Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет38/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Ішек бактериофагтарыБактериофагтар – белгілі бір микробқа телімді қасиеті бар, 
көлемі жағынан ұсақ болып келетін (10...350 нм), бактериялардың тоғышар вирустары. 
Фагтар басқа вирустар тәрізді протеиннен және нуклеин қышқылдарынан тұрады.
Фагтар физикалық және химиялық әсерлерге төзімді келеді. Олар 65-70°С 
температурада инактивацияланады, мұздату мен ерітуді жақсы көтереді. 0,5%-ды сулема 
және 1%-ды фенол ерітінділері фагтарға қатты әсер етпейді, формалиннің 1%-ды ерітіндісі 
бірнеше минуттан кейін жояды. Ішек таяқшаларға қарағанда бактериофагтардың белсенді 
хлорға төзімділігі 2-3 есе артық, ал қышқылдарға өте сезімтал.
Фагтардың бірнеше антигендері болады: топтық антиген – барлықтарына ортақ және 
типтік телімді антиген – фагтардың белгілі бір түріне немесе типіне тән болып келеді. 
Бактериофагтардың литикалық әсері өзінің телімділік дәрежесімен сипатталады, әрбір 
фаг бактериялардың белгілі бір түрін ғана лизиске ұшырата алады. Полифагтар – бір туысқа 
жататын бактерияларды (мысалы, ішек фагы тек ішек таяқшасын, тырысқақ фагы – 


тырысқақ вибрионын лизиске ұшыратады), монофагтар – бактерияның бір түрін, типтік фаг 
–бактерия түрінің белгілі бір типін ғана лизиске ұшыратады.
Санитарлық-бактериологиялық диагностикада бактериофагтар топырақ пен судағы 
патогенді микробтарды анықтау үшін кеңінен қолданылады. 
Бактериофагтардың санитарлық-көрсеткіш ретіндегі мәні. Фагтар – вирустар
микробтардың паразиттері. Оларды кез келген жерден анықтауға болады (гомологиялық 
бактериялар қай жерде болса, фагтар сонда болады). Бактериофагтар адамдар мен 
жануарлардың ішегінде, нәжіс және қимен ластанған қоршаған орта объектілерінде 
кездеседі. Ішек фагтары топырақ және судың нәжіспен ластануының көрсеткіші болып 
саналады, яғни аталмыш нысандарда энтеробактериялардың, соның ішінде патогенді 
микроорганизмдердің бар екендігін білдіреді.
Ұзақ уақыт бойы бактериофагтар санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретінде 
қолданылмай келген. Себебі, энтеробактерияларға қарағанда фагтар сыртқы ортада 
ұзағырақ сақталады. Бактериофагтар нәжіспен жаңадан ластанған эпидемиологиялық 
жағынан қауіпті объектілерден де, дәл солай ішекте кездесетін патогенді микробтардың 
жойылғанынан кейін де кездесе беруі мүмкін. Сондықтан фагтарды судың нәжіспен 
ластануын анықтайтын қосымша көрсеткіш ретінде пайдаланады.
Бактериофагтардың санитарлық-көрсеткіш ретіндегі маңыздылығы су су арқылы 
кейбір вирустық инфекциялардың таралу мүмкіндігі анықталған соң жоғарылай түседі. 
Көптеген энтеровирустар мен аденовирустардың қоршаған ортада ұзақ сақталатындығы 
анықталған. Ағын суларды тазарту кезінде бұл вирустардың біразы сақталып қалады. 
Осыған орай, судың патогенді энтеровирустармен ластануын анықтауға арналған 
индикатор ретінде фагтарды қолдану ұсынылған. Себебі, қандай да болмасын санитарлық-
көрсеткіш 
микроорганизмдерге 
қарағанда 
фагтардың 
биологиялық 
қасиеттері 
энтеровирустарға жақын келеді.
Су қоймаларынан ішек бактериофагтарын анықтау, судың нәжіспен ластануын 
сипаттайды, яғни вирустық инфекциялардың таралу қаупінің бар екендігін ескертеді. 
Кейбір елдерде фаг сыналымы суды тексеруге арналған стандартты тесттер қатарына 
енгізілген. Судан бір уақытта фагтар мен Escherichia coli бактериясын анықтау, су 
қоймаларының жаңадан нәжіспен ластанғандығын, эпидемиологиялық жағынан қауіп төніп 
тұрғандығын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет