1°С
температурада лактозаны ашыта алатын қасиеті бар, глюкоза мен сорбитті ферменттейтін,
индол түзетін, ацетон түзе алмайтын және цитратты пайдалана алмайтын, спора түзбейтін
грам-теріс таяқшаларды жатқызады. Сорбит пен
целлобиозаны ашыта алмайтын, бірақ
басқа биохимиялық көрсеткіштері жағынан
Escherichia coli-ге тән реакция көрсететін
бактерияларды
Escherichia coli-дің сорбитке теріс нәтиже
көрсететін штамдарына
жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: