Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Санитарлық – микробиологиялық зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет40/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Санитарлық – микробиологиялық зерттеу әдістері. Заманауи санитарлық 
микробиология қоршаған орта нысандарында санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер 
мен басқа да микроорганизмдерді анықтау және идентификациялау жұмыстарында 
микробиологиялық зертхананың балау әдістерін пайдаланады. 
Қоршаған орта объектілерінің жалпы микробтармен ластану дәрежесі мен 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің саны көбейген сайын ондағы патогендердің 
де болу ықтималдығы да жоғарылай түседі. Осыған байланысты қоршаған орта 
объектілерінің микробтармен жалпы ластану дәрежесі және санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдердің рұқсат етілген деңгейі анықталады.
Микробтармен жалпы ластануының рұқсат етілген деңгейі судың (м.ж/мл), ауаның 
(м.ж/м3) және тағамдық өнімдердің (м.ж/г) санитарлық жағдайларына қарай баға беруде 
қолданылады.
Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тағамдық шикізаттар мен 
тағам өнімдерінің қауіпсіздігін белгілеуде рұқсат етілмейтін микроорганизмдердің болуы 
тиіс емес көлемі (мөлшері) анықталады. Басқа жағдайларда 1 г (мл) өнімдегі колония түзуші 
бірлік (КТБ/г, мл) мөлшерінің нормативі көрсетіледі. 
Әдетте, зерттеуге алынған үлгілердің санитарлық-микробиологиялық сипаттамасын 
анықтау үшін кешенді тесттер бір уақытта қолданылады: жалпы микробтармен ластануын 
анықтау (микробтардың жалпы саны); санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау 
және оларды титрлеу.
Жалпы микробтармен ластануы немесе зерттеу үлгілеріндегі микробтардың саны 1 
мл сұйықтықтағы немесе 1 г қатты заттағы микроорганизмдердің жалпы санымен 
анықталады.


Микробтардың санын анықтау жанама әдіс болып табылады және зерттеуге алынған 
үлгілерде патогенді микроорганизмдердің барын немесе жоқ екендігін болжауға мүмкіндік 
береді. Үлгінің микробтармен ластануын анықтайтын екі әдіс бар. Оның біріншісі 
микробтарды тікелей санау әдісі, ал екіншісі зерттеуге алынған сынамалардың түрлі 
сұйылтымдарын қоректік орталарға себу әдісі.
Бірінші әдіс – Горяев камерасында немесе бактерияларды санауға арналған 
камераларда микроскоп көмегімен жүргізіледі. Гомогенді масса дайындау үшін зерттеуге 
алынған сынамаларды өңдеуден өткізеді. Бактерияларды дұрыстап санау үшін зерттелетін 
суспензияға бояғыш заттарды, әдетте эритрозинді қосады. Микробтарды тікелей санау үшін 
мембраналық сүзгілерді де қолдануға болады. Ол үшін зерттеуге алынған сұйықтықты 
мембраналық сүзгіден өткізіп алады. Тікелей санау әдісін шұғыл жағдайларда, яғни су 
құбырларының апаты немесе тазарту құрылымдарының нәтижелеріне баға беру кезінде
т.б. жағдайларда пайдаланады. Микробтарды тікелей санау әдісі қарапайым және ыңғайлы 
болғанымен, оның біраз кемшіліктері де бар. Айталық, топтасқан бактерияларды зерттеуге 
алынған субстраттардың түйіршіктеріне жабысып қалғандарын, ұсақ микроорганизмдерді 
санауға және өлілерін тірілерінен ажыратуға бұл әдіс мүмкіндік бермейді. 
Қазіргі кезде фотоэлектрлік және электронды есептегіш құралдары орнатылған 
автоматты аспаптар арқылы сынамалардың микробтармен жалпы ластану деңгейін тікелей 
санау мүмкіншілігі туып отыр. 
Екінші әдіс – зерттеуге алынған сынамалардың белгілі бір мөлшерін тығыз қоректік 
орталарға себу әдісі тәжірибеде жиі қолданылады.
Он еселенген сұйылтымдарда дайындалған сұйықтықты немесе суспензияны 1 мл-ден 
стерильді Петри табақшаларына құяды да (ең жоғарғы сұйылтымнан бастайды, әрбір 
сұйылтымға жеке түтікше қолданады), оның үстіне балқытылып, 45-50°С температураға 
дейін салқындатылған ет-пептонды агарын қосады. Суспензияның біркелкі таралуын 
қамтамасыз ету үшін Петри табақшаларын баяу шайқап, тегіс жерде қатырғаннан кейін 
термостатқа қояды. Инкубация уақыты аяқталған соң өскен колониялардың санын, 
зерттеуге алынған сынама сұйылтымының бірлік көлемін есепке ала отыра үлгінің 1 мл-
дегі микробтардың санын анықтайды. Бұл әдіспен тек ет-пептонды агарда өсе алатын 
мезофилді аэробты немесе факультативті-анаэробты бактерияларды анықтауға болады. 
Алайда микробтардың жалпы санының жоғары болуы зерттеу нысандарының санитарлық 
деңгейінің төмен екендігінің дәлелі болып табылады. Дегенмен бұл әдіс шынайы нәтиже 
бермейді: нысандағы микроорганизмдердің сандық көрсеткіші зерттеу нәтижесінен 
айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұлай болуының себебін барлық микробтарға ортақ 
әмбебап қоректік ортаны әзірлеу мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндіруге болады. Сонымен 
қатар, микроорганизмдер ассоциациясына енетін барлық түрлер үшін оңтайлы инкубация 
режимін ұстау мүмкін емес. Түйіршіктелген микробтар өсе алмайды, ал олардан 
колониялар пайда болғанның өзінде оның бір немесе одан да көп жасушалардан пайда 
болғанын анықтау қиынға соғады. Одан қалды зең саңырауқұлақтар мен 
актиномицеттердің колониялары 3-4 тәуліктен кейін пайда болатындықтан есепке 
алынбайды. Қорыта айтқанда, ет-пептонды агарда өсіп шығатын микробтардың саны 
себінді жасауға алған сынаманың құрамындағы микроорганизмдердің нақты санынан 
әлдеқайда төмен болады.
Агар бетіндегі микроорганизмдерді санау кезінде, олардың саны 1 г немесе 1 мл-дегі 
колония түзуші бірлігімен (КТБ/г, мл) көрсетіледі. 
Сонымен, жоғарыда аталған екі әдісте де нысандардың микробтармен жалпы 
ластануын дәлме-дәл анықтау мүмкін емес. Салыстырмалы нәтижелерді алу мақсатында 
зерттеуге алынған үлгілердегі микробтың жалпы санын анықтау тиісті стандарттармен 
регламенттелінген әдістердің көмегімен іске асады. 
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау қоршаған ортаның патогенді 
микробтармен биологиялық контаминациялануының жанама көрсеткіші болып табылады. 
Ондағы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің сандық көрсеткіштерін есепке ала 


отыра, қоршаған ортаның жалпы микробтармен ластану дәрежесін және белгілі бір 
патогеннің болуын болжамдауға мүмкіндік береді.
Микроорганизмдердің сандық көрсеткішіне баға беру үшін титр және индекс деп 
аталатын ұғымдар қолданылады. 
Титр деп бір ғана санитарлық-көрсеткіш микроорганизм жасушасы кездесетін 
материалдың (мл немесе г) ең аз мөлшерін айтады. Мысалы, судағы ішек таяқшасы 
бактериясының титрін анықтау үшін, әртүрлі мөлшердегі су үлгісінен (зерттеу объектісінің 
ластану деңгейіне қарай 10 мл, 1 мл, 0,1 мл, 0,01 мл, т.б. ) құрамына қант қосылған сұйық 
қоректік ортаға себінді жасайды. Ішек таяқшаларының көбеюі ашу процесінің өнімдерінің 
– қышқыл мен газдың пайда болуы арқылы тіркеледі. Олардан тығыз дифференциалдық-
диагностикалық орталарға себінді жасайды да, өскен колонияларын идентификациялау 
арқылы ішек таяқшасы кездесетін сұйықтықтың ең аз көлемін айқындайды. 
Индекс деп зерттеуге алынған материалдың белгілі бір мөлшерінде кездесетін 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизм жасушаларының жалпы санын айтады. Су, сүт және 
басқа да сұйық заттар үшін 1 л, ал топырақ және басқа да тағам өнімдері үшін 1 г алынады. 
Индекстің өлшемі – титрге кері көрсеткіш болғандықтан, титрді индекске және индексті 
титрге қайта есептеу келесі формулалар бойынша жүргізіледі: 
;
1000
индекс
титр
=
титр
индекс
1000
=
Сәйкесінше топырақ пен тағам өнімдері үшін: 
;
1
индекс
титр
=
титр
индекс
1
=
Индексті жиі жағдайда мембраналық сүзгілерді қолдану немесе зерттеуге алынған 
субстраттардың түрлі сұйылтымдарын тығыз қоректік орталарға себінді жасағаннан кейін, 
өскен колонияларды санау арқылы анықтайды.
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді таңдау зерттеуге алынған нысанға және 
нақты бір міндетке байланысты болып келеді. Жиі жағдайда бір мезгілде екі немесе одан да 
көп санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің сандық көрсеткіштері есепке алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет